Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оңтүстік Азия елдері – Үндістан, Непал





Үндістан Республикасы Оңтүстік Азияның Үндістан түбегінде орналасқан. Елдің аумағы 3,1 млн. шаршы шақырымды қамтиды. Шекаралас мемлекеттері – Пәкістан, Қытай, Непал, Бутан және Мьянма. Астанасы – Дели қаласы. Халқының саны 1 млрд-тай адамды құрайды.

Үндістан жартылай муссонды-тропикалық климатта жатыр. Үнді-Ганг ойпатының батыс аймағына тропикалық құрғақ климат тән, ал Гималай мен Каракорумда таулы, салқын субтропикалық климат. Ең жылы мамыр айының орташа температурасы +25˚С, ал елдің солтүстігінде +30˚С ға дейін, ал оңтүстікте Тар шөлінде +36˚С-ға дейін, қаңтар айында Гималай тауының етегінде +15˚С, түбектің оңтүстігінде +28˚С көрсетеді.

Үндістан 5 мың жылдан астам ежелгі тарихы бар өркениеттің отаны. Месопотамия, Парсы, Грекия, Қытай, мұсылман және еуропа мәдениеті көп ғасырлық даму кезінде өте үлкен ықпалын тигізді, сондықтан Үндістан мәдениетіне өзіндік әртүрлі әдет-ғұрыптар тән. Үндістанда 4 дін (индуизм, буддизм, джайнизм, сикхизм) пайда болды. Біздің заманымыздың ХV ғ. дейін елдің солтүстік-батысынан мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысатын Арий халқы көптеп келе бастады. Олар жартылай жергілікті тұрғындар Дравиди тайпасымен араласты және оларды түбектің оңтүстігіне ығыстырды. Олардың ең құнды шығармаларына көне Үнді әдебиетінің Ведалары (б.э.д. 2500 – 5000 жыл) жатады, оның мәтіні негізінен дін туралы болып келеді. Сонымен қатар Санкрит халқының Махабхарат (б.э.д. IV – б.э. IV ғғ.) және Рамаяна (б.э.д. IV – б.э.д. II ғғ.) эпопеяларын да осындай шығармалардың қатарына жатқызуға болады.

 

Үндістанның туристік-рекреациялық және тарихи-мәдени әлеуетін мыналар құрайды: 3 негізгі табиғи аймақтың – Гималай, Үнді-Ганг ойпаты және Декан таулы үстірті (базальтты жазықтық) экзотикалық табиғаты; этникалық калейдоскоп және мәдениет; қызықты діни және ұлттық мейрамдар; Үндістанның Варанси, Патна, Дели, Мадурай сияқты ежелгі қалалары. Үндістанның ауқымды архитектуралық ескерткіштері ежелгі және ортағасырлық кезеңдерге жатады. Қасиетті 1000-нан аса шіркеу мен сарайларды Үндістанда «ашық аспан мұражайы» деп атайды.

Туристік-рекреациялық аудандастыруда Үндістан 11 маңызды ауданға бөлінеді: астаналық, солтүстік, батыс, орталық, оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық-солтүстік, шығыс, Сикким және де Үнді мұхиты аралдары.

Астаналық аудан Дели қаласын және оның маңындағы аймақтармен қосқанда 1,5 мың шаршы шақырым аумақты қамтиды. Дели – Үндістанның туристік орталығы. Қала туралы алғашқы деректерге Махабхаратаны жатқызады (б.з.д. 1400 ж.). Қала ескі және Жаңа Дели болып бөлінеді. Ең басты көшесі Канди Каукте – халықтың көп жиналатын орны үлкен базар орналасқан. Мұндағы көптеген сәулет ескерткіштер – қасиетті мұсылман ескерткіштері (Қызыл форт, мешіттер). Жаңа Дели ағылшындықтардың қол астында болғанда бой түзеді. Бұл қала ескі, көп құрылымды бизнес орталығы болған. Делидегі – Қызыл Форт, Джама Масджид, Радж Гхат, Джантар Мантар, Лаакшми Нараян ғибадатханасы, Кутб Минар, Үнді қақпалары, Секретариат ғимараты, Раштрапати Бхаван, Парламент үйі, Ұлттық мұражай, Қазіргі заманғы Ұлттық өнер галереясы, Дж. Неру мұражайы, Ұлттық қолөнер мұражайы, Сафдарджунг қабірі, Ұлы мешіт, Ұлы моғолдарды қабылдайтын қоғамдық зал, Ранг-Махал сарайы, Інжулі мешіт, ХVІІ ғ. Кутб-Минаре мұнарасы, ғасырлар бойы дат баспайтын металды бағаналар – әлемдегі кереметтердің бірі.

Кутб-Минар. Дели тарихының ежелгі дәуірінің ең тамаша құрылысына б.э. XII ғ. жататын Кутб-Минар (Жеңіс мұнарасы) жатады. 1199 ж. Кутб-Минар мұнарасын Кутб-ад-дин салған. Конус тәрізді биіктігі 72,5 м-ге жететін бес қабатты мұнара қызыл-сары құмнан салынған және әдемі өрнектермен безендендіріліп, Құраннан нақыл сөздер ойып жазылған. Кутб-Минар кешенінің аумағында әлемдегі жұмбақ құрылыстардың бірі – б.э. IV ғ. құйылған әйгілі Темір бағана орын тепкен. Ол туралы мынадай ескі сенім бар: кімде-кім бағанаға арқасын қаратып тұрып, оны қолымен ұстаса ол адамның арман-тілегі орындалады. Үнділер бағананың таң қаларлық күші бар екеніне ерекше назар аударады. Шындығында бағана құйылған темірдің ерекше қасиеті бар, XV ғ. бұрын салынса да темірді тот баспаған. Бұл құпия ғылымда ашылмаған. Кейбір ғалымдар Темір бағананы ежелгі жоғалып кеткен өркениеттің сирек куәгерлерінің бірі деп есептейді.

Лакшми-Нарайан хибадатханасы. Жаңа Делидің ескерткіштерінің бірі Кришна (Нарайана) құдайға және оның зайыбы Лакшмиге арнап ақшыл-қызғылт мәрмәрден салынған Лакшми-Нарайан ғибадатханасы болып табылады. Индуистік діндегі кеңінен таралған құдайлар Кришна мен Лакшми – махаббат пен отбасылық бақыт жебеушісі. XX ғ. басында елдегі бай адамдардың қайырымдылық қаражаттарымен салынған және Махатма Гандидің қатысуымен ашылған.

Қызыл Форт. Қызыл Форт немесе Лал-Кила аты қызыл құмдағына байланысты аталған, ал осы құмнан оның қабырғалары тұрғызылған. Қабырғаның периметрдегі ұзындығы 2,4 шақырым., ал биіктігі өзен жағынан 18 м-ден, қала жағынан 33 м-ге дейін барады. Форт 1639-1648 жж. аралығында могол билеушісі Шах-Джахан кезінде бой көтеріп салынды және өзінің байлығымен: мәрмәр, күміс пен алтын, сонымен қатар асыл бұйымдармен жасалған заттарымен танымал. Әр түрлі сарайлар мен қабылдау залдары үшін тым асыл материалдар қолданылған. Шах-Джахан өзінің императорлық резиденциясын Аградан Делиге немесе нақтырақ Шахджаханабад деп аталатын Жаңа қалаға көшіргісі келді. Сол жерде ол Қызыл фортты – жеке императорлық қала ретінде құрды.

Джама-Масджид мешіті. Джама-Масджид – Азияның ең ірі мешіттерінің бірі. Әр күндері діни мейрамдарда мешіттің кең ауласына мыңдай адам жиналады.

Солтүстік аудан. Бұл ауданның құрамында бірнеше аудандар бар, олардың ірілері – Пенджаб, Харияна, Джамму және Кашмир. Ең маңызды қалалары Амнисар мен Чандигарх. Аминисар қаласының негізін 1577 ж. сикхалар қалады,онда олар қасиетті кітапты сақтаған. Чандигарх – Пенджаб пен Харияна штаттарының астанасы, таудың төменгі бөлігінде орналасқан. Қаланың ең белгілі ескерткіші Раушан гүлдер саябағы болып табылады. Мұнда әр түрлі туристік сапар жолдары бар, олар Гималай аймағына апаратын жолдар. Олардың ішіндегі ең әйгілісі Сринагар жолы болып табылады. Яғни бұл Кашмирдің ең ірі туристік орталығы.

Таулы жерлері Гулмарг және Пахалгам қалалары. Одан әріректе тауға саяхат жасауға жақсы жағдай жасалған орындар бар. Әйгілі демалыс орны Симла Британдық Үндістанның «жазғы астанасы» болған. Ол тау-шаңғы курорттарымен әйгілі. Кангр аңғарындағы Дхарамсал туристік орталығы тибет мәдениетінің орталығы ретінде немесе «екінші Катманду» деп саналады. Тау – шаңғы демалыс орталықтары Далхоис, Камба және Қытаймен шекаралас таулы ел Кіші Тибеттің астанасы – Лех қалалары. Ладакхта жайлы тибеттік Қызыл және Сары қалпақты монастырлар бар.

Батыс ауданға Раджастан және Гуджарат штаты (Декан таулы қыратты ауданы) кіреді. Раджастанның астанасы – Джайпур 1728 ж. негізі қаланған. Джайпурада әртүрлі архитектуралық ескерткіштер, қаланың ескі бөлігінде Кондра резиденциясы, Махал, Астраномиялық обсерваториясы топтастырылған. Ахмадабад – аудандағы бай қалалардың бірі. Қалада ірі сауда орталықтары салынған. Үлкен ескерткіштер өздерінің бейне көріністерімен мұсылмандық жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Және де Джайсалмер, Амбер, Джодхпур қалалары дзинь қасиетті орталығы болып есептеледі.

Орталық аудан Деканның солтүстігін алып жатыр. Белгілі туризм орталығы Мжурахо – үлкен діни жиындардың орталығы. Бұл қала әртүрлі декорациялармен безендірілген. Мұнда буддалық Санче атты құнды архитектуралық ескерткіштер жиынтығы кездеседі. Ол б.з.д. III ғ. Асоки басқаруымен жүзеге асқан болатын. Аймақ аумағында 3 ұлттық саябақ орналасқан.

Оңтүстік-шығыс аудан Махарастра және Карнатака штаттарын қамтиды, және де Гоа, Даман мен Дуи аймақтары да енеді. Декан таулы үстірті аумағының батысында тауға жақын аймақтар – Батыс Гати және Арави теңіз жағалауы орналасқан. Басты туристік орталығы – Бомбей. Бұл Махагастра штатының астанасы Калькуттан кейінгі аумағы жөнінен 2-ші орын алатын ең үлкен теңіздік айлақ және сауда мен комерсия орталығы, ғылыми – білім орталығы болып есептеледі. Қала XII ғ. мұсылмандар үшін негізгі қала болды. Әкімшілік-сауда орталығынан және тұрғылықты аудандардан ескі қаланы ажыратуға болады. Бомбей қаласында да қызықты өнер туындыларынан Әулие Иоанна шіркеуі, Уэльс ханзадасының мұражайы, Әулие Томас шіркеуі, Тарапоревала аквариумі, Батыс Үндістан мұражайы, Виктория Грандз саябағы хайуанаттар бағымен бірге, ІІ-ІХ ғ. барельефтері бар Канхери үңгірі, VІІ ғ. жататын бірнеше ғибадатханалар бар. Малабар белестерінде әдемі Аспалы бақтар және Камал Неру саябағы, Махалаксми ғибадатханасы, Хаджи Али қабірі мен мешіті, Неру планетарийі, Элефант аралдары, Кришнагири Упаван Ұлттық саябағы, Монори Бич жағажайы, Монплезир, Джогешвари және Бассейн үңгірлері орналасқан.

Оңтүстік ауданына Керала мен Тамилнаду штаттары (Үндістан аумағының 5,1 %) кіреді. Бұл аймақтарға Декан таулы үстірті мен Батыс Гат таулары жатады. Бұл британдық бөлімше сонымен қатар мәдениет, сауда және тарихи орталық болып табылады. Мұнда Әулие Григори айлағы, Әулие Томас кафедрасы, үнділік святын мен мұражайлар бар. Бұл ауданда мұсылман және христиан ғибадатханалары кездеседі. Басты демалыс орталығы теңіз жағалаулары және Батыс Гат биік таулары. Бұл тауда Мудумалай қорығы орналасқан.

Оңтүстік-шығыс ауданына Андхра Прадес және Ориса штаттары кіреді (13,2%). Басты туристік орталықтары: Хайдарабад, Бхубанесвар және Пури. Хайдарабад – Андхара Прадеш штатының астанасы. Мұнда Үндістандағы ең үлкен хайуанаттар бағы бар. Бхубансвар – индуизм белгілерімен танылған қала.

Орталық-солтүстік ауданына Уттар Парадеш және Бихар штаттары (14,2%) енеді. Туризмнің дамуында басты рөлді, тарихи орталықтары орталық Агра, Варанаси, Патна қалалары иеленеді. Ұлы Моғолдардың астанасы болған Агра қаласы біздің эрамыздың басында құлатылды. Мұнда үлкен ислам дінінің өкілдері болды. Оларға Тәж-Махал кесенесі, тағы басқа 1635 жылдардағы Үндістандағы керемет Шах-Джахан ескерткіштерін жатқызуға болады.

Махаббат ескерткіші (Тәж-Махал). Тадж-Махал Ямун өзенінің жағасында және саябактардың арасында тұр, оның айбарлы және шынайы бейнесі судың бетіне түсіп тұрады. Мәрмәр ай астында күмістей жарқырап тұр, таң арайынан қызғылт түстеніп шығып келе жатқан күн сәулесінен алау түске айналуда. Бұл ертегідей ғажап мавзолей Джахан ханның тұсында өзінің сүйікті әйеліне арнап тұрғызылған. Мәліметтерге сүйенсек, ол жыл азап шеккен және әйелінін қабірінің басында әлемде еш нәрсеге тең келмейтін ерекше ескерткіш орнатамын деп әйеліне ант береді. Тадж-Махалдың құрылысы - жылдар арасында бірнеше кезеңде жүргізілді. Бұл ғимараттың құрылысына мың үндістер жалданып жұмыс жасаған, сонымен қатар Орталық Азиядан жұмысшылар алынған. Басты сәулетші Иран мемлекетінің Шираза қаласынан шақыртылды, ал кереметтей еуропалық шеберлер бас ғимараттың қасбетін жайнатты. Көптеген суреттерде көрсетілгендей бұл ғимарат толықтай ақ түске бейнеленбеген. Оның беті мыңдаған қымбат тас оймышты, ал каллиграфиялық орында бедерлер үшін қара мәрмәр пайдаланылды. Ертеректе Тәж-Махалдың есіктері күмістен болған, ал іші алтындай жарқырап тұрды. Ұрылар осы қымбат заттарды, жиі-жиі бедерлі тастарды ұрып-соғып ұрлап әкететін. Бірақ бұған қарамастан, бұл ғимараттың әсемдігі кесенеге келушілер назарынан тыс қалмайды. Тәж-Махалдың ажалсыз көркі ақындарға, жазушыларға, суретшілерге серпілістің басталуына қызмет етеді. Ал айлы түндерде ғашықтар осы ескерткіштің көлеңкесінде кездеседі.

Агра форты. Агра фортын салу Акбар ханы кезінде басталған болатын, ал салынып бітуі тек шах Джахан кезінде жылы біткен. Негізгі басты міндеті тек әскери жағынан қолдану болған, қамал жайлап сарайға айнала бастайды.

Варанаси қаласы Гангтың жағалауында орналасқан және Үндістандағы мұсылмандық мәдениет дамыған қалалардың бірі. Панта қаласы – Бахар штатының астанасы болған, өз уақытында Ұлы Моголов басқарғанда Непалға баратын жолдағы сауда нүктесі болған. Бұл аймақтың қолөнершілерінің қолынан шыққан бұйымдары көпшілікке белгілі. Және де осы ауданның Дехрадун, Муссури, Алмора қалаларындағы ұлттық парктерде таудағы шаңғы туризмі жақсы дамыған.

Шығыс ауданға Асам, Батыс Бенгал, Манипур, Мегхалайя, Нагаланд және Трипура штаттары жатады (10,4 %). Калькутта – бұл Үндістандағы ең ірі қала, елдегі ең ірі халықаралық саудасы мен туризмнің шоғырланған орны. Оны 1686 ж. ағылшындықтар басып алды, және өздерінің орталықтары ретінде жариялады. Бұл жағдайлардан кейін де ел өзінің сырқы жіне ішкі стратегиялық белгілерін, үнділік сипатын жоғалқан жоқ. Қаланың ортасында Маден саябағы құрылған, мұнда үлкен тарихи ескерткіштер: Уильям форты, көптеген өнер туындылары, мұсылмандардың арманы мен үнділік қасиетті туындылары үйлесім тапқан мұражайлар салынған. Мұнда да тамаша үлгідегі қонақүйлер мен туристердің көңіл көтерулеріне арналған ойын-сауық орталықтары бар.

Калькутта Үндістандағы ең ескі метрополистердің бірі. Ол бұдан 300 жыл бұрын «Бритиш ИстИндиаКомпани» өкілі Джоб Чэрнок негізін қалады. Ол Наваб Бенгалдан үш ауылдық жерді сатып алып, оның орнына қазір Калькутта деп аталатын қала салынды. Үндістанның басқа қалалары, Бомбей және Мадрас сияқты Калькутта да ХVІІ ғ. еуропалық мәдениеттің ықпалын сезді және Шығыстың ірі отарлық орталығының бірі болды.

Қазір Калькутта – дүние жүзілік туризм орталығының бірі, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды тек жылы климатымен ған емес және де Үндістанның көпғасырлық мәдениетін көрсететін көптеген көрікті орындарымен қызықтырады.

Ұлттық кітапханасы. Калькуттаның ұлттық кітапханасы әлемнің ең жақсы кітапханасы болып табылады, өзінің қорында 8 млн-дай кітап, 2 мың қолжазба және шамамен 700 түрлі кезеңді басылымдар бар. Үндістанда басылып шығатын барлық кітаптар міндетті түрде Ұлттық кітапхана қорына барады.

Хайуанаттар бағы. Хайуанаттар бағы 1876 ж. ашылды. Оның құстар және жануарлар коллекциясы Азияда өте жақсы деп танылады. Хайуанаттар бағында тым сирек кездесетін жануарлар – ақ жолбарыс, керемет патша кобрасы және экзотикалық жануарлардың бірнеше түрі. Хайуанаттар бағы демалыс пен көңіл көтерудің ең сүйікті жері болып табылады. Хайуанаттар бағының келушілері пони мен пілдер қыдырта алады. Хайуанаттар бағының ортасында үлкен көл орналасқан, көлді қыстау орны ретінде саны көп жыл құстары келушілерді қызықтырады.

Үндістан мұражайы. ХІХ ғ. аяғында салынғанбұл мұражай Үндістанның ең үлкен мұражайы болып саналады. Мұражай 6 секторға бөлінеді: өнер, археология, антропология, геология, зоология және ботаника. Ол мүсін, мата, тиын және басқа да археологиялық табылған олжалар коллекциясы қойылған 40 негізгі галереядан тұрады. Өнер секторында 10 мың көркем сурет көрмесі, Үндістан халқының киімі мен халықтың өндіріс заттары бар. Археология секторы көнені жақсы көретіндерге нағыз қазына болып табылады, келушілер ежелгі тыйындарды, көне мүсіндерді, сонымен бірге мысырлық мумияларды көре алады. Геология секторында Азиядағы ең үлкен метеориттер жинағы орналасқан.

Виктория мемориалы. Виктория мемориалы – Тәж-Махал үлгісінде, ақ мәрмәрдан салынған керемет сәулет құрылысы. Оны ХХ ғ. басында Виктория патшайымның құрметіне салынған. Ажарлы бақтар мен көгалдар, ескі зеңбіректер мен Виктория патшайымының қола мүсіні кешенге кіре берісте ұмытылмас таң қаларлық атмосфераны құрайды.

Ганг жағалауынан батысында ең көне Үнді ботаникалық бағын (1786 жылы егілген) көруге болады. Атақты курортық аймағының қатарына Дардзылингті жатқызады. Оның негізі Гималайдың 2100 м биіктігіндегі шай плантациясында қаланған. Сонымен қатар индуистік оқу орталықтары бар, онда индуизмді оқыту орталығы орналасқан. Сонымен қатар туристерге Кебул, Казиранга, Манас сияқты ұлттық саябақтар да қызықты болып келеді.

Сикким Үндістанның жалпы аумағының 0,2%-ын алады. Бұл Гималайдың шығыс жақ бетінде терең және жіңішке өзендер ағып жатқан аймақ. Гангток – Сиккимнің астанасы және қолөнершілік пен буддалық святындармен танылған қаласы. Гангте тибетология Институты бар, онда Тибет мәдениеті мен тибет тілін оқытуды мақсат етеді.

Үнді мұхиты аралдары (Андаман және Никобар аралдар тобымен Лакадив аралы). Туристердің басты көңіл бөлетін әдемі жерлеріне пляждар мен жағажайлары, экзотикалық бақтарытаулы аймақтары жатады. Әр елден келетін туристердің талғамына байланысты: пляждық – курорттық (Гао штатының шығыс жағалауы); таулы туризм (атақты Гульмарт, Куфри, Анди таулы шаңғы демалыс орындары); рафтинг (Гималай тауының өзендері); дельтаплантаризм (Гималай); түйемен саяхат жасау орындары болып (Тахар шөлі) бөлінеді.

2000 ж. Үндістанға 2,6 млн турист келді. Туристердің басты ағыны Европадан (896 мың адам) туристердің 35%-ы, Оңтүстік Азиядан (664 мың адам) 22%, Америкадан (448 мың адам), Шығыс Азия және мұхиттық аралдардан (389 мың адам) 13% келді. 2010 ж. туристер саны артты.

 

Непал

Непал – Оңтүстік Азиядағы Гималай тауының орталық бөлігіндее орналасқан кішкентай корольдық мемлекет. Ол Қытай және Үндістан сияқты үлкен мемлекеттермен шектеседі. Непалдың аумағының аумағы 147,2 мың шаршы шақырымды құрайды. Халқы шамамен 24 млн. адам. Негізгі тұрғындары – непалдықтар. Ресми тілі – непал. Халқының 86%-ы индуизм, қалғандары будда, ислам діндерін ұстанады. Астанасы – Катманду қаласы. Әкімшілік жағынан 14 аймаққа бөлінеді. Конституция бойынша мемлекет басшысы – король. Жоғары заң шығарушы органы – 2 палаталы парламент (Өкілдер палатасы және Ұлттық ассамблея). Ұлттық мерекесі 28 желтоқсан (1945) – корольдің туған күні. Ақша бірлігі – непал рупиі.

Непал таулы жер. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 қатар тау жотасы созылып жатыр, аралықтарында үлкен аңғарлар мен қазаншұңқырлар бар. Елдің оңтүстігінде Сивалик тау жотасы, сондай-ақ Үнді ойпатының кішігірім фрагменттері созылып жатыр.

Климаты негізінен субэкваторлық, муссондық, биіктік белдеулерде – таулық. Оңтүстікте шілдедегі орташа температура 30ºС, таулы аймақтарда 0-20ºС; қаңтарда 15ºС, таулы өңірлерде – 0-10ºС-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм, қазаншұңқырларда 1500 мм. Өзендерінің (Ганг алабы) ағыны қатты, су құламалары көп. Ірі өзендері: Карнали, Гандак, Коси, Багхмати. Гималай етектері мен тау беткейлерінде муссондық қалың орман өскен. Ылғалды жерін батпақты өңір мен джунгли алып жатыр. Тау беткейлерінде мәңгі жасыл жалпақ жапырақты орман және одан жоғары белдеулерде қылқан жапырақты орман қалыптасқан.

Ел ауданының аздығына қарамастан, Непал өзінің тамаша ландшафтысымен әлемдік туристерді қызықтырады. Елдің басты көзтартарлық аймақтары – таулар. Непалда әлемнің ең биік 8 шыңы, Аннапурн мен Мачапукчидін танымал массивтері сондай-ақ жаяу саяхаттары үшін мыңдаған маршруттары мен көркем орындар бар. Елдегі назар аударарлық жайт Непалдың тарихы мен мәдениеті. Монастырлар мен басқыш табалдырықтар, мыңдаған салт-дәстүрлер мен мерекелер, елдің бай тарихы мен мифологиясы, халықтардың және діндердің ғажайып ондығы, фестивальдар мен діни мерекелер және тағы басқа қызықтырарлық бейнелер. Катманду аңғары елдің халық ең көп шоғырланған бөлігі. Мұнда елдің үш басты қаласы орналасқан, Қазіргі астанасы Катманду және екі ескі қала – Лалитпур немесе Патан және Бхактапур. Непалда екі әлемдік дін таралған: олар индуизм және буддизм; мұсылмандар мен христиандардың кішігірім топтары бар, сондай-ақ ежелгі анимизм, шаманизм және дуалаушылықтың нышандары білінеді. Непал қазіргі кезде буддаға дейінгі Бон-по дінінің дәстүрлері мен монастырлары сақталған әлемдегі жалғыз ел.

Непалдың шетелдік туристерді қызықтыратын басты көрікті орындары ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасының қатарына қосылған мәдени-діни ескерткіштері – буддалық Сваямбхуматх, Будматх мүсіндері, үнділік Пашупатинатх, Чангу Нараян храмдары, Катманду Корольдық сарайы және Сарай алаңы, Патана Корольдық сарайы, Бхактапура Корольдық алаңы; табиғи саябақтардан: Эверест ұлттық саябағы, Читван Корольдық ұлттық саябағы. Туристік қозғалыс концентрациясының басты ауданы Катманду, Патан және Бхадгаун туристік орталықтары орналасқан Катманду аңғары болып табылады.

Непалдың астанасының негізі 724 ж. қаланған (алғашқы Кантипуа атауы 1593 ж. дейін қолданылды). XVIII ғ. екінші жартысында қаланың сауда және саяси дамуына әсерін тигізген Гиркха корольдығының орталығы құрылды. Катманду архитектурасына тар көшелердің бойындағы аз қабатты құрылыстар тән. Архитектуралық үздік туындылардың көпшілігі астананың батыс бөлігінде орналасқан (Ескі қала), оның орталығы Дарбар сарай алаңы болып табылады. Ортағасырлық «Непалдық корольдер» сарайы, «тірі» Кумари құдайы ғибадатханасы, XII ғ. Кастамандап (әлемдегі сақталған ең ежелгі ағаш құрылыстарының бірі), Буднатх, Парасаттылық құдайы мүсіні (900 м). Катмандуды қоршаған тауларда Нагаркот, Дхуликхел, Покхара – танымал курорттық зоналары орналасқан.

Катмандудың оңтүстігінде орналасқан Патан 650 ж. құрылған. Мұнда сақталған тарихи және мәдени ескерткіштердің көпшілігі XVI-XVIII ғ.ғ. жатады. Архитектураның ең ескі нысандары үнді королінің жасатқан 4 будда мүсіні болып табылады. XVII ғ. қаланың орталық бөлігінде – Дарбар алаңында орналасқан ағаш – кірпішті конструкциялы сарай құрылысының үлкен кешені құрылды. Қасында үнділік қасиетті орындар орналасқан (Кришна – XVІI ғ., Миннатху – XVI ғ., Кумбесвару – XVI ғ.). Бхадгаун (Бхактатур) Катмандудың батысында 12 шақырымда орналасқан, 865 ж. құрылған. XV-XVI ғғ. корольдіктің астанасы болды. Оның қарамағында барлық Катманду аңғары болды. Ол Корольдік сарай (XVI ғ.), Алтын қақпа (XVII ғ.), сондай-ақ Бхавани және Ньятапол сияқты ежелгі, жақсы сақталған архитектуралық ескерткіштерімен ерекшеленеді. Непал халықаралық табынушылық орталықтарының бірі болып табылады. Непалдың оңтүстігінде Лумбини ауданы орналасқан.

Боднатх Непалдағы тибеттік буддизмнің негізгі орталығы. Ғибадатхана VI ғ. салынған және ол тарихи деректерде жиі кездеседі. Боднатх арқылы Тибеттен Үндістанға қарай өтетін жол өтіп жатыр. Сондықтан осында көптеген табынушылар тоқтаған.

Пашупатинатх – индуизмнің ірі ғибадатханалық кешені. Ол Багмати өзенінің екі жағында елдің астанасы Катмандудың шығыс шетінде орналасқан. Мұнда күн сайын әлем елдерінен, әсіресе Непал мен Үндістаннан мыңдаған табынушылар келеді.

Непалдағы туризмнің ең көп таралған түрлерінің қатарына діни, таулы, рафтинг (тау өзенінде жүзу), треккинг (таулы өлкедегі велосипед туризмі), байкинг (мототуризм), пілдерді және джиптердегі сафариді жатқызуға болады.

Әлемдегі жалғыз үнділік корольдық болып табылатын Непалға сонымен қатар альпинизммен байланысты экотуризм де тән. 1950 жылдардың ортасына дейін Непал шетелдіктер үшін жабық болғандықтан, ел өзінің ұлттық нақышы мен өзіне тән ерекшеліктерін сақтап қалды. Бұл кедей ел, бірақ халқы өздерін кедейміз деп есептемейді, адамдық қасиеттері бар, және өздерінің ережелері бойынша өмір сүреді. Туристерді Гималайдың әлемдегі ең биік шыңдары, оңтүстіктегі джунглилер, Катмандудың қайталанбас табиғаты мен ерекше архитектуралық ғимараттар, жарқын мерекелер, сондай-ақ халықтың мәдениеті қызықтырады.

Катманду – Непалдың астанасы, млн-ға жуық тұрғыны бар Непалдың ең ірі қаласы. Елдегі саяхат көбіне осы жерден басталады. Гималайдың етегінде, 1400 м биіктікте орналасқан. Катманду тарихы бастауын ертеден алады, оның жасы шамамен 2500 жыл. «Катманду» сөзі «Ағаштан жасалған ғибадатхана» мағынасын білдіреді. Қала өзінің ағаш архитектурасымен әйгілі болған. Қаланың көрікті жерлерімен 3-4 күн ішінде толық танысып шығуға болады.

Қалада көрнекі орындар көп, олардың ішінде ең танымалдары қала атымен аталған ағаш ғибадатхана Кастхамандал (723 ж.), Джаганнатх ғибадатханасы, Ашок Винаяк, Джайми Девал, Света (Джанмадио), аспан құдайы Акаш Бхайрав ғибадатханасы, Гледжу ғибадатханасы (1549 ж. ашылды), туған орталығы аралда орналасқан Гани Покхарн, Кумари Гхар сондай-ақ шағын культтік ғимараттар, Бодхнат (Непалдың ең үлкен ғибадатханасы және буддизм орталығы деп қабылданған) және қаланың солтүстік шығыс шетінде орналасқан ірі монастырлар ауданы, Пашупати (Пашупатинатх, Шивы ғибадатханасы) ғибадатхана кешені, Лумархи ғибадатханасы және т.б. Қала орталығы ретінде ғибадатханалармен қоршалған сарайлы алаң неваридің «идея қаласы» Сингха Дарбардың орасан үлкен сарайы (қазір мұнда үкімет секретарияты орналасқан) және Непал Королінің қазіргі резиденциясы – Нараянхити Дарбар сарайы көрініс тапқан.

1956 ж. Катманду мен Үндістанды қосатын алғашқы жол салынды. 10 жылдан кейін тағы бір жол салынды және 1974 ж. Катмандумен халықаралық әуе қатынасы ашылды. Катманду Азиядағы инфляциялық өнімнің ең жоғарғы деңгейін иемденеді, ең төмен жалақы мөлшері орташа мөлшерден жоғары болуы да мүмкін.

Бхактапур (Bhaktapur) – Непалдағы ең қымбат қала, елдің астанасы Катмандудың оңтүстік-шығысында 15 шақырым жерде орналасқан. "Бхактапур" сөзінің өзі «қасиеттілер қаласы» деген мағынаны білдіреді. Бірақ «ертегілер қаласы», «шеберлер қаласы» деген де атаулары бар. Қалада оннан астам Нарайяна ғибадатханалары және басқа көптеген қару-жарақтар сақталған. Бхактапурдың сарай алды алаңында Мама династиясы королінің бұрынғы 55 терезелі сарайы орналасқан, бірақ, ешбір терезеде салынған суреттер қайталанбайды. Сарай жанында үнді ғибадатханасына жол ашатын Алтын Қамал бар. Қарама – қарсысында XVIII ғ. Малла Бхупатиндраның ескерткіші қойылған. Қаладағы келесі орын – бес қабатты Ньятапол ғибадатханасы.

Мустанг немесе Ло корольдік ішіндегі корольдік – Непалдағы ең әсерлі және мистикалық есте каларлық оқиғалардың бірі болмақ. Мустанг Непалдың солтүстік батысында Аннапрун мен мен Дхаулашридің солтүстік массивінде, Тибетпен шекарада орналасқан. Қазіргі кезде Ло Оазисінде ежелгі манускриптерді қорғайтын 8000-ға жуық адам өмір сүреді. Патшалық астанасы биік таулы үстіртте жеті асудың әр жағындағы тау өзендері мен терең ойыстар аймағында орналасқан. 1990 ж. қазанда Непал Корольдігінің туризмі министірінің байланыс офицерінің бастауымен арнайы ұйымдастырылған топтар Мустанг ауданына жол ашты, бірақ, келушілер саны бір жылға шектелді. Джомсомнан басталады және корольдік астанасы Ло Монтангке дейін 5-6 күндік жолды қамтиды. Жол бойы топ палатада түнейді. Ал жүктер мен азық түлікті аттарға артады. Ло Монтангта қонақ үйде тоқтап азық-түлік қорын толықтырып алуға болады. Жергілікті көрікті орындармен танысып болған соң келген маршрут бойынша кері жол тартады.

Непал Джунглиі Терай аңғарында Катмандудан 180 шақырым жерде, Үндістан мен шекарада орналасқан. Рана династиясы басшыларының ауысуымен жолбарыстар мен мүйіз тұмсықтарды аулайтын ең танымал орын Нараяни және Рапти өзендерінің арасындағы Читвана аңғары болды. 1973 жылдан бастап Читвананың бүкіл ауданы ұлттық саябақ деп жарияланды, оның ауданы 1040 шаршы шақырым. Саябақта сүтқоректілердің елуден астам түрі жабайы пілдер, 400 жуық бір тұмсықты мүйіз тұмсықтар, бұғының 4 түрі және жабайы шошқалардың көптеген түрі, аюлар және Бенгал жолбарысының 120 астам түрі кездеседі. Шибөрілер, жабайы иттер, мангустар, қояндардың бірнеше түрі, қамыс мысығы, тиындар, жарқанаттар және басқа жануарлар тіршілік етеді.

Бәрінен кереметі пілдердің үстінде отырып джунгли өмірімен танысу. Бенгал жолбарысын көру көпшілікке бұйыра бермейді. Ал мүйіз тұмсықтарды ынтымағы жарасқан күйінде шөп жеп жатқандарын немесе лас суда шомылып жатқанда бүкіл отбасымен бақылауға болады. Каноэ өзені мен жүзсеңіз сәті түссе демалып жатқан алигатор – кайманды және су астында көзін әрең ашып тұрған жіңішке ұзын тісті қолтырауын – гавалана көре аласыз оның тістері балық аулауға өте ыңғайлы.

Нагаркот – Бхактапурдан бар жоғы жарты сағаттық қашықтықтағы өте әдемі қалашық. Қалада тап – таза тау ауасымен және ғажайып пейзажымен ерекше. Бағалаушылар үшін ештеңемен салыстыруға келмейтын ең кызық көрініс – қалашықтан күннің шығуы мен батуын тамашалау. Нагаркоттан адамзатты сактаған Вишна құдайдың б.з. ІІІ ғасырында салынған Чангу Нараян ежелгі индуистік ғибадатханасына 3 сағаттық серуен жасауға болады. Бұл қалашықта шағын мейрамханалар көп және олардың бәрінің терезесінен Гималайдың таулы жоталары өте әдемі көрінеді.

Покхара (Pokhara) – Непалдағы үлкендігі жағынан екінші қала. Катмандудың батысынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Халқы 200 мың адамды құрайды. Қалада Непалдың невар, гурунг, магар, чхетр, тхакал және басқа халықтары өмір сүреді. Қала Пхева көлінің маңында, одан Гималайдың 8000 м-лік жоталардан басталатын су ағып өтеді. Осы себепті қала туристер арасында өте танымал. Покхарадан тауларға туристік маршруттар басталады. Катманду мен Бхактапурамен салыстырғанда бұл қалада ешқандай архитектуралық және тарихи ескерткіштер жоқ. Покхара ең алдымен өзінің орналасқан орнымен ерекшеленеді. Үлкен Гималайдың етегінде орналасқан, осы жерден Аннапурна, Дхаулагири, Нилгири, сондай-ақ Мустанг тауларына жол басталады. Қала үлкен Фева (Phewa Lake) көлінің жағалауынан орын тепкен. Покхарада ғылымға белгісіз құлақты гималай кірпілері мекендейді.

Нагарджан (Nagarjun) қорығы. Катмандудан солтүстік-батысқа қарай орналасқан қорықта қырғауыл, бұғы және басқа жануарлар дүниесімен танысуға болады. Бұл – Катменду аңғарындағы көп өзгеріске ұшырамаған облыстардың бірі. Оның жанында белгілі Буддистердің тәуіп ету орындары мен әктасты үңгірлер орналасқан.

Непалдағы халықаралық туризмнің дамуының басын 1950 жылдардың ортасына жатқызамыз. (1951 жылға дейін мемлекет шетелдіктер үшін жабық болды). Ал 2000 ж. елге 0,5 млн-дай туристер келді. Басты туристік ағымдар Оңтүстік-Шығыс Азиядан (140 мың адам), Еуропадан (139 мың адам), Шығыс Азия мен Мұхиттық аралдардан (79 мың адам) бағытталады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ішінде көпшілік ағым Сингапур (4 мың адам) мен Тайландтан (3,2 мың адам) келеді. Еуропалық елдерден Германия (32,5 мың адам), Ұлыбритания (23,7 мың адам) және Франция (19,2 мың адам) алдыңғы қатарда. Туристік тасымалдауда қолданылатын көліктің басты түрі әуе (70%) болып табылады. Танымдық және рекреациялық мақсатта Непалға туристердің 60%-ы келеді. Қонақүй қоры барлық класс пен категориялы 18 мың номерді құрайды. Халықаралық туризмнен жылына 167 млн-ға жуық доллар пайда түседі (3,1% және экспорт бағасының 20,1%-ы).

 

Date: 2015-06-07; view: 4375; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию