Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Фирма теориясы. 4 page





А) 6 теңгеге. В) 7 теңгеге. С) 33 теңгеге. D) 27 теңгеге. Е) -6 теңгеге.

6. Өндірілген өнім көлеміне тәуелді емес шығындар - бұл:

А) Тұрақты шығындар.

В) Өзгермелі шығындар.

С) Тәуелсіз шығындар.

D) Сыртқы шығындар.

Е) Ішкі шығындар.

7. Шекті шығындар қай формуламен анықталады?

А) MC=∆TC/∆Q.

В) MC=∆Q/TC.

С) MC=TC-FC.

D) MC=TC-Q.

Е) MC=TC/Q.

8. Өндіріс шығындарын минималдау:

А) Пайда алудың және оны арттырудың алғышарты.

В) Пайдамен байланысты емес.

С) Бухгалтерлік пайданы қалыптастырады, экономикалық
пайданы азайтады.

D) Пайданы төмендетеді.

Е) Экономикалық пайданы қалыптастырады, бухгалтерлік
пайданы азайтады.

9. Орташа жалпы шығындар дегеніміз өнімнің бір данасын өндіруге жұмсалатын:

А) Тұрақты және өзгермелі шығындар.

В) Тұрақты шығындар.

С) Өзгермелі шығындар.

D) Шекті шығындар.

Е) Орташа өзгермелі шығындар.

10. Фирманың түсімі қалай анықталады?

А) TR=P*Q. В) TR=P+Q. С) TR=Q - P. D) TR=P/ Q. Е) TR=∆Q/P.

Өндіріс факторларының нарықтары және факторлық табыстар

Мақсаты: өндіріс факторлары нарықтарын жеке-жеке қарастыра отырып, әр ресурсқа тағайындалатын бағалардың, яғни жалақы, пайыз және рента ерекшеліктерін кеңінен талқылау.

 

Талқылау сұрақтары:

9.1 Өндіріс факторларына деген сұраныс пен ұсыныс, оның ерекшеліктері

9.2 Еңбек нарығы және жалақы

9.3 Капитал нарығы және пайыз

9.4 Жер нарығы және рента

 

Негізгі ұғымдар: өндіріс факторларының нарықтары, туынды сұраныс, факторлық табыстар, еңбек нарығы, еңбекке деген сұраныс, еңбек ұсынысы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік, жалақы, мерзімді жалақы, кесімді жалақы, капитал, негізгі капитал, айналмалы капитал, адам капиталы, тозу, капитал нарығындағы тепе-теңдік, пайыз, атаулы пайыз мөлшерлемесі, нақты пайыз мөлшерлемесі, жер, жер нарығы, рента, абсолютті рента, ерекшеленген рента, жердің бағасы, т.б.

 

9.1 Өндіріс факторларына деген сұраныс пен ұсыныс, оның ерекшеліктері

Экономикалық ресурстар өзінің қызметін өндірістік үдеріс барысында іріленген түрінде негізгі өндіріс факторлары ретінде атқарады. Оларға еңбек, капитал, жер және басқа да факторлар жатады. Экономикалық қызметті бастайтын және пайда табу мақсатында саналы іс-әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімнің түрін өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті өндіріс факторларына сұраныс білдіреді. Бұл жерде өндіріс факторларының нарығы қалыптасады. Кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер осы нарықтардың негізгі сатып алушылары болып табылады, ал үй шаруашылықтары өндіріс факторларының иелері ретінде сатушылар қызметін атқарады. Әр өндіріс факторына сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, ортақ тепе-теңдік баға тағайындалып отырады. Әр өндірістік ресурс өзінің иесіне факторлық табыс алып келе алатындай қасиетке ие болуы тиіс. Мәселен, еңбектің иесі өзіне жалақы алады, капиталды сатушы өзіне пайызды алады, ал жердің иесі рентаға ие болады.

Өндіріс факторлары нарықтарының кәдімгі тауарлар мен қызметтер нарығынан басты айыршылығы – фирмалар мен тұтынушылар рөлдерінің ауысуында болып табылады: фирмалар ресурстар нарығында сатып алушылар, ал тұтынушылар сатушылар ретінде жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, фирмалар ресурстарға сұраныс білдіреді және тұтынушылар ресурстардың ұсынысын жасайды.

Өндіріс факторларының нарықтары – бұл сұраныс пен ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс туынды сұраныс деп аталады, яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе, онда соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады. Ал, өндіріс факторларының ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті, капиталды және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен сата алуға деген дайындықтары. Ұсынысты жасайтын экономикалық субъектілер тұтынушылар, қарапайым адамдар, жалдамалы жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі мүмкін.

Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды қалыптастырады. Факторлық табыстар – бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері. Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін – пайыз, жер факторының иегерлері үшін – рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі үшін – пайда факторлық табыс болып табылады.

Негізінен, үш факторлы нарық қарастырылады. Енді осылардың әрқайсысына тоқталайық.

9.2 Еңбек нарығы және жалақы

Еңбек нарығы – жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық ресурсты сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы. Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі. Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде, қалыпты экономикалық жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы еңбек иесі –жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді.

Еңбек нарығын талдау еңбеккке сұраныс пен еңбек ұсынысын қарастырумен байланысты. Еңбек нарығындағы сұраныстың субъектілері болып бизнес өкілдері және мемлекет табылады. Ал еңбек ұсынысының субъектілері болып үй шаруашылықтары табылады.

Еңбекке деген сұраныс – бұл бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың немесе мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын сипаттайтын қажеттіліктері.

Еңбекке деген сұранысқа бірнеше факторлар әсер етеді:

1. Дайын игіліктерге деген сұраныс көлемі.

2. Жалақы деңгейі.

3. Еңбектің басқа факторлармен өзара алмастырыла алу дәрежесі.

4. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы.

5. Елде қалыптастып отырған экономикалық жағдайлар.

6. Жұмыс берушілердің монопсониялық әрекеттері.

Еңбекке сұраныс көлемі (L) оның бағасы – жалақы деңгейіне (w) тәуелді және оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады.

 

w


DL

 
 


L

Сурет 9.1 Еңбекке деген сұраныс қисығы

Осы суретке сәйкес, абсцисса осінде – қажетті еңбек қызметінің шамасы (L) және ордината осінде – жалақы мөлшерлемесі (w). DL қисығының бойындағы кез-келген нүкте жалақының белгілі бір деңгейінде еңбекке сұраныс шамасының қандай екендігін көрсетеді. Жалақы мөлшерлемесі өскенде кәсіпкер еңбекке сұраныс көлемін қысқартады және керісінше, жалақының төменгі деңгейінде ол жұмыскерлерді көбірек жалдауға ынталы болады.

Еңбек ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы жұмысшылардың жалақының белгілі деңгейіне өздерінің еңбек қызметтерін нарықта сата алуға дайындықтары.

Еңбек ұсынысына да бірнеше факторлар әсер етеді:

1. Елдегі демографиялық жағдайлар.

2. Жұмыскерлердің жасы, жынысы және басқа да құрамы.

3. Жұмыс күнінің орташа ұзақтылығы.

4. Миграциялық үдерістер.

5. Жұмыскерлердің кәсіби біліктілік деңгейі.

6. Кәсіподақтар қозғалысы.

7. Жалақыдан басқа табыс табудың басқа да мүмкіндіктері.

8. Жұмыс орнын таңдаудағы еңбек жағдайының қолайлылығы.

Еңбектің ұсыныс функциясы сұраныспен салыстырғанда ерекше жағдайда қарастырылады. Еңбек ұсынының көлемі де жалақы деңгейіне тәуелді және оның ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады.

 

w

SL

 
 


L

Сурет 9.2 Еңбектің ұсыныс қисығы

Еңбек нарығында сатушылар жалақы жоғарылағанда еңбектің ұсынысын арттырады, ал жалақының төменгі деңгейінде еңбекті қысқартуға мәжбүр болады. Алайда, жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек ұсынысында ерекше жағдай қызық қалыптасады. Бұл жерде жеке индивидтің еңбек ұсынының қисығы кәдімгідей болмайды, бастапқыда, жалақы өскенде ұсыныс ұлғаяды, енді жалақы одан әрі ұлғайғанда ұсыныс кемиді. Неге? Өйткені, еңбектің жеке ұсынысы алмастыру әсері және табыс әсері сияқты екі құбылыспен арқылы түсіндіріледі. Нақты жұмыскер жалақының белгілі бір деңгейінде өзінің жұмыс уақытын орындайды, әріқарай жалақы артқанда ол еңбек ұсынысын арттыра алмайды, яғни ол өзінің бос уақытын бағалай бастайды, демек адам бір тәулік бойы тоқтамай жұмыс істей алмайды деген сөз. Осыны төмендегі суреттен көре аламыз.

 
 


w SL

wI I

 
 


LI L

Сурет 9.3 Еңбектің жеке ұсыныс қисығы

 

Осы суретке сәйкес, жалақы өскенде ұсыныс көлемі І нүктесіне дейін ұлғаяды, бірақ қисық І нүктесінен өткеннен кейін жалақы одан әрі артқанда теріс көлбеулі сипатқа ие болып өз бағытын өзгертеді. Басты себебі, жалақы артқанда адам өзінің бос уақытын оны қосымша жұмыс уақытына алмастыру арқылы құрбан етеді, яғни І нүктесіне дейін алмастыру әсері орын алады. Әріқарай, адамның жалақының wI деңгейінде өзінің материалдық жағдайы жоғары деңгейіне жеткенде жалақының одан сайын өсуі оны қызықтырмайды және ол бос уақытты бағалайды, яғни алмастыру әсерін табыс әсері басады және ол І нүктесінен кейінгі жағдаймен сипатталады. Сөйтіп, біз жалақының өсуінің басқапқыда еңбек ұсынысының артуына, содан кейін төмендеуіне алып келетіндігіне осылайша көз жеткізе аламыз.

Енді, еңбектің сұраныс және ұсыныс қисықтарын біріктірсек, онда біз еңбек нарығындағы жағдайды және ондағы тепе-теңдікті талдай аламыз. Төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай, еңбекке сұраныс қисығы мен еңбек ұсынысының қисығы Е нүктесінде қиылысады. Осы нүктеге тепе-теңдік жалақының (wE) және еңбектің тепе-теңдік көлемі (LE) сәйкес келеді, яғни еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болады. Тепе-теңдік Е нүктесі экономиканың толық жұмысбастылық жағдайында тұрғандығын көрсетеді. Мұндай жағдайда барлық кәсіпкерлер жалақының осындай деңгейінде еңбектің қажетті шамасын сатып алуға келіседі және олардың еңбекке деген сұраныстары толығымен қанағаттандырылады. Жұмыскерлер де осындай жалақыға өз қызметтерін ұсынуға келісіп, барлығы дерлік жұмыспен толығымен қамтылған жағдайда болады.

 

w

SL

E

wE

DL

 
 


LE L

Сурет 9.4 Еңбек нарығындағы тепе-теңдік

 

Қазіргі экономикалық теорияда еңбектің бағасы болып жалақы табылады. Жалақы тар және кең мағынада қарастырылады. Тар мағынада, жалақы – бұл өндірісте қолданылған еңбек бірлігінің бағасы. Ал кең мағынада, жалақы деп әртүрлі мамандық иелері болып табылатын жұмыскерлердің жалпы еңбекақысы, сонымен қоса, сыйақылар және басқа да ынталандырушылық ақылар айтылады.

Жалақының екі түрі ажыратылады:

1) Атаулы жалақы – бұл жұмыскерлердің белгілі бір уақыт аралығында өздерінің істеген еңбегі үшін алатын ақша сомасының жиынтығы.

2) Нақты жалақы – бұл жұмыскерлердің өзі үшін және отбасын қамтамасыз етуі үшін алған жалақысына сатып ала алатын тауарлар мен қызметтерінің жиынтығы, басқаша айтсақ, нақты жалақы атаулы жалақының сатып алушылық қабілеті. Нақты жалақы екі факторға тәуелді: а) атаулы жалақыға; ә) тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне.

Тәжірибе жүзінде жалақының әртүрлі нысандары кездеседі. Соның негізгі екеуіне тоқталуға болады:

1) Мерзімдік жалақы – бұл жалақының еңбектің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленуі. Мерзімдік жалақы әдетте, жай мерзімді және мерзімді сыйақылы болып тағайындалуы мүмкін.

2) Келісімді жалақы – бұл жалақының жұмыскердің қажетті сапада өндірген өнімінің санына байланысты төленуі. Жалақының бұл түрі мынадай жүйелерде белгіленуі мүмкін: аккордтық, келісімді сыйақылы, тікелей келісімді және келісімді үдемелі жалақылар.

Сонымен, жалақы қазіргі уақытта үй шаруашылықтары табыстарының басым бөлігін құрайды және табыс табудың осындай негізгі көзі адамдардың тұтыну тауарларына деген сұраныстарының көлеміне және олардың бағаларына айтарлықтай әсер етіп отырады.

9.3 Капитал нарығы және пайыз

Капитал теориясы экономикалық теорияда аса күрделі сұрақтардың бірі ретінде саналады. Басты мәселесі – бұл жекелеген индивидтердің, фирмалардың және басқа да тұлғалардың капиталға қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың уақытаралық таңдау жасай алуының қарастырылуы, яғни бұл жерде ақшалай капиталды бүгінгі және болашақ кезеңдер аралығында қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз етіледі.

Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып табылады. Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады:

Капитал – бұл негізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құрал-жабдықтары түріндегі физикалық капитал.

Капитал – бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез-келген құндылық.

Капитал – бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы қорлар.

Экономикалық теорияда ақшалай және өндірістік нысандағы капиталдың түрлеріне сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Капитал нарығында ұсынысты калыптастыратын үй шаруашылықтарын жинақтаушылар деп атаса, фирма тарапынан сұраныс білдірушілерді инвесторлар дейді. Капиталға деген сұраныс – бұл инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бизнес өкілдерінің ақша-қаражаттарын және өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға деген қажеттіліктері. Капитал ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының өз қолындағы бос ақша-қаражаттарын және ақшалай салымдарын бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға беруі. Әдетте, капиталға сұраныс пен ұсыныс қатынастары банк қызметтері арқылы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтары өз қаражаттарын банкке белгілі пайыз түрінде табыс алу үшін жинақтайды, ал фирмалар осы жиналған қаражаттарды банктен несиелік қарыз құралдар түрінде сатып алып өздерінің инвестициялық жобаларын іске асырады.

Капиталға деген сұранысты мынадай факторлар анықтайды:

1. Инвестициялық табысты максималдау.

2. Нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі.

3. Салық салу деңгейі.

4. Технологиялық өзгерістер.

5. Экономикалық саясат шаралары.

6. Болашақты күту.

7. Кәсіпкердің оптимистік және пессимистік мінез-құлық жағдайлары.

Капиталдың ұсынысын мынадай факторлар анықтайды:

1. Кәрілікті қамтамасыз ету.

2. Күтпеген жағдайлардан сақтану.

3. Болашақ сұраныстарды қанағаттандыру.

4. Ұрпақ өсіруді болашақта қамтамасыз ету.

5. Салық салу деңгейі.

6. Бағалар деңгейі.

7. Болашақты күту.

Капиталдың бағасын пайыз деп атайды. Ақшалай капиталға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырғанда оның бағасы несиелік пайыз пайда болады. Несие пайызы – бұл белгілі бір уақыт аралығында капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төлейтін бағасы.

Нарықтық қатынастардың қалыпты жағдайында несие пайызы мөлшерлемесі (r) төмендегенде капиталға сұраныс көлемі (K) артады және керісінше, несиелік пайыз жоғарылағанда фирмалар қарыз алуды қысқартады. Олай болса, капиталға сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады (сурет 9.5a). Үй шаруашылықтары банктің салым бойынша пайыз мөлшерлемесі жоғары болғанда капитал ұсынысын арттырады және керісінше, салым бойынша пайыз төмен болған жағдайда олар банкке ақша салуды төмендетеді. Демек, капиталдың ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып келеді (сурет 9.5ә).

 

r а) r ә)

SK

DK

       
   
 
 


K K

Сурет 9.5 Капиталға сұраныс пен ұсыныс қисықтары

 

Капиталға сұраныс пен капиталдың ұсыныс қисықтарының қиылысуы кезінде капитал нарығында тепе-теңдік орнайды. Осы жерде экономикалық субъектілер капиталдың белгілі бір тепе-теңдік көлемін белгілі бір тепе-теңдік пайыз деңгейінде сатуға және сатып келіседі. Оны төмендегі суреттен көруге болады.

 

r

пайыз SK

E

rE

DK

 
 


DK=SK Қарыз құралдары

Сурет 9.6 Капитал нарығындағы тепе-теңдік

 

Пайыз мөлшерлемесі екіге бөлінеді:

1. Атаулы пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке алмайтын банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыздың шамасы.

2. Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке алатын атаулы пайыз мөлшерлемесінің сатып алушылық қабілеті. Ол атаулы пайыз мөлшерлемесі (i) мен алдағы мүмкін болатын инфляция қарқыны (π) арасындағы айырмашылықты білдіреді:

r = i – π,

мұнда, r – нақты пайыз мөлшерлемесі. Мысалы, инфляцияның жылдық қарқыны 10%-ды құраса, банктің белгілеген атаулы пайыз мөлшерлемесі 15% болса, онда оның нақты деңгейі 5%-ға тең.

9.4 Жер нарығы және рента

Жер нарығын қарастырудың алдында жерді иемдену және жерді пайдалану сияқты негізгі екі ұғымды түсініп алу керек.

Жерді иемдену деп қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның тарихи қалыптасқан жағдайларда белгілі бір жер теліміне деген құқығын анықтауды және соны мойындауды айтады. Жерді иемденуді оның иесі жүзеге асырып оған меншік құқығын қалыптастырады.

Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген заңдық тәртіппен қажетті мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар жүзеге асырады.

Date: 2015-05-09; view: 1072; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию