Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Психиатриялық стационарға жатқызу





1. Адамның психикасының бұзылуы (ауруы) және психиатр-дәрігердің оған зерттеп-қарау жүргізу немесе оны стационар жағдайында емдеу қажеттігі туралы шешімі не сот ұйғарымы оны психиатриялық стационарға жатқызу үшін негіз болып табылады.

2. Психиатриялық стационарға жатқызу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-психиатриялық сараптама жүргізу қажеттігімен байланысты болуы мүмкін.

3. Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды психиатриялық стационарға жатқызу оның өтініші бойынша немесе оның жазбаша келісімімен ерікті түрде жүзеге асырылады.

4. Кәмелетке толмаған адам психиатриялық стационарға ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің жазбаша келісімімен жатқызылады.

5. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам психиатриялық стационарға оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен жатқызылады.

6. Заңды өкілі қарсы болған немесе заңды өкілі болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды психиатриялық стационарға жатқызу қорған­шы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады, ол туралы сотқа шағым жасалуы мүмкін.

7. Адамды ауруханаға жатқызуға алынған келісім медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді, оған сол адам немесе оның заңды өкілі және психиатр-дәрігер қол қояды.

8. Адамның психиатриялық стационарда еріксіз түрде ұсталуы оны ауруханаға жатқызу жөніндегі негіздер сақталатын уақыт ішінде ғана жалғастырылады.

9. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде жатқызылған адам алғашқы алты ай ішінде оның ауруханада жату мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының кемінде айына бір рет куәландыруына жатады. Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр-дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.

10. Ауруханаға еріксіз түрде жатқызылған адамды кезектен тыс куәландыру пациенттің өзінің немесе оның заңды өкілінің, адвокаттың қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін.

Осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша психиатриялық стационарға жатқызылған адам ауруханаға жатқызылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде ауруханаға жатқызудың негізділігі туралы шешім қабылдаған психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының міндетті түрде куәландыруына жатады. Ауруханаға жатқызу негізсіз деп танылып, жатқызылған адам психиатриялық стационарда қалғысы келмеген жағдайларда, ол дереу шығарылуға тиіс.

11. Ауруханаға еріксіз түрде жатқызуға келіспеген жағдайда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам немесе оның заңды өкілі сотқа жүгінуге құқылы.

 

Бап. Заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе олардың келісімімен психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды куәландыру

1. Заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе олардың жазбаша келісімімен психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адам немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам осы Кодекстің 123-бабында көзделген тәртіп­пен психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының міндетті түрде куәландыруына жатады.

2. Кәмелетке толмаған адам немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам ауруханада жату мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін алғашқы алты ай ішінде кемінде айына бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясының куәлан­дыруына жатады. Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту туралы шешім Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр-дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша шығарылады.

3. Психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе психиатриялық стационардың әкімшілігі кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамның заңды өкілдері оларды ауруханаға жатқызу кезінде қиянат жасауға жол берілгенін анықтаған жағдайда психиатриялық стационардың әкімшілігі бұл туралы қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды.

 

Date: 2015-05-08; view: 524; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию