Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Коллоидты бөлшектер дисперстілігі





Кез келген заттың майда-ірілігін, ұсақ-ұнтақтығын анықтайтын шама – оның дисперстілігі деп аталады.

Дисперстілікті – ұнтақталған бөлшектердің диаметрінің немесе көлденең қимасының ұзындығының кері шамасымен анықтайды, яғни

 

D = 1/a, [м-1]

 

мұндағы: D – дисперстілік

а – бөлшек диаметрі немесе көлденең ұзындығы.

Қарастырылып отырған заттардың дисперстілігін жүйелі түрде сипаттау үшін, сол заттардың меншікті аудан беті деген шама кіргізіледі де, формуласы төмендегіше жазылады:

 

Sменш.= S0/m немесе Sменш.= S0/V

 

Жалпы жағдай үшін, меншікті аудан бетін табу формуласын төмендегідей түрде жазуға болады:

 

Sменш.= S0/V = K · 1/a = K · D

 

Мұндағы К - бөлшек формасын ескеретін есептеу коэффициенті.

Көп жағдайларда заттың меншікті аудан бетін оның масса бірлігіне шағып есептейді:

Sменш.= S0/т = S0/V · ρ

Мұндағы: m - қарастырылып отырған зат массасы; V, р - сол массасы m - затының көлемі және тығыздығы.

 

Мысал. Азотты адсорбциялау арқылы анықталған силикагельдің меншікті аудан беті 4,1·105 м2/кг. Аталған заттың тығыздығы 2,2 г/см3. Осы силикагельдің бөлшектерін шар тәріздес деп қабылдап, оның диаметрін анықтаңыз. Талдау. Есеп шартын ескере отырып, мьна формуланы пайдалану дұрыс нәтиже береді деп тұжырымдаймыз:

 

Sменш.= S0/V · ρ

Бөлшектер шар тәріздес деп ескертілгендіктен, мына теңдіктер орынды:

S0=4πr2; V=4/3πr3

Енді есеп берілгендерін жазып алып шығару оңай

.

Берілгені: Шешімі:

Sменш.= 4,1·105 м2/кг Sменш.= S0/V · ρ = 4πr2/(4/3πr3)=

ρ = 2,2 г/см3= 2.2 · 103кг/м3 =3/r ·ρ = 6 / d·ρ.

d=6/ Sменш · ρ=6/(4,1·105·2.2 · 103)=

d=? 6/2.02·108=6.65·10-9м=6.65нм.

 

Сонымен, коллоидты ерітінділер бойындағы коллоидты бөлшектер кәдімгі ерітіндіде еріген бөлшектерге қарағанда ірілеу болып келеді. Мұны сипаттау үшін өзіміз жоғарыда талдаған дисперстілік үғымын пайдаланамыз.

Ұнтақталған нақты бір дисперстілікке ие бөлшектер – дисперсті фаза, ал олар біркелкі таралып коллоидты ерітінді түзілетін еріткіш - дисперсионды орта деп аталынады.

Демек, коллоидты ерітінділер – дисперсті фаза – ұнтақталған ерітілген бөлшектермен, осы бөлшектер біркелкі таралған еріткіш – дисперсионды ортадан тұрады және бұларды зольдер деп те атай береді.

Жалпы, дисперсті жүйелермен химияның арнаулы саласы – коллоидты химия айналысады.

Date: 2015-05-08; view: 1450; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию