Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Фирма теориясы. 2 page





Өндірістік тәжірибеде капиталдың қорлануы өндіріске инвести-ция (күрделі қаржы) тартумен жүзеге асырылады. Инвестиция – бұл кәсіпкердің ұзақ мерзімді кезеңде пайда табу мақсатында негізгі капиталға, жаңа құрылысқа, құрал-жабдықтарға, кәсіпорынның өндірістік ауқымын ұлғайтуға, өндірісті техникалық қайта жабдық-тауға, тұрғын үйге күрделі қаржы құюы.

Инвестицияның қайнар көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайдалары, ірі банктердің еркін ақша қорлары, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры жатады. Ал инвестиция салудың артықшылықтарына жұмыссыздықтың жойылуын, ұлттық табыстың ұлғаюын, өндіріске қосымша жұмыс күшін тартуды жатқызады. Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін өндіріске салынған күрделі қаржыны күтілетін нәтижемен салыстыру қажет.

 

7.4 Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы

Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы. Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің (ҚРСА) мәліметтері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2011 жылы 22%-ға жетті. Бұл төмен көрсеткіш болып табылады. Сондықтанда мемлекет 2020 жылға ШОК-ң ЖІӨ-гі үлесін 10%-ға дейін арттыру міндетін айқындап отыр. Дамыған елдермен салыстырғанда (мәселен, Германияда – 57%, Ұлыбританияда – 52%, АҚШ-та – 52%, Францияда – 50%) отандық ШОК-ң ЖІӨ-гі үлесінің тым төмен болуы сол үлестің үлкен бөлігін ірі бизнестің жасайтындығымен (мұнай-газ және тау-кен секторларында қамтылған 7% ірі бизнес ЖІӨ-нің 75%-дан астамын өндіреді) түсіндіріледі. Бұл жағдай отандық бизнес құрылымының көп бөлігінің шикізат салаларында шоғырланғандығын айғақтайды.

ҚРСА деректеріне сүйенсек, 2012 жылдың 1-сәуіріне сәйкес тіркелген ШОК субъектілерінің саны 1 373 414 бірлікті құрады, соның ішінде, шағын бизнестің кәсіпорындары – 220 549 (16%), жеке кәсіпкерлер – 954 506 (69,5%) және шаруа (фермерлік) қожалықтары – 198 359 (14,5%) болды.

Республика бойынша 2012 жылдың 1-сәуіріне сәйкес, ШОК-те жұмыспен қамтылғандардың саны 2 664 306 адамды құрады, соның ішінде, шағын бизнестің заңды тұлғалары 738 894 адам, орта бизнестің заңды тұлғалары 657 927 адам, жеке кәсіпкерлер 877 448 адам, шаруа қожалықтары 390 037 адам болды. Ал экономикалық белсенді халықтан (8 774 638 адам) ШОК-те қамтылғандардың үлесі 30,4%-ды құрады. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында ШОК субъектілерінің шығарған өнім көлемі 1 374 932 млн. теңгеге жетті.

Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері. Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісінде елдің бизнес-ахуалы 2008 жылы 64 орынды, 2009 жылы 63 орынды, 2010 жылы 58 орынды, 2011 жылы 47 орынды иеленді. Бұдан басқа, Қазақстан 2010 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар жасауда ең жақсы нәтижелерге жету бойынша 10 елдің ішінен 1-орынға шықты.

Doing Business рейтингісінде 2011 жылы бизнесті ашу, меншікті тіркеу, инвесторларды қорғау, салық салу, келісімдерді орындау және кәсіпорындарды жою сияқты маңызды салалар бойынша Қазақстан алдыңғы 50 елдің қатарынан табылды.

ШОК субъектілерін қаржылық қолдау шаралары. Кәсіпкер-лікті дамыту комитеті «Даму» Қорымен бірге «Бизнестің жол картасы – 2020» Мемлекеттік Бағдарламасын (әріқарай – Бағдарлама) жүзеге асырып жатыр. Бағдарламаның мақсаты болып шикізаттық емес секторларда аймақтық кәсіпкерлікті тұрақты және теңгерімді дамыту, сонымен қатар, іс жүзіндегі жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашу табылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жалпы сомасы 350 456,9 млн. теңгеге 1 112 жоба субсидияландырылды. Жобалардың басым бөлігі мына салаларда орын алды, яғни агроөнеркәсіптік кешен – 265 жоба, көлік пен қоймалау – 223 жоба, жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз өндірісі – 160 жоба.

2012 жылдан бастап Бағдарламаға төмендегідей қаржы құралдары енгізілді:

1. Несиелендіруді кепілдендірудің жаңа жүйесі, бұл кәсіпкерлердің несие ресурстарына деген қол жетімділігін жақсарту мақсатында әзірленді.

2. Жаңашылдығымен ерекшеленген жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асырушы өз ісін енді бастаушы кәсіпкерлерді қолдау.

«Жұмыспен қамту – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы шеңбе-рінде шағын несиелерді беру және оқыту бағдарламаларын жүргізу арқылы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету шаралары да жүзеге асырылады. Бұл Бағдарламаға қатысушыларға 2011 жылы микрокредиттік ұйымдар арқылы 3 569 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді. Жалпы алғанда, Бағдарламаның 1 435 қатысушысы несие ресурстарымен қамтамасыз етілді. Шағын несиенің орташа көлемі 1 862 мың теңгені құрады.

ШОК субъектілерін қаржылық емес қолдау шаралары. Қазіргі уақытта, «Бизнестің жол картасы - 2020» Мемлекеттік Бағдарламасы «Кәсіпкерліктің әлеуетін күшейту» деген бағытын жүзеге асырып жатыр. Бұл бағыт шеңберінде ШОК-ті мемлекеттік қолдау өз ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлерді қолдаудан (старт-ап жобалар), іс жүзіндегі бизнесті сервистік қолдаудан, ШОК-ті топ-менеджментке үйретуден, «Іскерлік байланыстар» жобасын жүзеге асырудан тұрады.

Әдебиеттер тізімі

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672.

8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Фирма мен кәсіпорынның арасында қандай айырмашылық бар?

2. Фирманың теориялық бағыттары қандай?

3. Кәсіпкерлік пен бизнестің арасында қандай айырмашылық бар?

4. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың құқықтық түрлері қандай?

5. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың экономикалық түрлері қандай?

6. Кәсіпкерлік капиталдың түрлері қандай?

7. Капитал айналымының сатылары қандай?

8. Тозудың қандай түрлері бар?

9. Инвестициялардың түрлері қандай?

10. Кәсіпкерліктің Қазақстандағы даму бағыттары қандай?

Студенттің өзіндік жұмыстары

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Франчайзинг және венчурлік бизнес.

2) Кәсіпкерлік тәуекел және оның түрлері.

 

4. Тест тапсырмалары:

1. Фирманың толық анықтамасы:

А) Фирма – бұл нарыққа бір немесе бірнеше тауарлар мен қызметтер ұсыну арқылы оның меншік иелеріне пайда әкелу мақсатында мекеменің біртұтас басқаруындағы ұйым.

В) Фирма – бұл қызметінің барлық жақтарын қамтамасыз ететін келісімдерді жасау үшін барлық құқықтарға ие болатын ұжымдық сипаттағы шаруашылық бірлік.

С) Фирма – бұл тауарлар мен қызметтерді ары қарай сату мақсатында оны өндіру бойынша өндірістік процестерді жүзеге асыратын ұйымдық экономикалық қызмет.

D) Фирма – бұл нарыққа жаңа тауар шығарумен айналысатын ұйым.

Е) Фирма – бұл кешенді маркетинг арқылы нарықта тауарлар мен қызметтерді өткізумен айналысатын ұйым.

2. Бизнесті ұйымдастырудың негізгі формаларын көрсетіңіз:

A) Нарық, өндіріс. B) Фабрика, зауыт, кәсіпорын.

C) Жеке иемдену, серіктестік, корпорация. D) Бәсекелестік, биржа.

E) Монополия және монопсония.

3. Пайда табу мақсатында өзінің жауапкершілігіне және тәуекелділігіне жұмыс істейтін нарық қатынастарының өзіндік субъектісі деп кімді айтады?

А) Кредиторды. В) Делдалшыны. С) Менеджерді.

D) Кәсіпкерді. Е) Жалданған жұмысшыны.

4. Мыналардың қайсысы негізгі капиталдың құрамына кіреді?

А) Машиналар мен құрал-жабдықтар. В) Дайын өнім. С) Жалақы.

D) Жанар-жағар май. Е) Шикізаттар мен материалдар.

5. Негізгі капиталдың моральдік тозуы немен анықталады?

А) Машиналар мен жабдықтардың қолданылу ұзақтылығымен.

В) ҒТП-нің жоғарғы қарқынымен.

С) Атмосфералық жағдайлардың әсер етуімен.

D) Өндірістік технологияның ерекшеліктерімен.

Е) Материалдардың өзінде орын алатын ішкі процесстермен.

6. Қандай капиталға негізгі және айнымалы болып бөліну қасиеті тән?

А) Ақшалай. В) Тауарлық. С) Өндірістік. D) Өндірістік емес.

Е) Тұрақты.

7. Кәсіпкерліктің табысты түрде жүзеге асырылуына әсер ететін факторлар:

А) Мемлекеттік заңдылықтарды сақтау.

В) Кәсіпкердің жауапкершілігі мен белсенділігі.

С) Қажетті бастапқы капиталдың болуы.

D) Кәсіпкердің тәуекелге бара алу қабілеті мен мүмкіндігі.

Е) Осы аталған факторлардың барлығы әсер етеді.

8. Акционерлік қоғамның бас органы не деп аталады?

А) Директорлар кеңесi.

В) Өкiлеттiлер жиналысы.

С) Акционерлердiң жалпы жиналысы.

D) Айрықша акция ұстаушылардың жиналысы.

Е) Қарапайым акция ұстаушылардың кеңесi.

9. Фирма қызметінің негізгі элементтеріне не жатпайды?

А) Басқарушылық қызметі. В) Маркетингтік қызметі.

С) Сыртқы әсерлерді реттеу әрекеттері. D) Бағаларды реттеу.

Е) Пайда табу.

10. Р. Кантильон экономикалық ғылымға қандай жаңалық енгізген?

А) «Экономикалық игіліктер» терминін алғаш қолданған.

В) «Кәсіпкерлік» терминін алғаш ұсынған.

С) «Бизнес» деген ұғымды енгізген.

D) Оның экономикалық ғылымға ешкандай қатысы болмаған.

Е) Кәсіпкерліктің түрлерін дамытқан.

11. Ең кең тараған кәсіпкерліктің түрі қандай?

А) Жеке кәсіпкерлік. В) Корпорациялар. С) Синдикаттар. D) Картель.

Е) Консорциум.

12. Ескірген құралдарды аудару – бұл:

А) Таза инвестиция. В) Шетелдік таза инвестиция. С) Амортизация.

D) Қолдануға болмайтын қорлар. Е) Тұтынушыларды қанағаттандыру заттары.

13. Мыналардың қайсысы айнымалы капиталдың құрамына кіреді?

А) Материал, шикізат. В) Энергия және ұсақ саймандар. С) Жалақы. D) Қоспа заттар. Е) Аталғандардың барлығы жатады.

14. Негізгі капитал дегеніміз - бұл:

А) Тозу өлшемі бойынша өндірілген өнімге өзінің құнын бөлшектеп көшіретін өндіріс процесінде толық қатысатын өндіріс капиталының бөлігі.

В) Өндіріс процесінде құны өзгермейтін капитал.

С) Дайын тауарға құнын көшіретін және берілген өндіріс циклінде толық тұтынылатын капитал.

D) Табиғи нысаны толық өзгеретін капитал.

Е) Өндіріс процесінде пайдаланылмайтын капитал.

15. Қазақстанда шағын бизнесті дамыту үшін не қажет?

А) Жеңілдетілген несиелер. В) Жеңілдетілген салық салу.

С) Құқықтық жағынан қорғалуы. D) Қолдау ұйымдарын қалыптастыру. Е) Аталғандардың барлығы дұрыс.

16. Заңдылыққа сәйкес кәсіпкерліктің қандай түрі мемлекеттік тіркеуді қажет етпейді?

А) Жеке шаруашылық. В) Жеке кәсіпкерлік.

С) Шаруашылық серіктестік. D) Ашық акционерлік қоғам. Е) Жабық акционерлік қоғам.

17. Кәсіпкерлік терминін алғаш рет экономикалық ғылымға кім енгізді?

А) А. Пезенти. В) Р. Кантильон. С) Й. Шумпетер. D) Ксенофонт.

Е) К. Маркс.

18. Венчурлік фирмалар – бұл қандай фирмалар?

А) Мемлекет қарамағындағы білім саласындағы кәсіпорындар.

В) Капиталды қолдану негізінде жаңа өнім өндірумен айналысатын мекемелер.

С) Тәуекелге баратын, жаңа технологияны пайдалануға маманданған коммерциялық ғылыми ұйымдар.

D) Фьючерстік келісімдермен жұмыс істейтін фирмалар.

Е) Монополоистік бірлестіктерге кірмеген фирмалар.

19. Мыналардың қайсысы негізгі капиталға жатады:

А) Ғимараттар мен құрылыстар. В) Шикізат. С) Еңбекақы.

D) Бағалы қағаздар. Е) Дайын өнім.

20. Бизнесті қоршаған ортаның негізгі элементтеріне жататындар:

А) Тұтынушылар мен бәсекелестер.

В) Бұқаралық ақпарат құралдары.

С) Қоғамдар мен тұтынушылық ассоциациялар.

D) Жергілікті басқару органдары.

Е) Технологиялық даму жетістіктері.

21. Айналмалы капитал дегеніміз - бұл:

А) дайын тауарға өзінің құнын бірден көшіретін және берілген өндіріс циклінде толық тұтынылатын капитал.

В) өндіріс процесінде құны өзгермейтін капитал.

С) өндірілген өнімге өзінің құнын біртіндеп беретін өндіріс капиталының бөлігі.

D) табиғи формасы толық өзгермейтін капиталдың бір бөлігі.

Е) өндіріс процесінде жиі қолданылмайтын капитал.

22. Ірі бизнестің кемшілігі қандай?

А) Капиталды тартудың шексіз мүмкіндігі.

В) Өндіріс ауқымының тиімділігі.

С) Қаржыландырудың жұмылдырылуы.

D) Басқарудағы бюрократиялық әрекеттердің орын алуы.

Е) Арзан өнімдерді өндіру.

23. Шешім қабылдау жауапкершілігі кімге артылады?

А) Кәсіпкерге. В) Бухгалтерге. С) Мемлекетке.

D) Салық инспекциясына. Е) Қоғамдық ұйымдарға.

24. Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл:

А) Меншік дегенді білдіреді.

В) Тәуекелділікпен байланысты іс-әрекеттер.

С) Өндіріс факторларын өзара жұмылдыратын, жаңашылдық пен тәуекелділікті қажет ететін қызмет түрі.

D) Болжамсыз қызмет.

Е) Кез-келген бизнестің түрі.

25. Серіктестіктер қалай құрылады?

А) Өндірістің көлемін бір кәсіпорынның шеңберінде шоғырландыру арқылы.

В) Кәсіпорынның иемдену және басқару шешімдері туралы екі немесе одан да көп адамдар өзара келіскенде.

С) Бағалы қағаздарды шығарумен байланысты фирмалардың бірігуі жолымен.

D) Қаржылық қызметтерін ортақтастыру арқылы.

Е) Жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы тұрақты байланыстар орнату арқылы.

26. Төмендегі қайсысы капитал формуласы болып табылады?

A) Т-А-Т. B) А-Т-А*. C) А-А. D) Т-Т. E) А-Т.

27. Тәуекелге барып жаңа технологияны пайдалануға маманданған ғылыми-зерттеу ұйымдары – бұл:

А) Франчайзингтік шағын фирмалар. В) Венчурлік фирмалар.

С) Новаторлар. D) Инновациялық кәсіпорындар. Е) Консалгтингтік фирмалар.

28. Мыналардың қайсысы негізгі капиталға жатады:

А) бағалы қағаздар. В) еңбекақы. С) шикізаттар. D) станоктар.

Е) аралық өнімдер.

29. Негізгі капиталдың тозуына байланысты бөлінетін қаржылық қор:

А) Таза инвестиция.

В) Амортизациялық қор.

С) Тұтынушы тауарларды сатып алу үшін қолдануға болатын қорлар. D) Жеке тұтынуды қанағаттандыру үшін арналған қаржы.

Е) Жалпы инвестиция.

30. Мыналардың ішінен қайсысын шағын бизнеске тән артықшылық деп санауға болмайды?

А) Әрекеттерінің еркіндігі. В) Тәуекелдің жоғарғы деңгейі.

С) Нарықтағы өзгерістерге тез бейімделе білу. D) Құрылудың және ұйымдасудың жеңіл болуы. Е) Өндіріс шығындарының төмен болуы.

Фирманың өндіріс шығындары мен табыстары

Мақсаты: фирма шығындарының және табыстарының түрлерін қарастыру, пайданың түрлерін атау, өндіріс шығындарын азайту және пайданы арттыру ережелерін түсіндіру.

 

Талқылау сұрақтары:

8.1 Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығындар

8.2 Шығындардың түрлері. Фирманың шығындарын барынша азайту мәселесі

8.3 Фирманың табыстары және оның түрлері

8.4 Пайда туралы теориялық көзқарастар. Фирманың пайдасын барынша арттыру мәселесі

 

Негізгі ұғымдар: шығындар, айқын шығындар, айқын емес шығындар, тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар, жалпы шығындар, орташа шығындар, шекті шығындар, трансакциондық шығындар, табыс, жалпы табыс, орташа табыс, шекті табыс, пайда, экономикалық пайда, бухгалтерлік пайда, қалыпты пайда, т.б.

 

8.1 Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығындар

 

Шығындар және өндіріс шығындары ұғымы экономикалық теория ұғымдарының ішінде ерекше, аса маңызды рөлді ойнайды, өйткені олар бәсекелестік ортада фирма қызметінің тағдырына, оның көлеміне, болашақ дамуына, және соңында табысы мен пайда мөлшеріне тікелей әсер етеді

Шығындар, ең алдымен өндіріс шығындары туралы теориялық көзқарастар классикалық саяси экономияның негізгі өкілдері А. Смит пен Д. Рикардоның зерттеулерінде кездеседі. Смит абсолютті шығындар тұжырымдамасын, Рикардо салыстырмалы шығындар тұжырымдамасын енгізген. Олар өндіріс шығындарын өнімнің жеке бірлігін жасауға кеткен қоғамдық қажетті еңбектің орташа шамасымен байланыстырады.

Марксизм теориясы өндіріс шығындарын кеңінен зерттеді. Бұл теорияның басты өкілі К. Маркс өзінің «Капитал» атты еңбегінде өндіріс шығындарын жан-жақты талдады. Ол тауардың жасалуын және оған жұмсалған шығындарды өндіріс құрал-жабдықтарымен және жұмыс күшімен байланыстырды. Тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын нақты шығындар деп атайды.

Маржинализм теориясы өндіріс шығындарын тауардың ерекше қасиеті болып табылатын пайдалылық ұғымы тұрғысынан зерттейді. Пайдалылық, соның ішінде, тауардың жалпы пайдалылығы және шекті пайдалылығы психологиялық құбылыс ретінде өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соңғы соманың шамасы болып табылады. Маржиналистер экономикалық ғылымға шекті шығындар тұжырымдамасын енгізген, ол туралы біз әлі айтатын боламыз.

Институционализм бағытының өкілдері шығындар теориясын әріқарай дамыта түсті. Олар өндіріс шығындарынан басқа жеке шығындардың, қоғамдық шығындардың, абсолюттік шығындардың, қаржылық шығындардың, сонымен қатар, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шығындардың бар екендігін бөліп көрсетті.

Неоклассикалық теория өндіріс факторларына жұмсалатын шығындарды өнім көлеміне тәуелді өзгермелі шығындар және өнім көлеміне тәуелді емес тұрақты шығындар деп ажыратады. Сондай-ақ, өзгермелі шығындардың да, тұрақты шығындардың түрлерін анықтайды.

Соңғы уақыттарда неоинституционализм бағытының басты өкілі Р. Коуз енгізген трансакциондық шығындар теориясы аса маңыз-ды сұрақтардың бірі болып табылады. Трансакциондық шығындарды көбінесе айналым шығындарымен байланыстырады. К. Эрроудың ойынша, экономикадағы трансакциондық шығындардың орын алу заңдылығы физикадағы үйкеліс заңымен ұқсас дейді, олай болса экономиканы бұл шығындарсыз елестету қиын. Қазіргі уақытта, фирманың нарықтағы негізгі қызметі болып осы трансакциондық шығындарды үнемдеу табылады. Яғни, солар арқылы фирманың мүшелері қандай да бір ақпарат алуға жұмсайтын шығындарын төмендете алады. Дуглас Норт трансакциондық шығындардың негізгі түрлерін бөліп көрсетті:

1. Нарық туралы ақпарат іздеумен және сол нарықтағы тауарлар мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар.

2. Келісім-шарттар жасаумен және келіссөздер жүргізумен байланысты шығындар.

3. Тауардың сапасын анықтауға, стандарттар жүйесін жасауға, фирманың маркалық белгісін қорғауға жұмсалатын шығындар.

4. Заң жүйесінің көмегімен меншік құқығын және оның тәртібін қорғауға жұмсалған шығындар.

5. Нарықта ойланбай жасалған (оппортунистік мінез-құлық) әрекеттерден болған шығындар.

 

8.2 Шығындардың түрлері. Фирманың шығындарын барынша азайту мәселесі

Date: 2015-05-09; view: 1840; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию