Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эмульсиялардың бұзылуы мен айналуы





Эмульгатор көмегімен тұрақтандырылмаған сұйық эмульсияларды бұзу үшін, оларға шамалы ғана элек-тролит қосса жеткілікті, осы кезде эмульсияның электроки-нетикалық потенциалы төмендеп, ол оңай бұзылады. Мысалы, бу машинасында пайда болатын конденсатты эмульсияны бұзу үшін, оған алюминий сульфатын AI2(SO4)3 қосады. Мұндағы май тамшысының зарядын анықтайтын кері ион ролін алюминий немесе сульфат иондары атқарады. Кейде, эмульсияларды бұзу үшін оған беттік активті заттарды деэмульгатор ретінде қосады. Күнбағыс майы мен суға гидрофилді тұрақтандырғыш ас тұзын қосып шайқаса, М/В тектегі ақ түсті сұйықтық эмульсия түзіледі. Гидрофилді ас тұзының орнына гидро-фобты кальций хлоридін қосса, В/М тектегі ашық сары түсті, тұтқыр эмульсия пайда болады. Егер осындай ас тұзымен тұрақтандырылған М/В тектегі эмульсияға кальций хлориді мен ас тұзының сәйкес 5: 1 мөлшерін қосса, ондаэмульсия В/М тектегі эмульсияға айналады. Ал, кальций хлориді мен ас тұзы мөлшері сәйкес 4: 1 болса, онда эмульсия тұрақсыз болады. Мұндай майдың орташа тамшысындасудың бірнеше түйіршіктері пайда болады Онан әрі осы судың әрбір тамшысында май түйіршіктері пайда боуы мүмкін.

Берілген эмульсия тегін анықтаудың бірнеше тәсілі бар. Айталық, берілген эмульсия үлгісінде суда жақсы еритін, мысалы, метиленді көк бояуын қосады. Егер эмульсия М/С текті болса, онда микроскоп арқылы қарағанда судың көк бояуымен қатар майдың түссіз тамшысы көрінеді. Ал егер С/М тектегі эмульсия болса, онда түссіз май тамшысының тұсында судың көк бояуы байқалады. Мұндацда судың барлық тамшыларының бояла беруі шарт емес. Сондай-ақ эмульсия тегін анықтау үшін он ың электрөткізгіштігін өлшеуде қолданылады. М/В тектегі эмульсиялар электр тогын өткізеді, өйткені ондағы үзіліссіз фаза су. Ал үзіліссіз фазасы май болатын В/М тектегі эмульсиялар электр тоғын өткізбейді.

Эмульсиялар бір-бірінде ерімейтін сұйықтықтардың ірі дисперсті қоспалары. Бұл типтегі системаларда бір сұйықтық дисперсионды орта ролін атқарса, екіншісі біріншісіндеөте ұсақ бөлшектер түрінде таралып,дисперсті фаза ролін атқарады. Эмульсиялар табиғаттакөп таралған. Мыс, мұнай, түрлі шырындар, сүт, сары май, маргарин, қаймақ және т.б.

Әдетте, судағы май типтес эмульсиялар майдағы су типтес эмульсияларға қарағанда электр тогын әлдеқайда жақсы өткізеді.Құрамындағы дисперсті фазаның мөлшеріне байланысты эмульсияларды тағы да үш топқа бөледі: 1) сұйық эмульсиялар, 2) концентрациялы эмульсиялар, 3) жоғарғы концентрациялы эмульсиялар.

Сұйық эмульсиялардың дисперсті фазасының концентрациясы 0,1%-ке дейін болады. Концентрациялы эмульсиялардың дисперсті фазасының концентрациясы 75% дейін болады. Бұл типтегі эмульсиялар микрогетерогенді және дисперсті бөлшектерін микроскоппен оңай көруге болады.Жоғарғы концентрациялы эмульсияларды желатиналанған эмульсиялар деп те атайды. Олардың дисперсті фазаларының тамшылары күшті деформацияланған. Шар типтес тамшылар деформациялану нәтижесінде көп қырлы болып келеді. Ондай бөлшектер тығыздалып орналасуға бейім болып келеді. Сол себепті де жоғарғы концентрациялы эмульсияларда дисперсті фаза мөлшері 99% дейін болады. Желатиналанған эмульсиялар қаттылау болады: өз формасын сақтап, аққыштығы өте төмен болады. Оларға сары май, маргарин, майонез жәнет.б жатқызуға болады.

Эмульсиялардың тұрақтылығын арттыу үшін қолданылатын заттарды стаблизатор немесе эмульгаторлар деп атайды. Эмульгатор ретінде көптеген анорганикалық және органикалық қосылыстар қолданылады. Мыс, судағы май (М\С) типтес эмульсиялар үшін CaCO3, Ca(SO)4, Fe(OH)3, SiO2, саз, желатина, казеин, крахмал, декстрин, сілтілік металдардың тұздары және бояулар қолданылса, ал майдағы су (С\М) типтес эмульсиялар үшін PbO PbS, күйе, смолалар, каучук, көп валентті металдардың сабындары эмульгатор ретінде қолданылады. Қатты эмульгаторларға қарағанда жоғары молекулалы қосылыстардың және сабындардың эмульгаторлық әсері мол. Эмульсияға эмульгаторды қосқанда олар эмульсия тамшыларына адсобцияланып, беттік керілісін кемітеді. Және сонымен қатар тамшылардың бетінде берік адсорбциялық қабат (пленка) түзеді. Нәтижесінде эмульсия тамшылары өзара бірікпейді яғни коалесценцияға ұшырамайды. Эмульсия тамшыларының өзара бірігіп, системаның жеке фазаға жіктелуін коалесценция деп атайды.

Кейбір жағдайларда эмульсияның бір түрін екінші түріне айналдыруға болады. Олүшін эмульсия тұрақтылығын арттыру үшін қолданылатын эмульгатор табиғатын өзгерту керек. Мыс, судағы май (М\С) типтес эмульсиясы үшін эмульгатор ретінде натрий олеаты қолданылады. Ал егер осы эмульсияға аз-аздап кальций хлоридін қосатын болсақ, кальций олеаты түзіледі де, оның эмульгаторлық әсері натрий олеатына қарама-қарсы болады. Системаға CaCL2 қосу барысында май мен су жартылай жіктеліп, қайтадан тұрақты система-майдағы су (С\М) типтес эмульсия пайда болады. Бұл құбылысты эмульсия фазаларының айналуы деп атайды. Фазалардың айналуын эмульгаторлармен алмастырумен қатар эмульсияны ұзақ уақыт шайқау арқылы да іске асыруға болады. Мыс, қаймақты қозғап шайқау арқылы май алуға болады. Бұл кезде судағы (май типтес эмульсия (қаймақ) майдағы су типтес эмульсияға (майға) айналады.

Эмульсия тұрақтылығын жоюдың практикалық маңызы үлкен. Тұрақтылығын жоюдың үш жолы бар: 1) химиялық жою; 2) механикалық әсер ету арқылы жою, 3) термиялық жою. Мысалы, сүттің майлылығын анықтағанда, оның эмульгаторын күкірт қышқылымен жоюға болады: қаймақ, кілегейді шайқап араластыру нәтижесінде май алу; май күйдіру т.б.

Эмульсияны алу үшін бір сұйықтықты екінші сұйықтықта дисперстейді: қатты шайқау, араластыру, кейбір жағдайларда ультрадыбыс әсеріменде алады.

Эмульсиялардың халық шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, косметикалық тауарлар өндіруде маңызы үлкен.

 

 

Date: 2015-05-08; view: 1841; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию