Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Түркия





 

Түркия – Азияның батысында және Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Аумағының 97%-ы Кіші Азия түбегенде, 3%-ы Еуропада, оңтүстік-шығысы Балқан түбегінде орналасқан. Мемлекеттің шекарасын солтүстікте – Қара теңіз, оңтүстікте – Жерорта теңізі, батыста – Эгей және Мәрмәр теңізі шайып жатыр. Түркияға Босфор және Дарданелла бұғаздары, сондай-ақ елді азиялық және еуропалық бөліктерге бөліп тұратын Мәрмәр теңізі кіреді. Түркия Кіші Азия таулы үстіртінде және жарты бөлігі Армян таулы үстіртінде орналасқан таулы мемлекет. Мемлекеттегі ең биік жері – Үлкен Арарат сөнген жанартауы (5165 м). Түркия мемлекеті Ирак, Сирия, Болгария, Грекия, Иран, Армения, Грузия және Ресеймен шектеседі.

Еуропалық Түркияда (Шығыс Фракия) кішігірім таулар мен ойпатты аймақтар басым. Аумағының Азиялық бөлігін Орталық Анатолий таулы қыраты алып жатыр (биіктігі 800-1250 м). Мемлекеттің жан-жағын солтүстікте Понтий тауы, оңтүстікте Тавр таулары және жағалауларын ойпаттар алып жатыр. Батыста таулы қырат Батыс Анатолий таулы еліне ұласады. Шығыс Анатолий тау жоталарымен және ойпаттарымен қамтылған. Таулар аралығында үлкен таулы жазықтар орналасқан. Онда халықтың жартысы тұрады және негізгі байланыс жолдары бар. Бұл жазықтардың биіктігі – 1500-1800 м. Әсіресе, Армян және Иран шекарасы аралығында таулар өте биік келеді. Таулардың максималді биіктігі – 5000 м-ге дейін жетеді.

Түркияға субтропикалық климат тән. Орталығында континенттік, ал Стамбул және жағалауларында – жерортатеңіздік. Ал еуропалық Түркия мен Батыс Анатолий жағалауларына жерортатеңіздік климат басым. Қара теңіз жағалауларының климаты Кавказдың оңтүстік жағалауларының климатымен ұқсас. Орталық Анатолияға биік таулы жоталардың ылғалды теңіздік аусы әсер етеді, салқын қыс және ыстық құрғақ жазда континенттік климатқа ауысады. Бұл Түркияның шөлейттенген аймағы. Анатолияның батыс бөлігінде қыс одан да қатаң. Кейбір аудандарда қысқы аяз - 30ºС қа жетеді.

Негізгі туристік-рекреациялық ресурстары негізінен Эгей және Жерорта теңізінің жағалауларының бойында орналасқан. Теңіздік курорттары: Анталия, Аланья, Кемер, Кушадас, Бодрум, Мармарис, Фетхия және т.б. Таулы-шаңғылы курорттар: Паландокен (Эрзурум маңында, демалу уақыты қараша және наурыз маусымдарында), Улудаг (Бурса маңында, желтоқсан және наурыз маусымдарында). Тарихи-мәдени: Троя – аңызға толы қала, б.з.д. 3 мыңжылдық тарихы бар Анкара – Анатолий мұражайының өркениеті; ортағасырлар цитоделінің маңында орналасқан Ескі қала, Кемаль Ататүрік ескерткіші. Трабзондағы Құдай Ана шіркеуі мен Қасиетті Евгения византиялық архитектуралық шіркеуі (екі шіркеуде мешіт ретінде қайта салынған), Қасиетті София шіркеуі мұражайлармен (XIII ғ.). Стамбул Әулие София шіркеуі (Айл-София, VI ғ., XV ғ. мемлекет болып қайта құрылды, қазір мұнда мұражай бар), Топкап сарай кешені – сұлтандардың бағалы коллекциясы сақталған мұражайлар; Долмабахче сарайы (XIX ғ.), Едикуль семибаптық мұнарасы, Гексу сарайы, Бейлербей сұлтанның жазғы сарайы (XIX ғ.), Босфордың екі жағындағы бекіністер – Румели – Хисар және Анатолу – Хисар, Валентина акведук (IV ғ.), Базилик констатинопольдық цистернасы (жерасты суқоймасы), Алтын қақпалар, Мәрмәр мұнарасы; византиялық нақышы бар Хора шіркеуі (қазіргі Жеңіс мешіті), Гелат мұнарасы, Теңіз мұражайы, 500 мешіт ең ежелгілері – Сүлеймен мешіті (XVI ғ.), Сұлтан Ахмет мешіті – Көгілдір мешіт (XVII ғ.) және т.б. Газиантеп, византиялық бекіністер көрінісі. Антакья (Антиохия) – римдік ғибадатханалар қирандысы, акведуктар, театрлар мен катакомбалар; археологиялық мұражай мозайкалар коллекциясымен (II – III ғғ.); Әулие Петр гроты; шіркеулер (XII – XIII ғғ.). Адана – Үлкен тасты көпірлер (VI ғ.), мұнара қалдықтары (782 жыл), Кайсери – ежелгі хеттердің Канеш қаласының қалдығы (б.з.д. 3000). Конья – бақшалар, бірнеше мешіттер мен «Малевия» монастырлық сектасы. Бурса – византиялық, персиялық, исламдық үлгідегі мешіттер, ыстық бұлақтар, бірінші оттамандық сұлтанның қабірлері. Анталия – Калеичи ескі кварталы, Адриан қақпасы, археологиялық мұражай.

Анкара Анатолий таулы қыраты мен Анкара және Чубук өзенінің аралығында орналасқан. Бұл Кіші Азиядағы ескі қалалардың бірі. Б.з.д. VII ғасыр Анкараны ежелгі қоныстануы ретінде белгілі. Еуропа мен Азияны байланыстырып тұратын сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Қазіргі таңда Анкара – ірі өндірістік және мәдени орталық, теміржол және автомобиль жолдарының басты тірегі болып, Түркияның маңызды аймақтарын байланыстырады. Анкаралық әуежай арқылы бірнеше ұлтаралық әуе жолдары өтеді.

Қала екі аймаққа бөлінеді: ескі және жаңа Анкара. Ескі қалада ортағасырлық мұсылмандық қалалардың көріністерінен сыр шертеді. Мұнда көне цитадель, көптеген мешіттер сол күйінде сақталған. Жаңа қаланың негізі - Түркия Республикасының астанасы ретінде 1923 ж. қаланып, құрылысы екінші дүние жүзілік соғыстан кейін салынды. Анкарада университет, концерватория, бірнеше театрлар, мұражайлар, ұлттық кітапханалар бар.

Стамбул Босфор бұғазының екі жағалауында төбелі аймақта орналасқан. Халықтың саны және экономикалық жағынан Стамбул ел астанасы Анкарадан да асып түседі. Бұл елдің ірі өндірістік және мәдени орталығы Стамбулдық порт, оған Алтын мүйіз шығанағы және Мәрмәр теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі кіреді, бұл әлемдегі ірі порттардың бірі. Алтын мүйіз материкке 10 шақырымдай еніп тұр және қаланың еуропалық бөлігі 2-ге бөлінеді: ескі және жаңа қала. Стамбулдың еуропалық және азиялық бөліктері көпірлер арқылы байланысқан. Катерлер және өзі жүретін паромдар негізгі байланыстырушы көлік түрлері болып саналады. Стамбул – әлемде баға жетпес тарихи ескерткіштерге бай, әйгілі тарихи қалалардың бірі.

 

 

 

Түрік әскерлерінің XV ғ. ортасында қаланы жаулап алғанға дейін Константинополь атымен белгілі болды және Византияның астанасы еді. Византиялық дәуірден Стамбулда императорлық сарайлар, ұлы шіркеулердің құрылыстары, олардың көбі түрік мешіттеріне айналды, соның ішінде византиялық архитекрура – Айя ғибадатханасы – София ұлы шығармалардың түрік архитектурасы ретінде мына мешіттер: Баязид (XV – XVI ғғ.), Сүлеймен (XVI ғ.), Ахмет (XVII ғ.) салынады. Биік ине тәрізді мұнаралар мешітке өзіндік көрініс береді. Қалада мәдени ескерткіштер мен туризм саласын дайындайтын жоғарғы оқу орындары бар. Мұнда елдегі ең ірі Стамбул университеті, Стамбул техникалық университеті, бірнеше кітапханалар, онда әлемдегі түріктік қолжазбалар сақталған. Стамбулда парсы және араб тілдерде бірнеше мұражайлар бар. Мемлекеттік консерватория Анкара мен Стамбулдан басқа туристерді көптеген құндылықтары қызықтырады, мысалға Измир, онда ұлтаралық көрмелер өткізіледі. Сондай-ақ Бурса, Ургюп, Конья, Алан, Эрзурум сияқты көне қалалар да қызықтырады.

Туризмнің материалдық-техникалық базасын нығайту, әсіресе Жерорта теңізінің жағалауында қолға алынған. Қазір де жерортатеңіздік Анталия, Аланья курорттары әйгілі болып табылады. Эгей теңізі жағалауында Кушада курорты, ал Мәрмәр теңізінің алабында – Бакыркей демалыс орындары қарқынды дамып келеді.

Түркияға келуші шетелдік туристердің топтарын былайша жіктеуге болады: Стамбул мен Дарданел зонасы (80%), екінші туристердің көп келетін зонасы бұл Эгей теңізінің жағалаулары. Мұнда шетелдік туристердің 60%; одан кейін Түркияның транзиттік туризмінің кең көлемді дамуына: туристердің транзиттік тобы Стамбулдан Еуропаға одан Таяу және алыс Шығысқа бағытталады. Түркия үшін круизді туризмнің маңызы зор. Соңғы кезде шетелдік туризм Түркия үшін экономикалық жағынан зор көмек беруде. Көптеген экономистердің мәліметтері бойынша, шетелдік туризм 1960 жылдың соңында елге жылына 40 млн. доллар жұмсаса және осыншама қаржы қара базар нарығына жұмсалған. БТҰ-ның мәліметтері бойынша кейінгі кезде туристер саны артып келеді (1992 жыл мен 1996 жыл аралығында 6549 мыңнан 7966 мың адамға дейін). Түркияда туризмнен түсетін кіріс көлемі 1996 жылы 5962 млн. долларды құраған. Ал осы көрсеткіш қазір ондаған есе артып отырғандығы айдан анық.

Туристердің елдегі қызықтыратын негізгі аймақтар:

- Стамбул – ислам ескерткіштері мен византиялық сәулет құрылысымен танымал.

- Каппадокия – жанартаулардың атқылауынан қалыптасқан өзгеше табиғи көріністер мен үңгірлерге бай қалалар.

- Эгей теңізінің жағалауы – антикалық мәдениетінің ескерткіштері, ежелгі грек және рим қалаларының үлгілері көрініс тапқан.

- Жерортатеңізі жағалауы, Анталья – Түркияның оңтүстігі жағалауындағы теңіздік курорттар.

Каппадокия – «керемет аттар елі» Кіші Азияның шығысындағы тарихи мекен ол қазіргі Түркия, қызықты жанартаулық ландшафтарымен, жер асты қалаларымен, олар б.э.д. 1 мың жыл бұрын салынған, сонымен қатар, үңгірлік шіркеулерімен танымал. Гереме ұлттық саябағы мен Каппадокияның үңгірлік мекендері ЮНЕСКО-ның бүкіл дүние жүзілік мұраларды қорғау тізіміне енген. Түркияның әсем табиғатына сән беріп тұрған Каппадокия тауындағы мыңдаған пирамидалар. Ұзақ жылдар бойы жаңбыр суы мен желдің әсерінен жанартаулық туф мүжіліп, үгіліп бір-біріне ұқсамайтын үлкенді-кішілі пирамидалар жасаған. Қазір Каппадокия үңгірлерінде көптеген христиан шіркеулерінің әшекейлі бояулы көріністері сақталған. Каппадокияда жұмсақ тау жынысын үңгіп жасаған үйлер осы уақытқа дейін кездеседі.

Стамбул – бай тарихы бар қала, ірі айлақ, елдің экономикалық және өнеркәсіптік «жүрегі», Босфор бұғазы арқылы Еуропа мен Азия дүние бөлігінде орналасқан. Бұл екі материкте да орналасқан әлемдегі жалғыз қала. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясы Византияның астанасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталған. 1453 ж. қаланы түріктер басып алып, оған Стамбул деп жаңадан ат қойған. 1923 ж. елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. 1973 ж. Стамбулдың Азия бөлігін Еуропа бөлігімен жалғап тұратын Босфор бұғазына халықаралық консорциум тұрғызған 1560 м-лік көпір қаланың көрікті белгісіне айналды. Бүкіл Түркия өнеркәсібі өнімін шығаратын кәсіпорындарының ¼ Стамбулда орналасқан.

Қаланың негізгі көрікті орны – Әулие София соборы (Айя София), Айя София мұражайы қасында ХVІІ ғ. бас кезінде салынған Сұлтан Ахмет мешіті алты минаретпен қоршалған. Қаланың әрбір тасы ерте заман тарихынан сыр шертеді. Ертедегі сұлтан сарайы Долмабақша осы уақытқа дейін сақталған, қазір онда мұражай жұмыс істейді. Әулие София соборын 532-537 жж. Траллдық Анифими мен Милеттік Исидор салған, собор 1935 ж. бастап мұражай болды, қазір қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ахмедие мешіті (1609-1616 жж. «көгілдір мешіт») Византиялық император сарайының орнына тұрғызылған. Мешіт үш бөліктен – сыртқы сарай, ішкі сарай және орталық сарай, оның күмбезі 43 м биіктікте, онда 260 терезе бар. Күмбез қымбат бұйымдармен және мұсылмандық тағзым етудің кестесі бейнеленген. Мешіттің 6 мұнарасы бар, онда мұсылмандардың мерекелері тойланады, дәл осы жерден Меккеге қажылыққа аттанып отырған.

Сүлеймен-джами немесе Сүлеймен сұлтанның мешіті. Ол Стамбулдағы ең үлкен мешіт (10 мыңдай адамға дейін), ол 1550-1557 жж. түрік сұлтаны даңқты Сүлейманның жеке бұйрығымен салынған. Мешіттің жанынан кедейлерге арналған арнайы асхана, төрт медресе, монша мен кітапхана, ал қабырғаның оңтүстік-шығысында Сүлейменның бейіті, оның әйелі Хасеки-Хюррем сұлтан және белгілі сәулетші Синанның бейіті бар.

Топкапы сұлтан сарайы Стамбулдың ең көрікті орындарының бірі. 1466 жылы жаулап алушы сұлтан Мехмедтің әмірімен тұрғызылған. Бұнда ХІХ ғасырдың ортасына дейін сұлтандар өмір сүрді, тек ІІ Махмуд өзінің резиденциясын Босфордың жағалауына ауыстырады. Ол мұражай мен қару-жарақ көрмесіне айналған жалғыз тарихи ескерткіш. Қару-жарақ жинақ қорында ағылшын патшайымы сыйлаған алтын мылтық сақталған. Осы сарайдың маңында сұлтан кітапханасы орналасқан, онда 24 мыңнан астам кітап қоры бар. Базиликтің су сақтау қоймасы да бар, оны су сақтау үшін Юстиниан (532 жылы) салдырады. Кейіннен осы үлкен су қоймасы Үлкен сарай мен Топкапы сұлтан сарайын ауыз сумен қамтамасыз еткен.

Босфор көпірі – Түркияның еуропалық және азиялық бөліктерін байланыстырады, ол мемлекеттің тағы да бір ерекше нышанына айналды. Ұзындығы жөнінен әлемде 4-ші (1560 м.), ені – 33,5 м-дей, биіктігі 64 м-ді құрайды. Сонымен қатар, Стамбулдың әйгілі сауда-саттық көшесі – Такшимді де атауға болады.

Стамбул аумағында түріктің «Диснейленді» орналасқан. Ол Еуропадағы ең үлкені, ал дүние жүзі бойынша төртінші арнайыланған төбесі жабық кішкентайлар мен ересектерге арналған кешен. Мұнда келушілерді көптеген аттракциондар, арнайы көңіл көтеретін бағдарламалар, амфитеатр, мейрамханалар мен кафелер бар.

Стамбулдағы антикалық мұражайда ең көне тарихи жәдігерлер б.э.д. VІ ғ. жатады. Ежелгі Шығыс мұражайы бұнда түрлі өркениеттердің: месопотомиялық (қос өзен), египеттік, анатолиялық және арабтық ескерткіштердің нышандары сақталған. Сонымен қатар, түрік және мұсылман өнерінің мұражайы, Топкапы сұлтан сарайы да белгілі.

Археологиялық мұражайлар: Антальяда (қызыл мұнара, Грот Даламатас), Измирде (Ататүрік мұражайы, Қылқалам және мүсіндер мұражайы), Бурсада (түрік-исламдық мұражай, Мурадийдегі мұражай-үй), Бодрумда (су асты археология мұражайы) және тағы да басқа.

«Хамам» түрік моншасы, бұнда қыздырынуға өте ыңғайлы. Бұдан кейін хамамға барып ішінен жылытатын үлкен мраморлы бөлмеге кіресіз. Бұнда демалып, денеңізді уқалатып, рахатқа бөленуге жағдай жасалынған.

Шығыста түрік моншалары Грекия мен Римдегі секілді өте танымал болған.

Түркиядағы яхт-турлар курорттарда әр түрлі деңгейде дамыған. Яхтада саяхаттау арқылы Жерорта теңізі мен оның жағалауындағы барлық ғажайыпты көре аласыз.

Кемер ауданында Манавгат өзенінде көптеген турлар мен яхт-турлар кездеседі. Манавгат өзенінің сарқырамасы арқылы өтіп, сонда тамақтанып кейін қайтасыз.

Мармаристе Клеопатра аралында серуендеу үлкен сұранысқа ие, ондағы «Топырақ» патшайымның бұйрығы бойынша арнайы Египеттен әкелінген.

Түркияның тау шаңғысы мемлекетте соншалықты ерекше, таушаңғысы жақсы дамыған державаға айналуы да мүмкін еді. Демек, түрік шыңдарында қар жату ұзақтығы жылына орта есеппен 170 күнге жетеді. Түркияның тұрғындары ешқашанда қысқы спорт түрлеріне қызығушылық танытпаған, бірақ соңғы кездері жағдай біршама өзгеріске ұшыраған.

Түріктің таушаңғы курорт орындарына сұраныс жыл сайын артып келеді. Жыл сайын Түркияның тау шаңғы курорттарында жаңа қонақ үйлер, таушаңғы маршруттарының трассаларын жаңарту жұмыстары жүргізілген. Осы демалыс түрі Түркияда әлі де жас сала болып саналады. Шаңғы тебу үшін компания жұмысшыларымен және отбасыларымен келеді.

Сарыкамыш – Түркияның шығысында жедел дамып келе жатқан таушаңғы орталығы, отбасы мүшелерімен демалыуға өте қолайлы жер.

Паландокен – Түркияның ең жас таушаңғы орталығы, Армениямен шекаралас аймақта орналасқан.

Түркиядағы джет-бот экстремальды саяхаттың түрі қазіргі кезде әлемдік деңгейде жақсы танылып келеді. Өзендегі джет-ботты тек дүние жүзінің төрт елінде – Жаңа Зеландия, АҚШ, Фиджи аралдарында және жақыннан бері Түркияда дамып отыр.

Түркиядағы дайвинг – ол қызыққа толы адамдар арасында, белсенді демалыс түрін ұнататындар мен бірге болуға мүмкіндік жасайды. Дайвингпен айналыса жүре сіз іскерлік әлемнің адамдарымен, ортақ тақырыпта ой жүгіртіп, қосымша пікірлерімен бөлісуге үлкен мүмкіншілік. Бұл теннис секілді танымал спорт түрі, саясаткерлер де, кәсіпкерлер де қызыға ойнайды.

Бельдиби – Кемер мен Анталия қалаларының арасында, Тросски таулары мен Жерортатеңізінің тар жағалауында орналасқан кішкентай қалашық. Ол Түркияның ең жасыл ауданы, онда тасты жағажайлар мен таулы сұлу көріністер бар. Belcoy қонақ үйінен бастап қайыңды орман, ал одан жоғарыда әдемі тау шыңы көрініп тұр. Қонақ үйдің аумағында жағажай, хауыз, дүкендер орналастырылған.

Анкара – Түркияның астанасы және қалалар үлкендігі бойынша екінші орында, теңізден 850 метр биіктікте Анатолий тауында орналасқан. Анкара өте ежелгі қалалардың бірі. Ондағы қамалдар Хетт кезінде де (б.з.д. 1200 жылдар) қашқындарға пана болған, кезінде қала 25 мың тұрғынға деп есептелген. Қазір бұл қала министрлік және елшілік, университет пен медициналық орталықтар, сонымен қатар шарап шығару, ірі көлік қатынасы дамыған елдермен байланыста. Ак кале («Ақ қала») мұнарасы, ол екі қабатталып жасалынған қабырғасынан Анкараның тарихын көруге болады, себебі әр жаулап алушы оның қабырғасын бұзылған ғимараттар қалдығымен өзінше жаңалап отырды. Қабырғаның ішкі жағы VІ ғ. тиесілі болса, ал қамалдың қазіргі кейпі ІХ ғасырдағы византия императоры Михаил ІІ жасады. Қаланың тағы бір ерекше белгісі – Хадим-Байрам (ХV ғ.) мешіті. Атақты Августии және Рома ғибадатханаларымен бірге салынған, мешіттің қабырғалары да рим тарихы мен Августь еңбектері бейнеленген. Жергілікті тұрғындардың қасиетті зираты Мальтепе ауданында орналасқан.

Ататүрік мавзолейі (Анит Кабир, 1953 ж.) мұнда Түркия республикасының негізін салушы Мұстафа Кемалға арнап тарихи ғимарат салынған, ол өз елінің тәуелсіздігі үшін шетелдік басқыншылармен күрескен халық қаһарманы. Мавзолей қабырғасының күзетшілері сағат сайын ауысып тұрады.

Измир – Гомер мен көне Смирннің отаны, Эгей жағалауындағы Ыстамбұл мен Анкарадан кейінгі Түркияның ең ірі қаласы. Қалада түрлі жорықтар мен жер сілкіністерінен кейін көрікті, көзге түсерлік әдемі жерлері қалмаған. Дегенмен де, ауа-райы, климаты, табиғаты негізінде Измир қаласы ең ірі туристік орталық және іскерлік қалаға айналды, қаланың тарихының ескерткішіндей болған 13 бағана сақталған. Ол бұрынғы Рим форумдары өтетін ашық сарайынан қалған галерея қалдығы. Бұл сарай Осман империясы кезінде мұсылман қабірлерінің орны болған, сондықтан да бағаналар арасынан көбінесе адамның сүйек қалдықтары кездеседі. Мұнда сонымен жартылай бұзылған Рим мүсіншілерінің қолтаңбалары Нептун, Церера және аңшы Диананы да көрулеріңізге болады. Жақын жатқан базар аумағында көне Чакалоглу Ханы және Қызыларагасы Ханы (ХVІІІ ғ.) керуен сарайлары, сонымен қатар Хисар мешіті (1597 ж.) және Шадирван (Кемералты, 1636 ж.) сақталған. Пагос бөктерінде эгейліктер кезінде салынған көне ғимараттардың бұзылған орнына византиялықтардың салған Кадифекале қамалы ерекшеленеді.

Измир қаласының қазіргі көрікті орындарының ішінде – Мәдениет саябағын айта кету керек. Бұнда жыл сайын халықаралық жәрмеңкелер, Диана моншасы және дүние жүзілік белгілі ыстық бұлақты «Балчова» («Агамемнон бұлақтары») жағалауында демалыс пен кеңейтілген мәдени бағдарламалар өткізіледі.

Измирде көптеген тарихи және қазіргі заманауи теңіз курорттары орналасқан. Кемальпашта хеттік «Эти Бабе» әдемі ғимараты («Хеттер әкесі», б.з.д. ХІІІ ғ.) және 1244 жылы Фридрих ІІ мен Иоанна ІІІ императордың қыздарының үйлену тойлары өткізілген Қыз қамалы қалдықтары орналасқан. Қамалдан тек қана 3 қабаты қалған, әйтсе де ғимарат өте үлкен және әдемі қөрінеді. Измир қаласынан 110 шақырым жерде Эгей теңізінің әдемі жағалауында өзінің Алтын кум курортымен, соымен қатар көптеген үлкен антикалық дәуірде қасиетті орын саналған Аполлон (б.з.д. VІІІ-ІV ғғ.) ғибадатханаларымен әйгілі болған Дидим орналасқан. Измирден 29 шақырым қашықтықта өзінің Улу-Джами (1376 ж.) және Мурайде Джами (1586 ж.) мешіттерімен белгілі болған Маниса қалашығы бар. Манисадан алыс емес жерде хеттердің тағы бір ескерткіші алып тау құдайы «Таш суреті» бар. Ал Измирден солтүстікке қарай жарты сағаттық жерде Бергама жатыр, ол ертедегі әйгілі Пергам көне антикалық дәуірдегі ең әйгілі қалалардың бірі. Мұнда антикалық дәуірдегі кейбір кітапханалар (б.з.д. ІІ ғ.), 10 мың көрерменге арналған дыбыстық жаңғыртуы ерекше театрлар (б.з.д. ІV-ІІ ғғ.), коринфтік Троя ғибадатханасы (б.з.д. 117-118 жж.), дорикалық Афины ғибадатханасы (ІІІ ғ.), Дионис ғибадатханасы (б.з.д. ІІ ғ.) және сонымен қатар әлемнің 7 кереметінің бірі саналатын мәрмәрдан жасалынған үлкен Зевс (б.з.д. ІІ ғ.) мүсіні.

Шет жағалаудан эллалық Гера (б.з.д. ІІІ-ІІ ғ.) ғибадатханасының мүсіндерін, гимназия және қызыл сарай бағандарын көреміз. Мұнан әрі қарай денсаулық және дәрігер құдайы Асклепияға (Эскулапу) қойылған ескерткіш қалдықтары бар.

Сәл қашығырақ Милет пен Трояның тарихи құнды ескерткіштері сақталған. Милеттің ежелгі тарихи белгілері Эгей теңізінің жағалауында орналасқан. Ол өзінің үлкен теңіз айлағы ретінде б.з.д. ІІ мыңжылдықта таныла бастаған. Милеттің ең негізгі көрікті жерлерінің бірі 25 мың көрерменге жабдықталған театры (б.з.д. ІV ғ.) оңтүстіктегі Агора, Фаустина, Булевтерий (б.з. ІІ ғ.) сонымен бірге алып 2 арыстан мүсіні, Дельфий Аполласы ғибадатханасы және 15 мың көрерменге арналған сарай (б.з.д. ІІ ғ.) жақсы сақталған. Оңтүстікте қырдың үстінде Ильяс Бей мешіті (ХV ғ.) орналасқан.

Хизарлық (Гиссарлық) тауының бөктерінде елдің солтүстік батысында, көп уақыт тек қана аңыз болып келген көне қала дәуірінің ең үлкен қаласы әйгілі Троя орналасқан. Троя ІІ қамалдарының тек кейбір бөліктері ғана сақталған, мысалы Троя ІІ эстакадасы (б.з.д. 2500-2150 жж.) ұзындығы 21 м-дей және ені 5,5 м., Троя VІ (б.з.д. 1900-1300 жж.) қалалық вал римдік кезеңде жасалған, Акрополь бір мезгілде қаланы қорғауға және қор ыдысы ретінде (су сақтауға) Афина ғибадатханалары қолданылған. Сарайдың ішкі жағында іргетастың тас қалдықтары сақталған, ал ғибадатхана сол дәуірде-ақ қиратылған. Қаланың оңтүстік қақпалары және үлкен бағаналардан тұратын зал көлемі 20×12 м., бұл Троя VІ-ке тиесілі. Қазір мұны алыстан ғана көруге болады. Ең көне мәдени қабатта әлі де өрт іздері сақталған, қазіргі уақытта бұл жерлер қазылып зерттелу үстінде. Зерттеулер б.з.д. 3700 жыл делініп, Гомер поэмасындағы сипаттауларға ұқсайды.

Анталия – түріктердің Жерорта теңізіндегі туристік астанасы. Анталия туристерді бай тарихымен және әдемі табиғатымен қызықтырады. ЮНЕСКО-ның бағалауы бойынша жер шарындағы экологиясы таза аудандардың бірі деп танылды. Бұл жерде наурыз айынан қараша айына дейін шомылуға болады. Бұл жердің тарихи орталығы көне римдік қабырғалармен қоршаған Калеичи («қамал іші») деп аталады. Қаланың негізгі символдарының бірі – Адриана қақпасы. Бұл қақпа б.з.д. 130 жылы қаланың ашылуына байланысты рим императоры Адриан құрметіне салынған.

Анталияда көптеген көне ескерткіштер бар. Оның ішінде ең ірілері «Анталия символы» оны түрік-селджұқтар тұрғызған мұнара Йивли 37 м-дей биіктікте. Сонымен қатар, 1373 ж. византиялық шіркеу үлгісінде салынған Эски Джами мешіті. Мешіт сұлтан Баязед II және Мехмет бейге ескерткіш ретінде салынған. Анталиядан шығарда Кемерде керемет «Акваленд» су саябағы орналасқан. Бұл Анталиядағы ең көне саябақтардың бірі. Дүниежүзілік стандартпен 40 мың шаршы м-ге, 1500 адамға арналып салынған.

Жаңа «Атлантис» саябағы тауда өте қиын ерекше су айналмалары мен «трубалар» негізінде америкалық жобада құрастырылған. Көптеген бассейндер бір хауызға біріктірілген және үлкен жасанды толқындар бар. Сонымен қатар, «Акваворд» кішкене саябағы да белгілі. Онда да бөлектелінген хауыздар мен балаларға арналған айналмалар, «қарақшылар кемесі» жасалған хауыз, сонымен қатар ересектерге арналған жасанды ағысты хауыз мен джакузи қарастырылған. Бірақ қаланың ең көрікті орындары қаланың шет жағында орналасқан көне Перге (б.з.д. 334 ж.) қаласы. Онда антикалық театр мен сарай, әдемі Аспенд ғимараттар және архитектор Зенон (б.з.д. ІІ ғ.) салған театр-сарай, т.б. бар. Демренің шет аймағында Ликии-Мира астанасының қалдықтары бар. Алынған мәліметтерге қарағанда бұл қалада ІV ғ. қасиетті Николай Чудотворец болған. Николай қызмет еткен собор орнына барлық христиандар құлшылық ететін әулие Николай шіркеуі тұрғызылды. Әр жылдың желтоқсан айында мұнда туристерді тартатын Санта Клаус мерекесі өтеді.

Белек-Анталья мен Сид аралығында орналасқан ауқымды гольф орталығы болып табылады. Көне Перге, Аспендос және Сид қалаларына жақын орналасқан. Бірінші класты қонақ үй кешендері, айналасын қарағай, қайың және шырша ормандары қоршаған. Сонымен қатар, қалақай мен эвкаливт 500 га-лы саябақ «Каньоон Капрюлю» қорығы бар. Қорықта альпинизммен, атқа міну суға жүзудің және таулы өзен Капрючайда рафтингпен айналысуға болады.

Сиде («анар») – Антальядан 75 шақырымдай түбектегі кішкентай қала. Түркияның оңтүстігіндегі курортты демалыс орны. Біздің заманымызға сонау көне дәуірдегі 16 мың көрерменге арналған амфитеатр қалдықтары, Веспасиан мүсіні, Фортуна храмы, су бұрқақтар, агора, римдік моншалар (қазіргі кезде археологиялық мұражай орналасқан), никропль және акведук. Мұндағы атақты құмды жағажайлар, аумақтағы ең жақсы болып саналады. Қаладан 7 шақырымда Манвай сарқырамасы жатыр. Әсерлілігі сондай мұнда өзен тікелей сарқырама болып ағып тұр.

Кемер – Антальяның оңтүстігінен 42 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл қарқынды дамып келе жатқан курортты яхталы белгілі орталық. Көптеген дүкендер және мейрамханалар Таурус тауының жарқабағында орналасқан. Кемердің солтүстік бөлігінде түрік халқының тарихы мен тұрмыстық мәдениетіне арналған «Йорюк Парк» – «тірі этнографиялық экспедиция» бар. Кемерден алыс емес жерде көне Фазелис (Терикова) портты қаласы жатыр. Онда порт қабырғаларының қалдығы, амфитеатр, Адриан аркасына апарушы жолдар, акрополь және қираған су құбырлары, базар алаңдары бар. Кейбір аңыздарда осында Александр Македонский жерленген делінеді. Осы аймақта сонымен қатар тағы бір көне б.з.д. ІІІ ғ. Олимпос қаласы ескерткіші бар. Қала Гефест құдайына табынушы орталық болған.

Фетихе (Термесос, Жарық қаласы) өзінің әдемі жағажайы, қайнаған базары мен субтропикалық өсімдіктерімен әйгілі.

Яхтамен 12 аралды немесе Қарақшылар аралы мен Клеопатра аралына саяхат жасауыңызға болады.

Қызықты Дальян – Жерорта теңізіндегі тасбақалар сақталған мекендердің бірі. Фетихенің шеткі жағында көптеген қонақүй мен клубтар көптеген біріктірілген жүйемен әдемі, сәнді орналасқан.

Аланья – б.з.д. ІV ғ. негізі қаланған қала. Аланьяның ең басты көрікті орны – тау басында орналасқан византиялық қамал. 29 м-дей биікте қызыл мұнара сақталған. Алания сонымен қатар, құпияға толы үңгірлерімен де әйгілі мысалы, қиял-ғажайып Дамлаташ үңгірі.

Мармарис елдегі ең жақсы теңіз курорттарының бірі, Эгей және Жерорта теңіздерінің шекараларында орналасқан. Туристер жиі келеді, балық аулау ісі дамыған, дегенмен аралдың жарты бөлігі табиғи көріктілігін сақтап қалу мақсатында жабық жағдайда болды. Аталған көне қала ІІ ғасырда Осман империясында салынған. Ол қазіргі кезде керуен-сарайлар, сауда орындары, көне қамалдар сақталған.

Кушадасы («Құсты арал») – аттас бұғаздың ортасында орналасқан. Ең басты көрікті орны – Гюверджинде ("Көгілдір арал") орналасқан генуэздік Кючюкада Калеси қамалы. Негізгі қаланың тартымдылығы болып тым әдемі таиғаты, таза теңіз, тамаша туристік кешен, көптеген барлар және сансыз дүкендер, балық мейрамханалары барлығы туристер үшін өте қолайлы атмосфера. Осы жерден саяхатқа Эфес, Дидим, Приен және Памуккалға аттануға болады.

Памуккале («мақта қамалы» – елдегі ғажайыптардың бірі. Бұл жер минералды су мен тұзды жер болып саналады, себебі мұнда жоғары концентрациялы кальции қышқылы үлкен ақ қардай Тавра жолын құрастырды. Минералды сулар ағысы жоғарыдан құлай ағып ақ тас пен тұзды жарып табиғи ванналар мен хауыздар жасалған. Су температурасы +40ºС. Судың шипалы қасиеті сонау антикалық кезеңнен ақ белгілі болған. Памуккалемен қатар, Лаодикия қаласы болды, кейіннен сол қаланың орнына «қасиетті қала» Иераполис салынды. Ондағы римдік театр (б.з.д. ІІ ғ.) 25 мың көрерменге арналған, сонымен қатар Терм кешенінде аңыз бойынша Клеопатраның өзі шомылған, Апаллон ғибадатханасы (б.з.д. ІІІ ғ.), қасиетті Филипп Мартириум (б.з.д. V ғ. басы) және монументті Домициан Арка қақпасы (б.з.д. І ғ.) сақталған. Иераполис қорымы – 2 шақырымға созылған Түркиядағы ең үлкен қабірлер қорымы. Антикалық театр қазіргі кездегідей бұрынғы Памуккале фестивалі кезінде де қолданылған.

Бодрум – көне Галикарнас (б.зд. 200 ж.) Түркияның оңтүстік-батысындағы Эгей теңізінің жағасында орналасқан қала атақты тарихшы Геродоттың отаны саналады. Оның тарихы көптеген соғыстар мен көтеріліс, басшылардың ауысуы, құлдырауы мен дамуы және көптеген өзгерістерге толы болды. Антикалық дәуір кезінде мұнда парсы билеушісі Мавсол үлкен мавзолей тұрғызды және ол әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналды (қазір бұл жерде қызықты мұражай орналастырылған).

Бурса – Осман мемлекетінің б.з.д. ІІ ғ. Пурса атауымен құрылған алғашқы астанасы. Бұл қала ашық аспан астындағы ескерткіштерімен ерекшеленеді. Негізгі көрікті орындары – әдемі жасыл және қайың тастарымен әшекейленген жасыл мавзолей (Йесил Тюрбе), ақ мәрмәрлі жасыл мешіт (Йесил Джами), қаладағы ең көне мешіт – Орхан Гази Джами (1336 ж.), Бейазит мешіті (Йилдидим Бейазит Джами, 1391 ж.) және Осман сұлтандары жерленген Мурадийе мавзолейі орналасқан. Осылардың барлығы өткен тарихтан сыр шертіп қана қоймай, әлемнің туристерін де мол қызыққа бөлеп келеді.

 

Кипр

 

Кипр аралы – Жерорта теңізінің ең ірі аралдарының бірі. Қазір арал 2 бөлікке бөлінеді: оңтүстік грек – кипр бөлігі – Кипр мемлекеті және солтүстік түрік бөлігі – Солтүстік Кипр Түркия республикасы. Бұл оқиға 1974 ж. Түрік армиясының аралға орналасуынан кейін басталды.

Кипр Республикасы. Кипр (гректің «кипарис» сөзінен шыққан). Мемлекет аумағы 7,0 мың шаршы шақырым, халқының саны 710 мың адам. Астанасы – Никосия (170 мың тұрғыны бар). Ең биік нүктесі – Троодог тауында (1952 м). Климаты жерортатеңіздік, жазы ыстық және құрғақ, қысы жұмсақ және жаңбырлы. Саяхаттаушылар үшін негізгі демалау уақыты – көктем. Аралдағы биік таулы әсем көріністер, керемет жағажайлары, ежелгі мәдениет ескерткіштері, жерортатеңіздік жұмсақ климатты жазықтар мен жағалаулар (орташа температурасы қаңтарда +9ºС-ден +15ºС-ге дейін, тамызда +26ºС-тан +28ºС-қа дейін) демалуға жақсы жағдай жасайды.

Негізгі көрікті жерлері. Табиғи: теңіздік жағажайлар. Теңіздік демалыс орталықтары (курорттары): Лимасол, Ларнака, Айя-Напа, Протарас, Пафос. Мәдени орындар: Селима мешіті (1209-1325) – бұрынғы Әулие София соборы; Әулие Иоанна соборы; Кипр тарихи мұражайы; халықаралық өнер мұражайы; Византиялық мұражай. Лимасолда Колосси мұнараларының қалдығы, микендік Курион колониясының қалдықтары, финикиялық Аматус қаласының қалдығы, король Ричард Львиное Сердце және Беренгария некелескен венеция қамалдары, Пафоста Аполлон табыну орындарының қалдықтары, XVI ғ. қамалы, «Одеон» театры (б.з.д II ғ.), Әулие Павелдің колониясы, Ларнака ежелгі Китиона қаласының қалдықтары, Әулие Лазаря шіркеуі, Сұлтан Халла мұнарасы, форт (XVII ғ.), монастырлардан Киккос (XII ғ. негізі қаланған); Троодитисса (XIII ғ.); Ставровун сақталған.

Аралдағы археологиялық құрылыстар – бұл аралдың б.з.д. 5800 жыл бұрын да тұрғындардың мекендегенін білдіреді. Қазіргі кезде Кипр Республикасы тұрғындарының көпшілігі гректер, олар б.з.д XVI ғ. бері осы аймақта қоныстанған. Соңғы ғасырларда аралға египеттіктер, ассириялықтар, римдіктер, парсылар, венециялықтар, арабтар, крест тасушылар да келіп қоныстана бастады.

Никосия – мемлекет астанасы – туристердің келетін басты орталығы. Қала аралдың орталық бөлігінде Пидиас өзенінің жағалауында орналасқан. Одан 8 шақырым қашықтықта халықаралық әуе желілік әуежай орналасқан. Қала ескі және жаңа болып 2-ге бөлінеді. Ең ежелгі құрылыс Никосидің орталығындағы 11 мұнарамен қоршалған ескі қатты қамал. Ол қамалды Кипрдің Венеция республикасының қарамағында болған уақытта салынған құрылыс. Ескі көгілдір алаңды қамал ешқашан құламайтындай, енді ол орында ескі қала мен жаңа қаланың аралығын байланыстырып тұрған бақ құрылған. Никосинде мемлекеттегі маңызды театр жұмыс істейді. Кипрдегі мұражайдан бағалы экспонаттарды көруге болады, олар б.з.д. бірнеше мыңдаған жылдардағы ежелгі өркениеттің айғағы ретінде сақталған. Экспонаттардың көбі еңбек құралдары, б.э. VI мың ғасырдағы антикалық мәдениетке және т.б. сәйкес келеді. Көптеген тарихи-архитектуралық ескерткіштер Ларнака, Пафос қалаларында сақталған.

 

 

 

Кипр Республикасында туризм жоғары дамыған. 1991 ж. бұл мемлекет 1385 мың адам, ал 1995 ж. – 2100 мың адамды қабылдаған. Негізгі туристер құрамы Еуропадан 85% (1996 ж.), келушілердің көп бөлігі ұшақпен келетін демалушылар. Туризмнен түсетін пайда 1991 ж. - 1,026 млн. доллар, 1995 ж. – 1,783 млн. доллар, ал 1996 ж. – 1670 млн. долларға дейін жеткен. Қазір одан жоғары.

 

Date: 2015-06-07; view: 3216; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию