Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Спектрдің түрлері





Әр түрлі жарық көздерінің спектрлерін бақылап зерттей келгенде спектрдің бірнеше түрлері болатындығы тағайындалды.

Қызған қатты денелер мен сұйықтардың шығаратын жарықтарының спектрлері тұтас спектр болады. Мысалы, мұндай спектрлерде бір түс пен екінші түстің жігі білінбейді, біріне-бірі үздіксіз жалғасып жатады. Дәлірек айтқанда, мұндай спектрді құрайтын толқындарының ұзындығы әр түрлі жарық сәулелері жіксіз тұтасып жатады. Мысалы, электр лампасының қызған сымының, шамның жалынындағы қызған көмір бөлшектерінің жарықтарының спектрлері тұтас спектр болады. Балқып тұрған металдардың өте тығыз газдар мен металл буларының шығарған жарықтарының спектрлері де тұтас спектр болады.

Сиретілген газдар мен булардың шығаратын жарықтарының спектрінің түрі жоғарыда айтылғаннан басқа болады. Мысалы, гелий, неон, аргон сияқты инертті газдардың: сутегі, оттегі атомдарының, сондай-ақ металл буларының жарығының спектрлері дискрет жеке сызықтардан құралады (VII сурет). Ондай спектрлер сызықтық спектрлер деп аталады.

Спектрлік сызықтардың әрқайсысы белгілі бір толқын ұзындығына сәйкес келеді, өйткені олардың енділігі өте болымсыз болады. Инертті газдар және металдың булары дара атомдардан құралады. Олай болса, сызықтық спектрді дара атомдар береді, сондықтан ол әдетте атомдык, спектрлер деп аталады. Атомның спектрлік сызықтары спектрдің көрінетін бөлігінде, көрінбейтін ультракүлгін және инфрақызыл беліктерінде де болуы мүмкін.

Егер тұтас спектр беретін жарық көзінен таралған жарық жолында тұрған заттан (мысалы, ыдыс ішіндегі металдың буынан) өтіп спектрографтың саңылауына түскен болса, онда тұтас рпектрдің әр жерінде бірнеше қара қоңыр сызықтар немесе қара-қоңыр жолақтар пайда болады. Егер осы спектрді фотографияға түсірсек, онда фотопластинканың бетіне бірнеше ақшыл сызық немесе бірнеше ақшыл жолақ кескіндері түседі. Осындай жұтылу сызықтарының немесе жұтылу жолақтарының жинағы жұтылу спектрі деп аталады.

Date: 2015-05-08; view: 3931; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию