Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Солтүстік Кипр Түркия республикасы





 

Солтүстік Кипр Түркия республикасы (БҰҰ республиканы тәуелсіз ел ретінде мойындамайды) Кипр аралының үшінші бөлігін құрайды. Мемлекет аумағы – 3355 шаршы шақырым. Халқының саны 1999 жылғы санақ бойынша 198 мың адам болған. Оның 1,5%-ы шетелдіктер, яғни елде бірыңғай тұрақтаған шетелдіктер. Мемлекет астанасы – Лефкосия (көбінесе француздардың айтуы бойынша Никосия атауы қолданылады). Ең ірі маңызды қалалары – Гази Магуса (Фамагуста), Гизелюрт және Лефке, Гирне (Кирения). Халықтың 98%-ы ислам дінін ұстанушылар, ал қалғандары христиан дініне сенеді.

Климаты жерортатеңіздік, ұзақ құрғақ жаз бен қысқа уақытты жаңбырлы қыс болады. Біздің ойымызша мұнда әрқашан жылдың екі мезгілі – желтоқсаннан мамырға дейін – көктем, ал жаз қарашадан басталады. Мемлекетті теңіздер қоршап жатқандықтан жылдық температурасы жазда жағалауларда аздап салқын, ал қыста аздап жылы. Мұнда 390 күн ашық болып келеді. Жерорта теңізінің жағалауында жазда t +28º С қа дейін, қыста +16º С болады. Әлемдік туризм бойынша елдің экономикасына туризмнен үлкен пайда келуде. Солтүстік Кипрде тура әуе жолдары жоқ (тек Түркия арқылы) және басқа да елдерден келетін де жолдарда жоқтың қасы. Алайда туризмнің дамуына елдің таңғажайып табиғаты, тарихи байлықтары, қонақжайлықтары өзіне тартады.

Солтүстік Кипр статистикасы бойынша туристік келушілердің саны 1988 жылы – 229 мың, ал 1990 жылы – 300 мың, 1995 жылы – 368 мың, 1998 жылы – 393 мың адам болған.

Кипрдің туризм индустриясы – елдің ең негізгі ұлттық кірістің бір тармағы. Бұл салада тұрғындардың көп бөлігі қызмет етеді, ал шетелдік туристерден түскен қаржы республика бюджетіне түсетін ең негізгі кіріс көзі. Соңғы 4 жыл ішінде Кипрге келетін туристердің 29%-ға дейін жетті, ал туризмнен түсетін пайда 40%-ға еселенді. Кипрдің ірі курорттары: Ларнак, Пафос, Лимасол, Айя-Напа, Протарас, Фамагуста, Кирения.

Кипрдің көптеген жағажайлары экологиялық тазалылығы мен инфрақұрылымы жағынан Еуроодақтың Көк туымен марапатталған.

Никосия (Левкосия) қаласы – Кипрдің астанасы және ірі қаласы. Ол аралдың орталығында орналасқан және «жасыл сызықпен» бөлінген. Кипрдің көлемі жағынан екінші қаласы Лимасол теңіздік айлағы, оның іргетасы византиялық дәуірде қаланған. Одан батысқа қарай британдық егеменді база Акротири бар.

Кипрдің курорттарының ішінде Айя-Напа клубтық көңіл көтеретін тіршіліктің ортасы, ал отбасымен демалуға әсіресе Пафос пен Протарас қалалары қолайлы.

Пафос қаласы ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұраларды қорғау ұйымының тізіміне енген.

Кипрдің көріктілігінде жеті түрлі кезеңнің көріністері сақталғандай – византиялық Колосси қамалы, бұнда Исаак Комнин крестшілерден жасырынған, арыстан жүрек Ричард І Беренгариялық Наварр ханшайыммен некелесті және тағы басқа.

Солтүстігінде негізгі көрнекті жер Фамагуста аралы, онда ортағасырлық Отелло мұнарасы және «елестер қаласы» (Варош кварталы) бар.

Левентис (Никосияда) «1991 жылы үздік еуропалық мұражай» қала тарихынан сыр шертетін экспозициялар, сонымен бірге Кипрлік зергерлік өнер мұражайы. Левентис мұражайынан кейін танымал шіркеу Трипотис (1695 ж.) бар, ал Ледра көшесінен шығысқа қарай белгілі Фанеромени шіркеуі (1872 ж.) орналасқан.

Астанадағы жаңа және ескі резиденцияның ортасында астананың ең негізгі көрікті орындарының бірі архиепископ сарайы (1960 ж.). Бұнда Кипрдің жоғарғы діни басшысының резиденциясы бар. Сарай алдында архиепископ ІІІ Макариоске ескерткіш орнатылған, ол тәуелсіз Кипрдің алғашқы президенті. Осында ұлты үшін күрескендер мұражайы бар, онда тарихи құжаттар, британдық басқыншыларға қарсы күрескен кипрліктердің жеке заттары мен суреттері сақталған.

Ең қызықты Никосия мұражайы – Кипр мұражайы. Бұл аралдағы ірі археологиялық мұражай, оның 14 залы және керемет кітапханасы мен суреттер мұрағаты бар. Никосияға жақын Ахера ауылында түйеқұс фермасы «Түйеқұстар саябағы», осы құс жөнінде қажетті барлық ақпараттарды алуға болады.

Лимасол – аралдың оңтүстік жағалауында орналасқан, көлемі жағанан Никосиядан кейінгі қала, ол өзінің ғажайып жағажайлары мен Потамос Йермасойас, Аматус және Централос секілді курортты аудандарымен әлемге танылған. Қаладан солтүстікке қарай тағы бір «туристік мекке» – Троодос массиві бар.

Епископ Лимасолдың монументальды сарайы Эйринис пен Эносеос көшелерінің қиылысында орналасқан. Міндетті түрде қалалық саябақ пен зоопаркке соғыңыз, бұнда тамыз-қыркүйек айларында шарап мерекесі тойланады. Осы аралдарда қалаған жергілікті шығарылатын шараптан дәм татуға болады. «Көне айлаққа» жақын жерде Кипрдің ең танымал шарап дайындайтын кәсіпорыны – КЕО зауыты орналасқан.

Аматус – Кипрдің ежелгі қалаларының бірі, ол Лимасол қаласынан шығысқа қарай шамамен 5 шақырым қашықтықта. Ол б.з.д. мың жыл бұрын пайда болған. Б.э. VІІ ғ. қаланы арабтар қиратты, қазір бұл қалада археологиялық мұражайлар жұмыс жасайды, олар қаланың мол тарихынан сыр шертеді.

Пафос – аралдың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, туристердің арасында біршама танымал. Пафос Рим империясы тұсында Кипрдің астанасы болған. Антикалық дәуір кезеңінде қала Неа Пафос (Жаңа Пафос) қазір онда тарихи көрікті орындар басым, Като Пафос (Төменгі Пафос) қазір онда туристерге арналған орындар, көңіл-көтеру орталықтары және де жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары өте көп. Сонымен қатар, Ктимада қазіргі әкімшілік ғимараттардың басым бөлігі салынған.

Пафостағы керемет жағажайлар Героскипу Паблик Бич, Амалтиа Бич және әйгілі Корал Бэй Бич демалушыларды қызықтырмай қоймасы анық. Сонымен қатар, бұндағы әр қонақ үйлердің өзіне тиесілі жағажайлары, шомылу жағалаулары да бар.

Айя-Напа («Қасиетті орман») Кипрдің оңтүстік-шығысының шетінде орналасқан (Ларнактан 41 шақырым). Бұл курорт жоғарғы санатты қонақ үйлермен, мейрамханалар, би клубтары көп болғандықтан жастар легі басым. Табиғат жағдайы демалуға өте қолайлы. Біршама белгілі жағажайлары Гресиан Бэй, Макрониси, Санди Бич және орталық жағажай. Курорттың танымал қызықты орны – Аквапарк. Саябақ аумағында хауыздар көп орналастырылған.

Айя-Напаның ең басты тарихи көрікті орны ХVІ ғ. венециялық діндарлармен тұрғызылды. Олар ақ мәрмәрлі субұрқақтар, тас және қола дәуіріндегі қару-жарақтар жинағынан тұратын Халық мұражайы. Әулие Вероника жабынын қорғап тұрған Айя-Напа шіркеуі, сонымен қатар, 600 жылдан астам өмір сүрген әйгілі тұт ағашы.

Аралдың оңтүстік-батыс жағалауында Протарас жас демалыс орны бар. Ол өзінің таңғажайып үңгірлері мен жағажайлары арқасында Кипрдегі ең жақсы демалыс орындарының бірі болып табылады.

Протарас демалыс орны Фамагуст ауданын жаулап алудан кейін арнайы тұрғызылған. Протарастың негізгі орны Фиг Три әдемі жағалау және сансыз шығанақтар барлығы осында.

Кипрдің барлық әйгілі демалыс орындары сияқты Протараста да көптеген бар, мейрамханалар, хауыз, көптеген ойын-сауық орындары жеткілікті. Бірақ осыған қарамастан мұндағы өмір ырғағы қалыпты, жанұялық демалысқа шығуға таптырмайтын орын.

Кипрдің солтүстік-батыс бөлігінде ең танымал Акамас түбегі орналасқан. Бұзылмаған табиғат, елсіз жағалау, қызықты пейзаждар, сирек кездесетін өсімдіктер, жануарларды тек қана осы жерден көруге болады. Мұнда сондай-ақ көне Марион және Авагос қалаларында болып, жасыл және үлкен басты тасбақалары бар қызыл кітапқа енгізілген – Лара Бич бұғазына немесе Фонтана Аморос және Хирсоху («алтын») бұғазындағы кереметтей суға шомылып, Айос Георгиос шіркеуіне баруға болады.

Фамагуста (Газимагуса) қазір Түркияға тиесілі Кипр жері, ортағасырларда ең бай қалалардың қатарында болды, бұнда Отелло қамалы бар (расында осы белгілі әдебиетшінің шын аты Кристофер Мор, ол 1506-1508 жж. Кипрдің губернаторы болған). 1974 жылға дейін керемет демалыс орны болған, қазіргі таңда бұл жерде қаңырап бос тұрған пансионаттар көп. Қаланың символы Венециандық қабырғалар мен Әулие Николайдың соборы, кейін ол Мұстафа Пашидің мешітіне айналды. Көне Кирения (Гирне) демалыс орнын да аралауға болады. Сонымен қатар, шіркеудің ғимаратында Түрік мұражайы мен ұлы Селимийе мешіті (XIII ғ.) де бар.

Ерекше табиғи ормандарымен Акамаса, Пафос және Троодос танылса, тұзды көлдері Акротири және Ларнаки, Фассури аңғары және тағы да басқалары.

Date: 2015-06-07; view: 2035; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию