Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ресурстар. 6 page





А) Аристотель. В) Томас Ман. С) Роберт Оуэн. D) Адам Смит. Е) Карл Маркс.

11. Нарық дегеніміз - бұл:

A) Тауарлар сататын жер.

B) Кәсіпорын тауарларын өткізуге қажетті экономикалық жүйе.

C) Кәсіпкерлікке молырақ пайда беретін сауда орны.

D) Кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарын ақша мен тауар арқылы кездестіретін экономикалық жүйе.

E) Өнім өндіретін және тауарлар сататын жер.

12. Субститут-тауарлар дегеніміз қандай тауарлар?

А) Бірін-бірі ауыстыратын тауарлар. В) Бірін-бірі толықтыратын тауарлар. С) Бағалары бірдей тауарлар. D) Бірінші қажеттілікті тауарлар. Е) Шетелде өндірілген тауарлар.

13. Нарықтық экономиканың кемшілігі:

А) Тиімді емес өндірілістін ығыстырылуы.В) Жоғары тиімділікті ынталандыру. С) Табысты еңбекке қарай шынайы бөлуі. D) Табиғатқа немесе экологиялық мәселелер бойынша шығындарды ескермеу. E) Айырбас жылдамдығы.

14. Фирмалар мен салалардың санының қысқаруы ұсыныс көлеміне қалай әсер етеді?

А) Ұсыныс көлемі жоғарылайды. В) Ұсыныс көлемі төмендейді.

С) Ұсыныс көлемі өзгермейді. D) Сұраныс төмендейді. Е) Сұраныс өседі.

15. Нарықтың негізгі үш элементі:

А) Баға, сұраныс және ұсыныс. В) Баға, сапа және бәсеке. С) Сапа пайдалылық, қажеттілігі. D) Сапа, саны, баға. Е) Сапа, ұсыныс және сұраныс.

16. Төлем қабілеттілігі бар қажеттілік:

А) Сұраныс. В) Ұсыныс. С) Баға. D) Тепе-теңдік баға. Е) Тауар.

17. Тауар ұсынысының заңы – бұл:

А) Инфляциялық күтімдер.

В) Баға мен ұсыныс көлемі арасындағы тікелей байланыстылық.

С) Заттың пайдалылығы.

D) Нарыққа ұсынылған тауарлар мен қызметтердің көлемі.

Е) Тұтынушылардың ақша табу заңы.

18. Мына ұғымдардың қайсысы икемсiз сұранысты сипаттамайды?

A) Сұраныс көлемi өзгерiсiнің бағаның өзгерiсiнен төмен болуы.

B) Уақыттың өте қысқа болуы. C) Бұл тауар тұтынушы үшiн басты қажеттiлiк болып табылады. D) Сол тауар үшiн сатып алушылар табысының басым бөлiгiнің жұмсалуы.

E) Нарықта алмастырушы тауарлар санының көп болуы.

19. Абсолютті икемсіз сұраныс қисығының графикалық түрі қандай болады?

A) Көлденең сызық түрінде. B) Тік сызық түрінде. C) Теріс көлбеулі қисық түрінде. D) Оң көлбеулі сызық түрінде. E) Теріс көлбеулі сызық түрінде.

20. Сұраныс заңының мәні неде?

А) Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны түсіреді.

В) Тұтынушылардың табысы артқан сайын тауарды көбірек сатып алады.

С) Сұраныс қисығы оң бағытталады.

D) Тауар бағасы арзандағанда, сатып алу көлемі артады.

Е) Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны өзгертеді.

21. Егер тауарға деген сұраныс оның ұсынысынан көп болса, онда нарықта:

А) Бюджет тапшылығы орын алады. В) Тауар өндірісі белгілі бір уақытқа дейін тоқтатылады. С) Тауар артықшылығы орын алады. D) Тауар тапшылығы орын алады.

Е) Инфляциялық құбылыс байқалады.

22. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі дегеніміз – бұл...:

А) сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің табыстың пайыздық өзгерісіне қатынасы.

В) ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы.

С) сұраныс көлемінің бағаның өзгеруіне орай реакциялық дәрежесі.

D) ұсыныс көлемінің бағаның өзгеруіне байланысты реакциялық дәрежесі.

Е) сұраныс табыс бойынша икемділікке ие болмайды.

23. Егер тауарға сұраныс пен ұсыныс қатар өссе, онда:

A) Тауардың жалпы саны көбейеді. B) Баға өседі. C) Баға тұрақты болып қалады.

D) Қоғамның әл ауқаты жақсарады. E) Баға деңгейі төмендейді.

26. Шеңберлі айналым үлгісіне сәйкес:

A) үй шаруашылықтары ресурстар нарығында сатушы болады, ал тауарлар нарығында сатып алушы болады. B) үй шаруашылықтары әрдайым тауарды ақшаға айырбастайды. C) кәсіпкерлер әрдайым тауарды ақшаға айырбастайды. D) кәсіпкерлер тауар нарығында сатып алушы және ресурстар нарығында сатушы болады. E) үй шаруашылықтары тауарды ешқашан ақшаға айырбастамайды.

27. Мыналардың қайсысы сұраныстың бағалық емес факторларына жатпайды?

A) Тұтынушылардың қалауы мен талғамы. B) Сән. C) Табыс мөлшері.

D) Шикізат бағалары. E) Нарықтағы сатып алушылар саны.

28. Егер бағаның 10 пайызға төмендеуі ұсыныс көлемінің 10 пайызға төмендеуіне әкелсе онда ұсыныс:

А) Абсолютті икемді. В) Абсолютті икемсіз. С) Бірлік икемді. D) Икемсіз. Е) Икемді.

29. Сұранысқа әсер етпейтін фактор:

А) Тұтынушы табысы. В) Салық деңгейі. С) Балама тауардың бағасы.

D) Бағаның өзгерісі. Е) Мезгіл.

30. Баға мен ұсыныс көлемі арасындағы пайыздық өзгеріс не деп аталады:

А) Ұсыныс икемділігі. В) Сұраныс икемділігі. С) Ұсыныс заңы.

D) Икемсіз сұраныс. Е) Бірлік икемділік.

31. Сұраныс заңының түсініктемесі:

А) Егер тауардың бағасы түссе, онда біздің сатып алуымыз арта түседі.

В) Көптеген тауарлар уақыт өте өз орнын жаңа және қызығушылығы мол тауарларға береді.

С) Шектеу заңы қажеттілік көлеміне қарамастан кей тауарлардың тұтыну шегін белгілейді.

D) Көп жағдайда төмен бағалы тауар нарыққа осы тауарды жаңа сатып алушыларды әкелмейді.

Е) Нақты тауарды өндіруші шекті деңгейде төмен бағалы тауарын бірнеше данадан ұсынбайды.

32. Мемлекет тепе-теңдік бағадан жоғары деңгейде Х тауары бағасының шегін белгіледі. Осының салдарынан:

A) Осы тауардың тапшылығы орын алады. B) Осы тауардың артықшылығы орын алады.

C) Тепе-теңдік баға осы деңгейге дейін көтеріледі. D) Осы тауардың ұсынысы төмендейді.

E) Тауардың көлемі бәрібір өзгермейді.

33. Сұраныс пен ұсыныс бағаның реттеушілік рөлін сипаттау үшін қандай нарықтарда қолданылады?

A) Тауарлар мен қызметтер нарығында. B) Валюта нарығында.

C) Бағалы қағаздар нарығында. D) Ресурстар нарығында. E) Кез келген нарықтарда.

34. Ауа-райының қолайлылығына байланысты жүгері өнімін өсірудің артуы нені арттырады?

А) Жүгері бағасын. В) Жүгеріге тұтынушы талғамын. С) Ұсынысты.

В) Сұранысты. Е) Шығынды.

35. Баға мен сұраныс көлемі арасындағы пайыздық өзгерістер не деп аталады?

А) Сұраныс икемділігі. В) Ұсыныс.икемділігі. С) Икемділік.

D) Икемді сұраныс. Е) Икемсіз сұраныс.

Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері

Мақсаты: нарық жағдайындағы бәсеке теориясына, оның түрлеріне, нарықтық құрылымдардың түрлеріне және олардың шарттарына кеңірек тоқталу, сонымен қатар, әртүрлі бәсекелестік жағдайындағы баға мен өнім көлемін таңдау тетіктерін қарастыру.

 

Талқылау сұрақтары:

6.1 Нарықтық құрылымдар және олардың сипатты белгілері

6.2 Жетілген бәсеке және оның орындалу шарттары

6.3 Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия, монополистік бәсеке, олигополия, т.б.

6.4 Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға мен өндіріс көлемін таңдау

6.5 Бәсекені қорғау және монополияны шектеу. Антимонополиялық саясат

 

Негізгі ұғымдар: нарықтық құрылымдар, бәсеке, жетілген бәсеке, жетілмеген бәсеке, монополия, олигополия, монополистік бәсеке, монопсония, екі жақты монополия, бағалық дискриминация, жарнама, бәсекелестікті қорғау, ашық монополия, жабық монополия, табиғи монополия, монополиялық билік, монополияның зардаптары, антимонополиялық саясат, т.б.

 

6.1 Нарықтық құрылымдар және олардың сипатты белгілері

 

Нарықтық құрылым көптеген белгілерімен ерекшеленетін күрделі ұғым ретінде саналады. Нарықтық құрылым бәсекелестіктің әртүрлі дәрежесімен анықталады.

Нарықтық құрылым – бұл фирмалардың салалық нарықта өзара әрекеттесу сипатын анықтайтын және нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу әдістерін көрсететін нарықтық ұйымдастыру белгілерінің жиынтығы.

Нарықтық құрылымның типі салалық нарықтың негізгі белгісі ретінде көрінетін ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да әрекет ететін көптеген факторлармен анықталады. Нарықтық құрылымның типін анықтайтын негізгі факторлардың бірнешеуін бөліп көрсетуге болады:

1. Өндірушілердің шоғырлануы.

2. Сатып алушылардың шоғырлануы.

3. Өнімді ерекшелендіру дәрежесі.

4. Нарықтық ақпараттың толықтылығы.

5. Салаға кіру және одан шығып кету мүмкіндіктері.

6. Өндірушілердің бағаға бақылау жасай алу дәрежесі.

7. Фирмалардың өзара әрекеттесу сипаты.

Осы факторларды ескере отырып нарық құрылымын негізгі төрт түрін бөліп көрсетуге болады:

· Жетілген (таза) бәсеке;

· Абсолютті (таза) монополия;

· Монополистік бәсеке;

· Олигополия.

 

6.2 Жетілген бәсеке және оның орындалу шарттары

 

Жетілген бәсеке нарығы дегеніміз – нарықтағы бағаға әсер ете алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның бір типі.

Жетілген таза бәсеке үлгісі нарықтық құрылымның бір тұрпаты ретінде бірқатар қатаң болжамдарға сүйенеді. Атап айтсақ, оның шарттары төмендегідей болып табылады:

1. Біртекті немесе стандартты өнім өндіретін және оны сататын сатушылардың саны және осы өнімді сатып алушылардың саны нарықта өте көп болады.

2. Фирмалардың салаға кіруі және одан шығып кетуі еркін және ол ешқандай тосқауылдармен шектелмейді.

3. Әрбір жеке фирманың нарықтық үлесі соншалықты мардымсыз болғандықтан олардың әрқайсысы бағаға бақылау жасай алмайды.

4. Сатушылар да, сатып алушылар да нарықтың әрекет ету жағдайлары мен бағалар туралы ақпараттарға толық ие бола алады.

Осындай нарықтық құрылымның аталған шарттарына байланысты оған мынадай анықтама беруге болады. Жетілген бәсеке нарығы – бұл нарықтық бағаға әсер ете алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар әрекет ететін нарық құрылымының бір типі.

Жетілген бәсекелес фирманың өніміне деген сұраныс қисығы баға бойынша өте икемді болып табылады. Ол абсцисса осіне параллельді түрде өтеді.

Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары:

1. Өнім өндіру технологиялық жағынан аса тиімді түрде жүзеге асырылады.

2. Ресурстар оңтайлы дәрежеде бөлінеді.

3. Кәсіпорындар тұрақты, әрі шығынсыз жағдайда жұмыс істейді.

Жетілген бәсеке нарығының кемшіліктері:

1. Нарықтың бұл типіне капиталдың үлкен бөлігіне ие бола алмайтын шағын кәсіпорындар тән болғандықтан, олар өнімділігі жоғары техника мен технологияны қолдануға қабілетсіз болып табылады.

2. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуына үлес қоса алмайды, өйткені ұзақ мерзімде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу көп қаржыны талап етеді.

3. Қоғамдық игіліктерді өндіре алмайды.

Сәйкесінше, осы аталған артықшылықтар мен кемшіліктер тек жетілген бәсеке нарығына ғана тән болады алады, яғни осындай ерекшеліктер нарықтық құрылымдардың басқа да типтері үшін сипатты болып табылмайды.

 

6.3 Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия, монополистік бәсеке, олигополия, т.б.

 

Жетілген бәсекенің жоғарыда аталған шарттарының ең болмағанда біреуі ғана бұзылатын болса, онда нарықта жетілмеген бәсекенің формалары орын алады.

Жетілмеген бәсеке жағдайында фирмалардың саны шектеулі болып табылады, мұндай нарықтық құрылымдар жетілген бәсеке нарығына қарағанда экономикалық жағынан тиімділігі төмен нарық-тар ретінде саналады. Себебі, жетілмеген бәсеке жағдайларында фирма нарықтағы бағаны бақылай алады, оның нарықтағы белгілі бір үстемдігі орын алады және өнім көлемін жетілген бәсекеге қарағанда салыстырмалы түрде аз өндіреді.

Жетілмеген бәсекенің негізгі формаларын қарастырғанда кейбір жағдайларда сатушылар да және сатып алушылар да нарықтық билікке ұмтылып бағаға ықпал жасай алуы мүмкін.

Жетілмеген бәсекенің негізгі формалары:

1. Монополия – нарықта бір ғана фирма сатушы ретінде жұмыс істейтін бәсекелестіктің ең шеткі түрі.

Қарастырып отырған тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп есептесек, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдалана отырып, тауардың бағасын бәсекелес фирманың бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады.

Монополияға тән сипатты белгілер немесе оның шарттары:

1. «Фирма» және «сала» түсініктері түйіседі.

2. Сатып алушыларда тауарды таңдауда мүмкіндіктері болмайды.

3. Таза монополист өнім шығарудың барлық көлемін бақылай отырып, бағаны кез-келген бағытта өзгертеді және басқара алады.

4. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан, оның өніміне деген сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың да сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың бағасын анықтайды.

5. Таза монополия бәсекелестіктен биік кедергілермен (тосқауылдармен) қорғалады.

Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар – бұл салаға кіргісі келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер. Егер салаға кіру тосқауылдары неғұрлым жоғары болса, онда монополиялық пайда соғұрлым тұрақты сипатта болады. Монополия жағдайында барлық кедергілер былайша екіге бөлінеді:

1. Табиғи (экономикалық) тосқауылдар – бұлар экономикалық себептерден туындайды (өндіріс масштабының тиімділігі, басты ресурстарды бақылау).

2. Жасанды (заңды немесе құқықтық) тосқауылдар – институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе монополисттің әділетсіз іс-әрекеттері) туындайды.

Таза монополия – бұл жетілген бәсекеге қарама-қарсы болып табылатын нарықтық құрылымның ең шеткі түрі.

Тағы бір айта кететін жайт, монополист-фирмалар өз өнімінің бағасына бақылау жүргізе алғандықтан, оларды «баға іздеушілер» немесе «жетілмеген бәсекелес фирма» деп те атайды. Яғни, монополист жетілген бәсекелес фирмаға («баға қабылдаушыларға») қарағанда өз пайдасын максималды дәрежеге жеткізе алатын тиімді баға деңгейін іздейді және соны саналы түрде тағайындайды.

Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның мынадай түрлері болады:

1. Жабық (жасанды) монополия – бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған монополияның бір түрі.

2. Табиғи (мемлекеттік) монополия – белгілі бір өнімнің көлемін бір фирманың өндіруі және оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргенне гөрі арзанға түсетін өндіріс саласы.

3. Ашық (кездейсоқ) монополия – берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы (заңдық шектеулер көмегімен) қорғанышы жоқ болатын жағдай.

Таза монополияның тауарына деген сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады, сондықтан фирма өнім шығару көлемін бақылай отырып, бағаға ықпалын тигізе алады. Егер сатушы өз тауарының өндіріс көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

Кейбір жағдайларда таза монополия бағалық дискриминация жүргізе алады, яғни сатып алушылардың әртүрлі тобына сапасы да, шығындар деңгейі де бірдей тауарларды әр түрлі бағамен сата алады. Бағалық дискриминация – монополист-фирманың сапалары бірдей болып табылатын берілген тауар немесе қызмет бірлігінің көлемін берілген шығындар деңгейінде әртүрлі баға8лар бойынша әртүрлі тұтынушыларға сатуын немесе сата алуын сипаттайтын монополиялық тәжірибе.

Бағалық дискриминацияны іске асырудың шарттары:

1. Тұтынушының монополиядан сатып алған тауарын қайтадан сатып жіберуге мүмкіндігінің болмауы.

2. Қарастырып отырған тауарды тұтынатын сатып алушыларды сатып алу қабілетіне қарай түрлі топтарға бөлу мүмкіндігінің болуы.

Монополиялық билік – бұл фирманың нарықта сатылатын тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал ету қабілеті.

Таза монополия шын (толық) монополиялық билікке ие бола алады.

Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бір емес бірнеше өндірушілер болса, онда монополиялық биліктің деңгейі өте салыстырмалы болады.

Монополиялық биліктің қажетті алғышарты – фирма тауарының сұраныс қисығы төмен қарай көлбеулі болуы керек.

Монополиялық биліктің сандық түрдегі сипаттамасын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштер қолданылады:

1. Лернер индексі (IL) – монополиялық биліктің сандық мәнін анықтайтын негізгі көрсеткіш. Кезінде 1934 жылы ағылшын экономисі Абба Лернер алғаш рет монополиялық билікті анықтаудың осындай әдісін ұсынғандықтан, аталған көрсеткіш сол экономистің атымен аталады. Ол мына формуламен анықталады:

IL = (Pm – MC) / Pm = 1 / EdP.

мұндағы, Pm – монополиялық баға, МС – шекті шығын, EdP – сұраныстың бағалық икемділігі.

Жетілген бәсеке жағдайында баға шекті шығындар шамасына тең және осы жағдайда Лернер индексі 0-ге тең болады. Баға шекті шығындардан асып кеткен жағдайда индекс нөл мен бірдің аралығында (0 < L < 1) орналасқан оң мәнге ие болады. Индекс 1-ге жақындаған сайын фирма монополиялық биліктің үлкен көлеміне жақындайды.

2. Херфиндаль-Хиршман индексі (IHH) – нарықтағы фирмалардың шоғырлану (концентрация) деңгейін анықтайтын және нарықтың барлық қатысушылары арасында нарықтық билікті бөлуді сипаттайтын көрсеткіш. Индексті есептеу үшін әрбір фирманың нарықтағы жеке үлестері бөлшек ретінде шаршының алынуы керек және мына формауламен анықталып, осы шаршылардың қосындысы арқылы алынады:

IHH = S2 1 + S2 2 +... + S2 n,

мұндағы, IHH – шоғырлану (концентрация) көрсеткіші, S2 1 – ең ірі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S2 2 – көлемі бойынша келесі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S2 n – ең кіші фирманың үлес салмағы. IHH -дің ең жоғарғы шамасы – 10000, яғни оның мәні салада тек бір фирма болғанда 10000-ға тең болады, өйткені S2 1 – 100%. Егер салада 100 бірдей фирма болса, онда S2 1 = 1%-ке, ал IHH 100-ге тең болады.

 

2. Монополистік бәсеке – бұл салада өзіндік ерекшеліктері бар тауарларды өндіретін және өзара бәсекеге түсетін көптеген фирмалар болатын, сонымен қатар, олардың ешқайсысының нарықтық бағаны бақылауға толық билігі болмайтын нарықтық құрылымның бір түрі. Монополиялық бәсеке «таза монополия» жағдайына, сонымен қатар «жетілген бәсекеге» де ұқсайды.

Монополиялық бәсеке жағдайында фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған, кемімелі, икемді болады. Сұраныс икемділігінің факторлары – бәсекелестер саны, өнімнің ерекшелену (дифференциациялану) деңгейі.

Тауарды ерекшелендіру (дифференциациялау) дегеніміз – фирманың нарықтағы өз билігін күшейту мақсатында тұтынушы-ның көз алдында тауарын өзіне ұқсас тауарлардан қандай да бір белгімен айрықша көрсету әдістерін сипаттайтын нарықтағы мінез-құлықтық элементі, яғни ондай айрықша белгілерге: сапа, жарнама, сауда белгісі, сату шарттары, буып-түю және т.б жатады.

Монополиялық бәсеке нарығы моделінің ерекшеліктерін екі негізгі сипаты бойынша қарастыруға болады:

1. Монополиялық сипаттары бойынша:

- кемімелі сұраныс қисығы;

- бағаға әсер ете алу мүмкіндігі.

2. Бәсекелестік сипаттары бойынша:

- нарықты басқа ұсақ фирмалардың көпшілігімен бөлісу;

- іс-әрекеттері басқа фирмалаға тәуелді емес;

- өнім көлемін шектеу мақсатында келісімге келу мүмкіндігі жоқ.

Тауарды өзгешелендірумен байланысты шығарылатын қосымша шығындар осы салаға жаңа фирмалардың кіруіне кедергі болуы мүмкін.

Монополистік бәсеке нарығының монополия сияқты қоғам үшін экономикалық тиімсіздікке алып келетін әлеуметтік-экономикалық салдарлары бар. Біріншіден, тауарлар өндірісі үшін ресурстар толық қолданыла алмайды, яғни жоғарыда атап өткеніміздей, артық өндіріс қуаты пайда болады. Екіншіден, тұтынушылар тауарларды төменгі бағамен сатып ала алмайды, яғни оларға қажетті тауарлар тиісті деңгейінде өндірілмейді. Үшіншіден, тауарға тұтынушылық сұранысты бейімдеу үшін сол тауарға үнемі ерекшелік беріп жетілдіріп отыру қажет. Төртіншіден, тауарға тұтынушылық сұранысты бейімдеу үшін сол тауарға жарнама жасап отыруды қажет етеді.

Date: 2015-05-09; view: 1388; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию