Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Марокко





 

Марокко ауданы: 446 600 шаршы шақырым. Астанасы – Рабат қаласы. Марокко қалалары: Касабланка, Марракеш, Фес, Уджда Агадир, Кенитра, Мекнес. Мемлекеттiк құрылымы: конституциялық монархия. Ақша бірлігі – дирхам. Халқы: 30, 6 млн. адам. Мемлекеттiк тiлі – араб (мемлекеттiк), бербер диалекттерi, француз, испан. Дiні – ислам (мемлекеттiк дiнi), христиан, иудаизм.

Ежелгi замандарда қазiргi Марокконың аумағында көшпелi тайпалар берберлер қоныстанған. Б.з. I ғ. Марокко римдiктердiң қол астында, 400 жылдан кейiн вандалдардың билігіне, ал VI- VII ғ. Византияға бағынды. VII-VIII ғ. Марокконы арабтар жаулап алғанда жергiлiктi халық исламғабет бұрып, араб тіліне көшті. Кез-келген дәуiрде Марокко аумағына Испания, Франция және Германия таласты. 1956 ж. ел өзінің тәуелсiздiгін алды, бір жылдан кейін сұлтандықтан хандыққа өзгерді.

Агадир – Марокконың ең ірі курорты, жан-жақты, Магрибте Марокко демалысы бар, Касабланка – керемет, таңғажайып декорациясы бар қала.

Марокко хандығы Еуропа және Африка екi континенттерінің тоғысқан жерiнде орналасқан. Марокконы Гибралтар бұғазынан Испания жағалаулары (ені 14 шақырым) бөліп жатыр. Солтүстігінде бір-біріне іргелес жатқан жасыл таулар, жарлы жартастар мен құмдақ жағажайлар Сахара шөлінің жер бедеріне қарама-қарсы болып келеді.

Марокконың географиялық жағдайы. Марокко Африканың солтүстiк-батыс бөлiгiнде орналасып, Жерорта теңiзі мен Атлант мұхитының сулары шайып жатыр, ал құрлықта Алжирмен және Батыс Сахарамен шектеседі. Солтүстік жағалауында Сеута және Мелилья екі испандық анклавы бар. Марокко – таулы ел, жазықты жерлері тек жағалау жиектерінде ғана бар. Жерорта теңiз жағалауынан солтүстiк-шығысқа қарай Эр-Риф әктас тауы, ал оңтүстiк-батыстан солтүстiк-шығысқа қарай Атлас тауының үш жотасы: Тубкаль (4165 м) биік шыңымен Үлкен Атлас, Орта Атлас және Антиатлас таулары созылып жатыр. Таудың оңтүстiгінде Алжир таулы үстiртiне және Батыс Сахараға қарай ұласады. Солтүстiк-батыста Марокка Месета жазығы созылып жатыр.

Марокко климаты. Мароккода Атлант жағалауында теңiздің ыстық, құрғақ жазы мен дымқыл, жұмсақ қысы, солтүстiгінде – жерортатеңiздiк, құрлық ортасында континенттілігімен ерекшеленетін субтропикалық ауа райы тән. Ылғалдылық негiзiнде қыста түседі. Суық Канар ағысының ықпалы Атлант жиек жағалауында сезіледі. Оңтүстiкке қарай ауа райы құрғақтайды. Рабат қаласында қаңтардың орташа температурасы 13°С болса, шілдеде 33°С-ты құрайды. Сахарада термометр көрсеткіші жиі 50°С-тан асқанын көрсетеді. Солтүстігінде және батысында өзендер тұрақты ағын сумен ағады. Ең ұзыны – Жерорта теңiзіне келіп құйылатын Мулуя өзені. Оңтүстігінде және шығысында жаз айында өзендер құрғап қалады.

Марокко шөлдерi. Марокко жер бедерi шөлді. Құмдар мен тастар арасында құрма пальмалары өсетiн, сирек көгалдар бар. Тауларда самырсын және емен ормандары, арша, боз арша, сонымен бiрге жергiлiктi эндемик – аргания ("Темiр ағашы") өседі. Бұталы өсiмдiк тоғайлар маквистер таралған. Елдегі жануарлар жерорта теңiздiк фауна өкiлдерiне жатады. Шөлдерде газалы доркас, маймыл және фенектер, үстірттерде жабайы қойлар бар.

 

 

Халқы және экономикасы. Марокко фосфоритті өндіруден және экспорттаудан әлемде алдыңғы қатарлы орында. Сонымен бiрге елде марганец, кобальт, уран және қалайы кенi мен тас көмiрдi өндіру жұмыстары жүруде. Фосфордың мол қорынан химия өнеркәсібі жылдам қарқындылықпен дамуда. Тоқыма, терi және тамақ салалары дамыған. Бастапқы экономика секторы – ауыл шаруашылығы. Суармалы жерлерде өрiк, зәйтүн, жүгерi және цитрустар өсiріледi. Тұрғындар көшпелі мал шаруашылығы және балық шаруашылығымен айналысады. Марокко сардина консервілерін өндіруде әлем жетекшiлерінің бiрi. Елдің iрi порттары – Сафи, Мохаммедия және Агадир. Марокконың солтүстiк-батысы өте тығыз қоныстанған. Атлантика жағалауындағы өнеркәсiп аймағында халықтың 40% тұрады.

Марокконың көрнекті орындары. Елдің жергiлiктi тұрғындары – көшпелi берберлер Атлас тауының жартастарындағы ауылдарда өмір сүредi және ескi салттарды ұқыпты сақтайды. Олардың мәдениетi әлемнiң түкпір-түкпіріндегі туристерді өзіне еліктіреді, ал туризм экономикада маңызды рөл атқарады. Шетелдiк қонақтар таңғажайып тек мәдени орындарын ғана емес, сонымен бірге демалыс және су спортымен айналысатын орындарды да көре алады. Марокконың назар аударар жерлерінің ішінде тарих інжулеріне: ескі қаладан бастап қазіргі шығыс базарларына дейін Марракеш қаласы өзіне туристерді қызықтырады; Фес және аңызға айналған Медина, сонымен қатар классикалық араб архитектурасы негізінде салынған Хан сарайы; Касабланка – ең iрi Марокко мегаполисы, Атлант мұхит жағалауында 1993 ж. II Хасанның құрметіне мешіт бой көтерді. Әлемдегі ең биiк мұнараның биіктігі – 175 м., лазер сәулесi Мекке орналасқан бағытын көрсетедi. Мұсылман ғибадатханасы испан-мавритандық үлгіде және оған 3000-дай адам сыя алады. Бұл басқа дiн өкілдеріне кiруге рұхсат етілген жалғыз Марокко мешiті.

Марокко Атланта жағалауының керемет жағажайларымен, Жерорта теңізі жағасының құзды жартастарымен, бал қарағайлы ормандармен, мәңгі жасыл емен ағаштарымен қоршалған Жоғарғы Атлас қарлы шыңдарымен, тамаша тау өзендерінің шатқалдарымен, көптеген мәдениет ескерткіштерімен, жергілікті халықтың ғасырлық дәстүрлерімен, сонымен бірге жергілікті ұсталар жұмысының керемет базарлықтарымен жылда 2 млн-дай туристерді қызықтырады.

Рабат – елдiң саяси өмiрiнiң орталығы, ханның резиденциясы, iрi араб мәдениетi мен бiлiм беру орталығының бiрi. Ежелгi рим қаласы Саланың орнына XII-XIII ғ. салынды. Қала архитектурасы Мавританияның дәстүрлi элементтерімен және де жер бедерімен керемет үйлесім тапқан, сонымен қатар қазіргі бағытқа ұқсас. Ал бұл ақшыл-көк қалаға қайталанбас ерекше көрініс береді. Мұнда жүздеген қызықты орындар – "ескi қала" ("Медина"), Касба Удайя бекiнiсі (X-XII ғ.), Үлкен мешiт (XII ғ.), Джемаа көшесінде орналасқан ең ескі мешiт (1150 ж., XVIII ғ. қайта жасақталды), Мулай-әл-Мекке, Мулай-Слиман (1812 жыл), әл-Фас мешіттері және т.б. Якуб аль-Мансур мешiт қалдығы (1196 ж. шығыстың ең үлкен мешіті, ауданы – 2,5 га, 19 зал, 14 қақпа, 400 бағаналар) Хасани мұнарасымен (44 м) бірге, ескі қабырғалар мен Шеллах қорымындағы ғажап бұлақ көзі, ІV Мухаммед пен ІІ Хасан зираттары бар кесенелер, Хан сарайы (1864 ж.) бар.

Қалада антика мұражайы, мароккалық өнер мұражайы, археология мұражайы, XVII ғ. соңындағы этнографиялық мұражай (халық қолөнерлерiнiң мұражайы), Баб-Руах қақпасының көркемсурет галереясы ("жел қақпасы"), тарих мұражайы, бiртума пошта мұражайы және т.б. көптеген мұражайлар бар.

Марокко астанасы б.з.б. III ғ. қоныстанған көне Рабат қаласы. Ескі қала аумағынан тек жеміс-жидектер ғана емес, қолдан тоқылған кілемдер, жергілікті шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар қойылған көне шығыс сауда-саттық орындары мен терезелері аулаға қараған дәстүрлі араб тұрғын үйлерін көруге болады. Марокко астанасының бір бөлігі болып келетін көне Шеллах туристерді қызықтыратын айрықша қала. Қала аумағында 144 жылы салынған қорғаныс қамалдар сақталған. Мұнда Абу Хасан мавзолейі, зәулім мұнара мен қаланың қираған орын бар. Рабаттың тарихи орталығында орта ғасырларда құрылысы басталған Косба Удайя қорғаныс қамалы орналасқан. Қамал қабырғалары бес қақпалы және дұрыс емес төртбұрышты болып қаланған. Рабат қаласының ескі бөлігінің танымал архитектуралық ескеркіштері IV ғ. жататын Үлкен мешіт құрылысы, XII ғ. соңында аяқталған өзінің аспандатылған мұнараларымен Хасан мұнарасы аталған Хасан мешіті және XVIII ғ патша сарайы. Бұлармен қоса қорғаныс қақпасы, Андалуис бақшасы да көз тартады. Қаланың бұл аймағынды XX ғ орта шегінде салынған таңғажайып құрылыстар V Мұхаммед мешіті мен мавзолейі орналасқан. Қала аумағында көпшіліктін қызығушылығын тудыратын Марокко өнер мұражайы, Ұлттық мұражай, Ұлттық өнер мұражайы ашылған.

Касабланка – Марокконың ғана емес, Солтүстік Африканың ең әйгілі курорты. Мұнда жағажайлық демалысты көрікті орындарды тамашалаумен түйістіруге болады. Көрікті орындарына II Хасан мешіті, көне архитектура үлгісі болып табылатын Маһакma du Pacha ғимараты, Нотр Дам де Лурде католик шіркеуі, Патша сарайы, Махама ду паша әділет сарайы, әл-Ханк мүйісіндегі бағдаршырақты айтуға болады. V Мұхаммет алаңындағы андалуз үлгісіндегі ғимарат пен көне сағаты бар мұнара ерекше көз тартады. Сағатты мұнара қаланың солтүстігіндегі Біріккен Ұлттар алаңында да бар, ал егіз мұнаралар қаланың қазіргі символы болып келеді. Касабланкада бұрын өте тар, ең кең дегенде ені 3 м-дей болатын көшелері бар қаланың ескі бөлігі Мадинада серуендеуге болады. Жергілікті халықтың дүниетанымы мен ділін қаланың рухын шығыс Касабланка базарларынан білінеді, бірақ нағыз әлемдік туристерді қызықтырушы маржан жағажайлар.

Фес VII ғимараттар Шығыс, антик, византия архитектурасының бірігуімен қаланған көне Марокко қаласы. Қала аумағы әртүрлі кезеңде қалыптасқан үш ауданнан тұрады. Фес қаласының ең көне ауданы қорғаныс қамалдармен қорғалған. Қазірде әлемдік ЮНЕСКО қорғауына алынған архитектуралық ескерткіш орналасқан әл-Бали ауданы. Бұл ауданда IX ғ. Карауин мешіті, Фес әл Джадида қорғаныс қамалы, Бу Инания мен Ат тарин көне медреселер құрылысы сақталған. IX ғ. салынған Караулин мұсылман университеті қанша жүзжылдық кезең өтсе де өз студенттерін діни қайраткер болуға үйретуде. Ал Марокко өнер мұражайында қойылған экспонаттардан туристерге көне Марокко қолөнері мен жергілікті шеберлердің бұйымдарын тамашалауға болады. Қаланың көрікті орындарына Меренид қабірлерімен Боуджелоуд бақшасын жатқызамыз. Қаланың XIII ғ. қаланған көптеген архитектуралық ескерткіштер сақталған ауданы Фес-Джидид. Ауданда сонымен қатар Эмира сарайы мен еврей ұлтының мекендеуге құқылы болған жалғыз орны еврей кварталы болған Жаңа Фес ауданы XX ғ. салына бастаған, ал құрылыс жоспары еуропалық қалаларға ұқсас. XI ғ. қаланған Маррокеш қаласында ең көне Джамаа Эль-Фна алаңын, Бахия сарайын, Каттубия мешітін, Жүсіп мавзолейін, Лагдаль мен Мажорель бақшасын, Алтын алма мешітін көре аламыз.

Cафи – финикиялықтар кезінде қаланған көне мароккалық қала. Қаланы аралай жүріп мавритан үлгісіндегі ғимараттарды көреміз. Сафи қаласының көрікті орындарына жер асты әулие Екатерина сағаты (1519 ж. салынған). Теңіз құлыбы Карс Эль-Бар әлі де әлем туристерін таңқалдыруда. Ал көне сауда саттық орындарының биік қабырғалары араб үлгісінде сақталған. Көне Кехла қамалында қыш мұражайы орналасқан, ал қаладағы қыш шеберлері мекендеген ауданда гончар тауы әлі де сақталған. Сафиядағы марокколық әйгілі курорттар Агадир, Шемшия, Сан Джуманс, Бей.

Бу-Регрег өзенінің басқа жағалауында ежелгі Сале қаласы орналасқан. Мұнда Үлкен мешіт, медресе (1333 ж.) және өткелдер мен лабиринт тәрізді тар көшелерін қоршаған әйгілі қажылық орны Сиди Абдаллах бен Хассун мұсылман шіркеуі басты көрнекі жер болып саналады. Рабадтан солтүстікке қарай 13 шақырым қашықтықта 1951 ж. М. Франсуа французымен талқандалған бақтар бар. Осы бақта жаһандағы 1500 түр өсімдіктерінің барлық түрі өседі. Астанадан оңтүстікке қарай 9 шақырым қашықтықта керемет ұлттық хайуанаттар бағы созылып жатыр.

Марракеш – елдiң ең әйгiлi туристiк аудандарының бiрi. Қала бiр-бiрiнен ерекшелінген екi бөлікке бөлінген – Медина тарихи ауданы және Гелиз тұрғын ауданы. Үлкен мұнаралармен қоршалған, биіктігі 77 м және Джема-эль-Фна алаңы Марракештің орталығы болып саналады. Қаланың өте қызықты нысандар қатарына Марракешті қалаған Юсуф бен Ташфин кесенесі жатады. Оның артында касбаға Алтын алмалар мешіті (Касба мешіті) және Саадид әулиетінің зираттарына жол ашатын тамаша қақпалар орналасқан. Баб-Герим (XVI ғ.) қақпа, Эль-Бади қираған үйінділер қалдықтары, Бен-Юсуф, Кубба-аль-Баадийн (XII ғ.) медресе мен мешіттер, қызықты «еврей кварталы» бар. Миллада жинақталған базарлар мен синагог Дар-әл-Гдауи сарайы, Сиди-Абд-аль-Азиза, Сиди-бель-Аббас (1605 ж., танымал қажылық орындарының бірі) және Сиди Слимана аль-Джазули завийасы, Сиди ас-Сухейли (жеті марракеш әулиелерінің бірі) кесенесі, Муасин бұрқағы (Марракеште ең үлкен бұрқақ 1570 ж.), Бахия сарайы («сұлу сарайы» 1880-87 ж.), Баб-Фальктен, Баб-әл-Кемис, Баб-әл-Нкоб («жасырын есік»), Баб-Дждид, Баб-Сиди-Рхарб, Баб-Тагзут қақпалары танымал. Дар-Эль-Махзен хан сарайына баруға болады. Қазір онда ханның ресми резиденциясы (кіруге болмайды) бар, Дар-Эс-Саид сарайы (ХІХ ғ., қазір мұнда әдемі өнер мұражайы), Эшроб-у-Шуф бұрқағы (ішіп таңғал), Менара бағы, әл-Apгyac, Баб-Дуккала, Муасин (1573 ж.) мешіттері танымал.

Марракеш базарлары ("сук") – 830–2000-ге дейін ашық тұратын, елдің ұнамымен және дәстүрімен таныстыратын, жергілікті ұсталардың бұйымдарымен және көптеген арзан базарлықтарды алуға болатын көрнекті орындар қатарына жатады. Барлық базар кварталдары Джема-әл-Фна ауданда, Кимахин музыканттар базары өзімен аттас қақпаның әр жағындағы Баб-Дуккала көшесінде, тәтті тағамдар Рабах Кедима ауданына жақын маңда орналасқан. Сонымен бірге бояушылар, мыс, ағаш шеберлері, зергерлер мен әл-Кебир, Шуари, Кшешбия, Хададин (ұсталық), Шрайтин (былғары), Смата (аяқ киім тігуші), әл-Хана, Симарин, Атарин, Рабия (кілем базары), әл-Маази (ешкі терісінің бұйымдары базары), әл-Бтана (қой терісінің бұйымдары базары), Ларзаль (жүн), Знект Рахбадағы көкіністер мен жемістер базары, "Аладдин шамы" антиквариат базарлары қызықты.

Агадирден 173 шақырымдай солтүстіктегі жағада сұлу бекініс-порт Эс-Сувейра ("бекініс"), шетте «қарақшылар» астанасы Могадор, ХХ ғ. 60-70жж. әлемдік хиппи және богемдердің орны, қазірде виндсерфингстер мен дайверлер меккесі, танымал Джимми Хендрикс орналасқан. Қалада көптеген тарихи ескерткіштерімен қатар бұрынғы паша резиденциясы (қазірде орынында Сиди Мұхаммет бен Абдолла мұражайы орналасқан), мавритан тұрпатындағы үйлер мен көшелер, қабырға қамал, әл-Бермиль және әл-Баруд бастионы, кішігірім ағашты Теңіз қақпалары (1769 ж.), Баб-әл-Себаа ("Арыстанның қақпалары"), Эс-Сувейра порты, сонымен қатар әрине көптеген сауда-саттық орындарын тамашалай аламыз. Марокканың өнер орталығы болып қамал қабырғаларында Фредерик Дамгаарда мен "Отелло" галереялары ұйымдастырылған Эс-Сувейра саналады. Қала айналасын Пурпур аралдары мен Могадор аралы, Дар-Султан ("Құмды қамал", XVIII ғ. соңы), Сиди-Кауктағы "марабу" (қабір үстіндегі мешіт), Сиди-Харраз жағажайы мен көптеген берберлер тұрақтары саналады. Шөлді аудан шекарасында Сус даласынан Тафилалет оазисіне, Урика даласынан Тизин´Тестаға дейін елді айнала өтетін нағыз "берберлер белдеуі" арқылы олардың архитектурасы, салт-дәстүрлерімен танысуға болады. Азиф-Айт училищесі, Тистулт қазаншұнқыры, Варзазат, Сук Джема Гхмат, Гравюр Репестр ұлттық саябағының батысындағы Укаймеден (қазірде Афркадағы ірі тау шаңғы курорты), Тамеслот, Танаут, Уйгандағы көне тұзды жасандылар, Альмохадов династиясының отаны – Касба Тинмель, Глауи бекінісі мен көптеген қоныстар бар.

Мемлекеттің треккинг маршруттарының көп салалы болуына Атлас тауының әсері мол. Бұл орайда Тубкаль (Мароккодағы ең биік тау, 4 167 м), Имлиль, Укаймеден, Рас Н'ванкорим, Бу-Регрег, Тессаут, Агхбалу, Сиди-Амандар, Ассака тауларының, Сагхро таулы ауданының үлесі жоғары. Тубкаль және Теззека ұлттық саябақтарын қызықтауға болады.

Марокко туристік көзқарас бойынша, Африкадағы туристерді қызықтыратын ел болып табылады. Мифтік Магрибтің мұрагері, т.б. тарихи-мәдени өзіндік ерекше ескерткіштерін сақтап қалған.

Мароккоға келетін туристер саны соңғы жылдары төмендеді. Олардың негізгі келетін аймағы Еуропа (1342 мың адам), оның ішінде ұшақпен (1277 мың адам) және теңізбен (1021 мың адам) келеді. Туризмнен түсетін түсім 1995 ж. 1163 млн долларды, 1996 ж. 1381 млн-дай долларды құрады.

 

Date: 2015-06-07; view: 2555; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию