Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Жарықтың поляризациясы





Жарықтың толқындық қасиеті көрінетін құбылыстардың біріне жарықтың поляризациясы жатады. Электр векторы, яғни жарық векторы барлық бағытта тербеліс жасайтын жарықты табиғи жарық деп атайды. Электр векторы бір ғана бағытта немесе тек белгілі бір бағыттарда ғана тербеліс жасайтын жарықты поляризацияланған жарық деп атайды.

Жарықтың поляризациясы деп жарықтың тек белгілі бір бағыттарда тербеліс жасауын айтады. Электр векторы тербеліс жасайтын жазықтықты тербеліс жазықтығы деп атайды, ал тербеліс жазықтығына перпендикуляр жазықтықты, яғни магнит векторы тербеліс жасайтын жазықтықты поляризация жазықтығы деп атайды.

Егер электр векторының ұшы айнала отырып эллипс сызса, онда мұндай жарықты эллипстік поляризацияланған жарық деп атайды, ал электр векторының ұшы айнала отырып шеңбер сызса, онда мұндай жарықты шеңберлік поляризацияланған жарық деп аталады.

Электр векторының ұшы сағат тілінің бағытымен айналатын болса, онда мұндай поляризация оң, ал сағаттың тілінің бағытына қарсы айналса, онда теріс поляризация деп аталады.

Электр векторы тек бір ғана жазықтықта тербеліс жасаса, онда мұндай жарық сызықтық поляризацияланған жарық деп аталады.

Поляризацияланған жарықты арнайы мөлдір кристалдар, поляризаторлардың көмегімен алуға болады. Мұндай кристалдарға мысалы: турмалин, исланд шпаты және т.б. кристалдар жатады. Жарықтың поляризациялану дәрежесін анықтау үшін сондай екінші бір кристалл қолданылады. Бұл кристалл анализатор деп аталады. Поляризатордың жарықты тежемей өткізетін жазықтығын кристалдың поляризация жазықтығы деп атайды. Поляризатор мен анализатордың поляризация жазықтығын бір-біріне қатысты бұрғанда өтетін жарықтың интенсивтілігі ең үлкен мәннен ең кіші мәнге дейін өзгереді.

Жарықтың поляризациялануы поляризация дәрежесімен анықталады:

 

 

1) Табиғи жарықтың поляризация дәрежесі нольге тең.

.

 

2) Сызықтық поляризацияланған жарықтың поляризация дәрежесі бірге тең. .

• Идеал кристалға табиғи жарық түссін. Кристалл жазықтығына бұрыш жасай тербелетін А амплитуданы екі тербелістерге жіктеуге болады (сурет).

Кристалл жазықтығына параллель жарық толқындары ғана өтетінін ескесек, онда Жарық тербелісінің интенсивтілігі амплитуданың квадратына тура пропорционал ( ) және орташа мәні -ге тең болады. Соныменен идеал поляризаторға табиғи жарық түскенде, өткінші

жарықтың интенсивтілігі табиғи жарық интенсивтілігінің жартысына тең болады.

• Идеал поляризаторға жазық поляризацияланған жарық түссін. Жазық поляризацияланған жарықтың интенсивтілігі және поляризатор жазықтығы мен жарықтың поляризация жазықтығы арасындағы бұрыш болғанда кристалдан өтетін жарық интенсивтілігі Малюс заңымен анықталады:

.

• Табиғи жарық поляризатор мен анализатор жүйесіне түссін.

Р поляризатордан өтетін жарықтың интенсивтілігі және Малюс заңына сәйкес А анализатордан шығатын жарықтың интенсивтілігі . Соныменен табиғи жарық поляризатор мен анализатор жүйесіне өткенде жарықтың интенсивтілігі

 








Date: 2015-05-08; view: 1047; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию