Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Көз ұясының зақымдалуы





Көз ұясының зақымдалуы ауыр травмаларға жатқызылады. Жиі мұрын маңы қойнауларының, ми, жақ-бет аймағының (зақымдау факторына, жаралық каналдың бағыты мен ұзындығына байланысты). зақымдалуымен қосарланған болады. КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ ШАҒЫМЫ: Көрудің төмендеуі;Көз аламасы қозғалғыштығының бұзылуы.Офтальмологиядағы шұғыл жағдай. ■ Физикальды тексеру кезіндегі симптомдар:

экзофтальм немесе энофтальм(сүйектік қабырғасының үлкен көлемді сынықтарында);

Қабақтың тері асты эмфиземасы және орбитаның ішкі қабырғасының зақымдалуында периорбитальді аймақты пальпациялағанда крепитациясы;ликворея (миға енген зақымдалу). Емі:Асептикалық байлам таңу.Кең спектрлі антибиотиктерді, анальгетиктерді енгізу.Көп профильді стационарға госпитализациялау, офтальмологиялық көмекпен қатар, нейрохирургиялық, ЛОР, бет-жақасты хирургиялық көмекпен қамтамасыз ету.

Көру мүшесінің контузиясы (көздің жабық травмасы) Көздің жабық травмалары тұйық затпен зақымдағанда болады.Ауырлық дәрежесіне байланысты жеңіл, орташа, ауыр дәрежелі болады.

Қабақ контузиясы КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ Клиникалық көрінісі травманың ауырлық дәрежесіне байланысты.

■ жеңіл травма: Конъюктива асты және тері асты қан кету;Қабақ шеттерінің жыртылуы.

■ Орташа дәрежесі:Айқын тері асты қан кетулер;Қабақтың бос шеттерінің жыртылуы (3—5 мм дейін).

■ Ауыр дәрежесі:Едәуір жыртылу-езілу жарасы;Қабақтың латеральді немесе медиальді бұрыштарының (көз жас өзегінің зақымдалуымен) жұлынуы;Қабақтың толық жұлынуы (өте сирек)

Емі

■ Антибиотиктерді, анальгетиктерді енгізу,орташа және ауыр дәрежедегі жұлынып езілген зақымдалумен қосарланған контузияда монокулярлы байлам таңу қажет. ■ Жәбірленушіді офтальмологқа жолдау.

■ Кей жағдайларда қабақтың контузиясы көз алмасының немесе көз ұясының зақымдалуымен қатар жүреді.

Көз алмасының контузиясы:Клиникалық көрініс зақымдалу дәрежесіне байланысты.

■Жеңіл дәрежесі: Шамалы көру өткірлігінің төмендеуі; Конъюктиваға астына қан кету;Қасаң қабақтың ісінуі;

■ Орташа дәрежесі: Нұрлы қабықтың қарашықтық шекарасының жұлынуынан қарашықтың деформациясы немесе мидриаз;Гифема болуы мүмкін(менисктің горизонтальді деңгейі 1—2 мм).Көру өткірлігі сақталған немесе шамалы төмендеген.

■ Ауыр дәрежесі: Көру өткірлігінің едәуір төмендеуі (екі еседен аса);Конъюктиваға қан кету (гипосфагмалар);

Алдыңғы камераның толық немесе жартылай қанға толуы (гифема);Нұрлы қабық түбінің үзілуінен қарашықтың деформациялануы (иридодиализ);Жиі қарашық көрінбейді («көз қанға толы»);Көз гипотониясы («көз шүбірек тәрізді жұмсақ»), ол склераның конъюктива асты жыртылуында көз капсуласының жарасы көрінбейді, бірақ ішкі құрылымының ауыр жарақаттары болады.Емі:Көру функциясының төмендуін ауыр травма ретінде қарастыру қажет. Науқасты бинокулярлы байламда арнай мамандырылған стационарға жеткізілуі керек.

Көз ұясының контузиясы Клиникалық көрінісі травманың ауырлық дәрежесіне байланысты.

■жеңіл дәрежесі: Шамалы диплопия;Көз аламасы қозғалысының шектелуі.

■ орташа дәрежесі: Ауырсыну синдромы;Көз аламасы орналасуының өзгеруі және қозғалғыштығының шектелуі;

Шамалы диплопия.

■ ауыр дәрежесі:экзофтальм немесе энофтальм;Көз қозғалғыштығының толық шектелуі (офтальмоплегия);

птоз (қабақтың ісінуі тәрізді болуы мүмкін);Орбитаның сүйектік қырының дефектісі (симптом «ступеньки») сынған жерде ауырсынудың болуы;крепитация (ішкі қабырғаның сынуы кезіндегі эмфизема);

Жарыққа сезімталдығының жоқтығына дейін көру өткірлігінің едәуір төмендеуі, ол торлы қабықтағы орталық артерияның қысылуынан, көру нервісінің ретробульбарлы гематомамен басылуынан немесе көз ұясы ұлпаларының реактивті ісінуінен, оның көз аламасының немесе көру нервісі каналының зақымдалуымен түсіндіріледі (травматикалық оптикопатия);

көз алмасының жоғарғы саңылау синдромы: птоз, офтальмоплегия (көз қозғалғыштығының төмендеуі немесе болмауы), үштік нервісінің бірінші тармағының проекциясы аймағында сезімталдықтың бұзылуы.

Емі: Орташа немесе дәрежедегі контузияларда анальгетиктерді енгізіп, бинокулярлы байлам таңады, офтальмологиялық стационарға жатқызылған қалыпта тасымалдайды.Жеңіл контузияларда окулисттің қарауында амбулаторлы емделеді.

Көз күйіктері:КЛАССИФИКАЦИЯ: Этиологиясы бойынша: химиялық; термиялық; Энергия сәулесімен.

Ауырлық дәрежесі бойынша ажыратады: Жеңіл (I дәреже).орташа (II дәреже).Ауыр (III дәреже).

Date: 2015-06-08; view: 1480; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию