Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші науқастарды динамикалық байқау





1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының бұзылуынан (ауруы­нан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қарамастан динамикалық байқау белгіленуі мүмкін және ол психиатр-дәрі­гердің тұрақты тексеріп-қарауы арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.

2. Динамикалық байқау психикасының бұзылуы тұрақты немесе созылмалы болып, ауыр, өзгермейтін сипат алған, асқынған ауру белгілері жиі болатын адамға белгіленуі мүмкін.

3. Динамикалық байқауды белгілеу қажеттігі және оны тоқтату туралы мәселені шешуді амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін психиатриялық ұйымның әкімшілігі тағайындай­тын психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы тағайындайтын пси­хиатр-дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комис­сияда кемінде үш дәрігер болады.

4. Психиатр-дәрігерлер комиссиясының дәлел­ді шешімі медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді. Динамикалық байқауды белгілеу немесе оны тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

5. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған кезде бұрын белгіленген динамикалық байқау тоқтатылады. Динамикалық байқау тоқта­тыл­ғаннан кейін сол адамның өтініші бойынша немесе келісімімен не оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе келісімімен психиатриялық көмек консультация және емдеу түрінде көрсе­тіледі. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Кодекстің 123-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен өзінің келісі­мінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз куәлан­дырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр- дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша пси­хикасы бұзылған (ауырған) науқастарға дина­микалық байқау қайта жалғастырылуы мүмкін.

 

Date: 2015-05-08; view: 680; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию