Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға орналастыру үшін негіздер





1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру үшін туыстарының не оның заңды өкілінің өтініші және психиатр-дәрігер қатысатын дәрігерлік комиссияның қорытындысы; кәмелетке толмаған адамға - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы; сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға психиатр-дәрігердің қатысуымен дәрігерлік комиссия берген қорытындының негізінде қабыл­данған қорғаншы және қамқоршы органның шешімі негіз болып табылады.

Қорытындыда адамның психикасының оны әлеуметтік қамсыздандыруға арналған мамандан­дырылмаған ұйымда болу мүмкіндігінен айыратын­дай болып бұзылғаны (ауруы) туралы, ал адамның әрекетке қабілеттілігіне қатысты – сот алдында оны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәселе қоюға негіздің жоқтығы туралы мәліметтер де куәлан­дырылуға тиіс.

2. Қорғаншы және қамқоршы органдар психоневрологиялық ұйымға орналастырылатын адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін шаралар қолдануға міндетті.

3. Кәмелетке толмаған адамды арнайы оқыту мақсатымен психоневрологиялық ұйымға жіберу үшін адамның психикасының бұзылуы (ауруы) негіз болып табылады. Ол ата-анасының не оның заңды өкілінің өтініші және республикалық, облыстық немесе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындысының негізінде жіберіледі. Қорытын­дыда кәмелетке толмаған адамды интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп жағдайында оқыту қажеттігі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

4. Психиатр-дәрігер, психологиялық-медици­налық-педагогикалық консультация қатысқан дәрігерлік комиссияның мамандандырылған психоневрологиялық ұйымда тұруға не оқуға медициналық айғақтардың жоқтығы туралы қорытындысы психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды психоневро­логиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен жалпы үлгідегі осындай ұйымға ауыс­тыру үшін негіз болып табылады.

5. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен шығару:

1) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның жеке өтініші бойынша, психиатр-дәрігер қатысқан дәрігерлік комис­сияның денсаулық жағдайы бойынша бұл адамның жеке тұра алатыны туралы қорытындысы болған кезде;

2) шығарылатын кәмелетке толмаған адамға не сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға күтім-жасауды жүзеге асыруға міндеттенетін ата-анасы­ның, өзге де туыстарының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізіледі.

 

 

21-тарау. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға

медициналық-әлеуметтік көмек көрсету

 

130-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

1. Мемлекет алкоголизмнің, нашақорлықтың және уытқұмарлықтың алдын алу және оларды емдеу жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз етеді.

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шара­лары қылмыс жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға қатысты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерікті түрде емделуден жалтарған адамдарға сот шешімі бойынша қолданылады.

 

Бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын және медициналық-әлеуметтік оңалтуға мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш жасауы

1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдар нарко­ло­гиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға медициналық көмек сұрап өтініш жасаған жағдайда, оларды медициналық-әлеуметтік оңалту ерікті түрде жүргізіледі және пациенттің қалауы бойынша – жасырын түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын кәмелетке толмаған адамды, сондай-ақ нашақорлықпен ауыратын, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды медици­налық-әлеуметтік оңалту олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.

 

Date: 2015-05-08; view: 530; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию