Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Карл Линнейдің эволюциялық көзқарасы





Билет №21

Эволюциялық ілім. К.Линней мен Ж.Б.Ламарктың еңбектері және оларға берілген ғылыми бағалар. 2.Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе ағзаның тыныс алуы.АТФ-синтезі. 3.Кесте бойынша гаметагенездің аймақтарын көрсет.

 

1. Эволюция деген сөз латынша “evolutio”- “тарихи даму,өзгеру,өрлеу”деген мағынаны білдіреді.Эволюция ұғымы-уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді.Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677жылы М.Хейл енгізеді,ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі Ш.Бонне (1720-1793ж) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғаннан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағыттары мен заңдылықтарын зерттейді.Эво-люциялық ілімнің ғылыми негізін салған көрнекті ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882жж).

Карл Линнейдің эволюциялық көзқарасы

Тірі организмдерді жүйелеуде көрнекті швед ғалымы К.Линнейдің(1707-1778)еңбегі аса зор болды.Ол биология ғылымындағы алғашқы жүйеленім(систематика)ғылымының негізін салушы.1735 жылы “Табиғат жүйесі”деген еңбегі жарық көрді.К.Линней 8000-нан астам өсімдікке жіне 4000-нан астам жануарларға сипаттама жазды.Ол тірі организмдерді ұқсас белшілеріне қарап:түрлерді- туысқа,туыстарды- отрядқа,отрядтарды- классқа топтастырды.Ол осылайша белгілі ретпен жүйелік топтарды сатылы деңгейде белгілеп,әрбір түрді латтынның қос сөзімен атауды ұсынды.Мұндағы бірінші сөз-туыстың,екінші сөз-түрдің атынт білдіреді.Мұны ғлымда түрді қос сөзбен атау (бинарлық номенклатура)деп атайды.Оның жүйелеуіндегі ең жоғары жүйелік топ- класс,ең кішісі- түр тармағы деп аталды.Кейінгі кездегі ғылымның дамуына сәйкес жануарларды жүйелеуде отряд,тип;өсімдіктерде қатар,бөлім деген жүйелік топтар қосылды. К.Линней өсімдіктерді жүйелегенде көбіне гүлдеріндегі аталықтары мен аналықтарының санына,ал жануарларды тыныс алу жіне қан айналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді.

Мысалы,сүтқоректілер,құстар қосмекенділер,балықтар,жәндіктер,құрттар деп бөлді.Құстарды отядқа жіктегенде тұмсықтарының пішініне,сүтқоректілерді тістерінің құрылысына қарап топтастырды.Мұндай кездейсоқ белгілеріне қарап жүйелеудің нәтижесінде,К.Линней көптеген кемшіліктерге жол берді.Сондықтан оның жүйесі” жасанды жүйе” болды,осыған сәйкес бір біріне туыстық қатысы жоқ организмдер бір туысқа жатқызылды.Мысалы,сәбіз бен зығырдың гүлдеріндегі аталықтарының саны бесеу болғандықтан бір туысқа біріктірген.Шын мәнінде бұл екі өсімдік екі түрлі туысқа жатады.Ол тауық пен түйе құсты бір отрядқа топтастырды.Негізінде,тауықтар қырлы төссүйекті құстар,ал түйеқұстар қырсыз төссүйектілер болып,жеке отрядтан да жоғары жүйелік топтарға жатады.К.Линней өз жүйелеуіндегі осындай кемшіліктерге қарамастан,биологиядағы ғылыми жүйелеуге көп үлес қосты.Ол адамды сүтқоректілер класына,оның приматтар(майм ылдар)отряядына жатқызып,түрін- саналы адам (Homo sapiens)деп ғылыми дұрыс жүйелейді.

Date: 2015-06-07; view: 2637; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию