Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Абырой кодексі





Азақ технология және бизнес университетінің президенті, профессор

С.Байбеков

Ж.

Қазақ технология және бизнес университеті студенттерінің

АБЫРОЙ КОДЕКСІ

Біз, Қазақ технология және бизнес университетінің студенттері адами өнегелі құндылықтарды, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздігіміздің даму деңгейін жоғарылата отырып, жалпы этиканы сақтау өз міндетіміз деп санаймыз. Өз кәсіби деңгейімізді дамытып, белсенді өмірлік көзқарасты қалыптастыра отырып сапалы білім алу үшін Қазақ технология және бизнесуниверситеті студенттерінің АБЫРОЙ КОДЕКСІН қабылдаймыз.


1. Жалпы ереже


1.1. Осы Кодекс, Қазақ технология және бизнес университеті студенттері тәртібінің эстетикалық негіздерін анықтайды.
1.2. Қазақ технология және бизнес университетістуденттерінің басты міндеті қажетті маман иесі болу, университет, қала, облыс, республика деңгейіндегі мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне белсенді араласу болып табылады
1.3. Студент университеттің мәртебесін сақтауға және көтеруге міндетті.


2. Университет студенттерінің этикалық нормалары және тәртіп ережелері


2.1. Өзара сыйластық. Студент профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлерге, басқа студенттерге өзара әдептілікті және сыйластықты сақтауы тиіс.
2.2. Адалдық. Оқу үрдісінің тәртібін бұлжытпай сақтау. Оқу сабақтарына қатысып, белгіленген мерзімде оқу жоспары мен білім беру бағдарламасында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға міндетті. Студент оқуда жоғары деңгейге жету мақсатында өз тарапынан барлық жағдайды жасауы тиіс.
2.3. Тәртіптілік. Студент таза киініп, тәртіпті болуға тиісті. Оқу аудиторияларына, мәдени шаралар және әртүрлі жиналыс өткізілетін орындарға сыртқы киіммен кіруге болмайды. Университет студенттеріне басқаның мүлкін ұрлауға, университетте спирттік ішімдіктерді қолдануға, ғимаратта шылым шегуге тиым салынады. Оқу ғимараттарында оқу үрдісіне кедергі келтіретін қатты әңгімелесу, шу шығару және басқада әрекеттерге тиым салынады. Оқу сабақтары арасындағы үзілісте студенттер арнайы бөлінген орындарда ғана дем алуы тиіс. Сабақ үстінде, кітапханада ұялы телефонмен сөйлесу, сағыз шайнау, сүйіспеншілік сезімдерін көрсету этикалық нормаға сай келмейді.
2.4. Ұқыптылық. Студенттерге сабақ басталғаннан кейін дәрісханаға кіруге тиым салынады. Сабақ уақыты кезінде дәрісханадан кіріп-шығып жүруге жол берілмейді.
2.5. Белсенділік. Студент университеттің оқу, тәрбие, мәдени және спорттық іс-шараларына белсенді араласуы тиіс.
2.6. Құнттылық. Материалдық мүлікке құнттап және тиянақты қарау, оқу ғимараттарының, зертханалардың, жатақханалардың мүліктерін және басқа да құралдарын бүлдірмеу, парталарға және басқа орындарға жазу жазбау. Студент университет қорына ұқыпты қарауы тиіс.
2.7. Жауапкершілік. Университет жарғысына сәйкес студенттердің құқықтары мен міндеттері бар, белгіленген Кодекстің тәртіп ережесін сақтау үшін жеке жауапкершілік артады.


3. Студентердің Университет басшылығы және оқытушылармен ара-қатынасы


3.1. Студент белгіленген тәртіп бойынша оқу және қоғамдық жұмыстар мәселелері бойынша ректорға, проректорларға, декандарға пікірін айтуға, кездесулер өткізуге құқы бар.
3.2. Этика ережесін сақтау, студенттің шынайылығы және әдептілігімен сенімділікке жетеді.


4. Университет студенттерінің арасындағы өзара қатынас


4.1. Университет студенттерінің ара-қатынасы сенімділік, өзара қатынас, ынтымақтастық, өзара түсінушілік және өзара көмек негізінде құрылады.
4.2. Студент басқа студенттермен қатынаста кішіпейіл және әдепті болуы қажет, студенттердің кәсіби немесе бір-бірімен әңгімелесу барысында басқа студенттердің кәсіби немесе адами қасиеттерін төмендетпеуі және кемсітпеуі керек.


5. Қорытынды


5.1. Осы кодекстің ережелерінің қолданылуы мен сақтауы оқу түрінің формасына қарамастан Университеттің студенттерінің барлығы орындауға міндетті. Бұл Кодекс университетте студенттерге ұлттық және адами құндылықтарды сіңдіруге, еліміздің мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне лайықты араласа алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
5.2. Жеке жауапкершілік қағидасына сәйкес Университет басшылығы осы Кодекстің нормасын бұзған студентке қатысты келесі жазаларды қолдануға құқығы бар:
1) ауызша ескерту;


2) жазбаша ескерту;


3) сөгіс жариялау;


4) жеке ісіне тіркелетін қатаң сөгіс жариялау;


5) университеттен шығару.

 

 

«Утверждаю»

Date: 2015-05-08; view: 649; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию