Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Менеджердің іскерлік этикасы





Өндірісті басқару үрдісі тек техника, технология, экономикамен ғана емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі адамдардың моральдік-эстетикалық қарым-қатынас саласымен де байланысты болады.

Басқару этикасы – басқару жүйесі қызметкерінің басқару үрдісінде адамдармен қарым-қатынасындағы өзін ұстай білу ережелерінің жиынтығы.

Этика нормаларының қатыстық сипаты бар, яғни адамдардың қалыпты қылықтарының жағымды, жағымсыз жақтарын білу.

Этика адам мінез-құлқын қоғамдық бақылау нысаны болып саналады. Ілтипат, қарапайымдылық, шынайылық, еңбек адамына неғұрлым зор құрмет – бұл басқару этикасының негізгі теориялық сипаттамасы. Оларды басқарма қызметкерінің мінез-құлық мәдениетінен көруге болады, олар, ең алдымен, - сыпайылық, қарапайымдылық, дәлдік, жауапкершілік, жоғары кәсібишілік, табандылық, өнімділік өзара іс-әрекетте өзін қалай ұстаса, бағынысындағылармен ресми емес жағдайда өзін солай ұстауы керек.

Іскерлік қарым-қатынастың қалыптасуы өте күрделі. Оны нақты бір адам – директор, жұмысшы, шебер, жабдықтау жөніндегі маман және т.с.с. – орындайтын жұмыстың белгілі бір функционалдық міндеттерінен тікелей көруге болады. Бұл міндеттердің табысты орындалуы адамдардың жеке ерекшеліктеріне, олардың қызметінің ұйымдастырылу деңгейіне және еңбек ұжымындағы моральдік-психологиялық климатқа байланысты болып келеді. Бұл факторлардың барлығы бір-бірімен байланысты ғана емес, олардың бір-біріне әсері де бар.

Еңбек ұжымында іскерлік қарым-қатынастар құратын принциптерді қарастырайық:
- өз пікірін айту және бастамашылық;
- бірлік;
- ақпараттану;
- бағынысындағыларды бағалаудағы әділдік;
- еңбек пайдалылығын мойындау;
- құрмет.

Іскерлік қарым-қатынастар басқару қызметін атқару үрдісіндегі адамдардың өзара қарым-қатынастарына тікелей қатысты мінез-құлық нормаларына көңіл аударады. Олар қызметтік этика деп аталатын осы нормаларды сақтау маңыздылығын атап өтеді.

Басқару қызметкері үшін түрлі жеке және жалпы өндірістік міндеттерді шешуге жеке тұлғаны жұмылдыруда эстетикалық факторларды қолдану маңызды әрі өзекті болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпорын әкімшілігі станоктар мен жабдықтардың сыртқы қалпы, жұмыс киімі, цехтардың қабырғаларының түсіне, қызметкерлер мен басшылар жұмыс істейтін кабинеттердің жайлылығына, интерьеріне, демалыс бөлмесіне, сондай-ақ үй-жай мен ұйымға қарасты аймақты көріктендіріп, жасылдандыруға көп көңіл аударады. Еңбек өнімділігі, басқару әрекеттерінің нәтижелілігі осыған байланысты және эстетика саласына жатса да, бұлардың барлығының маңызы зор.

Менеджердің киімі мен сыртқы келбеті – басқару эстетикасының маңызды факторларының бірі. А.П. Чехов адам бойында барлығы да – келбеті, киім киісі, жаны және ойы да сұлу болу керек деген.

Қарапайым, әдемі, орынды және заманға сай киіне білу – адам мәдениетінің бір түрі. Басқарма қызметкерінің сыртқы келбетінің қарапайымдылығын және жақсы киім талғамын оның жалпы әрі кәсіби мәдениетінің басты компоненттерінің бірі деп санауға болады. Атап айтқанда, басшының сыртқы келбеті мен киім киісі айналасындағылардың оған деген қарым-қатынасын тудырады. Тек қана киімінің ғана емес, барлық сыртқы келбетінің (шаш қоюы, жүріс-тұрысы) ұқыптылығы оның ерекше сипаты болуы керек.

Этикеттің бірнеше түрі болады:

- сарайлық – монархтар сарайында бекітілген тәртіп пен қызмет көрсету түрлері;
- дипломатиялық – түрлі кездесулер, сөйлесулер кезінде қызметкерлер мен ресми тұлғалардың өздерін ұстау ережесі;
- әскери – әскерде тәртіп құратын жалпы ережелер мен нормалар жиынтығы;
- жалпы азаматтық (кеңестік) – азаматтар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде сақтайтын ережелер, дәстүрлер және шарттылықтар;
- іскерлік – іскерлік, қызметтік қарым-қатынас кезінде ережелер жиынтығы.

Ол іскер адамның кәсіби мінез-құлық моралінің ең маңызды жағы болып саналады.

Этикет талаптары, соның ішінде іскерлік этикет талаптары, тұрақты емес, олар уақытпен бірге өзгеріп отырады. Саналы ой ғана іскерлік этикет тәртіпті ұйымдастырып, сақтауға, уақытты үнемдеуге және басқа да саналы мақсаттарға жеткізетінін айтып өтеді.

Бостандық: іскерлік этикет ережелері мен нормалары болып, орындалып жатса да, олар бизнесте серіктестік таңдау еркіндігіне, тараптар арасындағы келісімнің орындалу әдісін таңдау еркіндігіне кедергі болмауы керек. Еркіндік, бостандық дегеніміз - ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерге, түрлі пікірлер мен көзқарастарға сабырлықпен қарау.

Әдептілік: іскерлік этикет мейірімділікке бағытталған және адал, әділ болуы керек.

Жайлылық: іскерлік этикет нормалары мен ережелері бизнестегі серіктестер үшін ыңғайлылық, жайлықты қамтамасыз етеді; олар іскер адамдарды ыңғайсыз жағдайда қалдырмауы керек, іскерлік қарым-қатынастардың дамуына кедергі болмауы қажет. Барлығы да – қызметтік кабинеттің жабдықталуы, киімдері, сөйлесулер жүргізу ережелері ыңғайлы болуы керек, яғни барлық қатысушылар да бірдей деңгейде жайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі.

Мақсаттылық: іскерлік этикеттің әрбір алғышарттары мақсаттарға қызмет етеді.Себебі іскерлік қарым-қатынастар (ашылу рәсімі, сөйлесулер, іскерлік әңгімелесулер және т.б.) түрлерінің нақты мақсаттары болады.

Үнемділігі:ұйымның хаттамалық бөлімінде «қол жетімді құн жетекшілік етуі керек, себебі іскерлік қатынастар этикасы ұйым үшін қымбатқа түспеуі керек.

Консерватизм: сенімділік, тұрақтылық, төзімділік – іскерлік әлеміндегі тартымды сипаттар. Киім киісіндегі, мінезіндегі консерватизм, дәстүрлерді ұстанушылық тиянақтылық және ұзақ мерзімділікті білдіреді.

Өзін еркін ұстау: этикет нормалары шынайы, онда қобалжу, алаңдаушылық болмайды, оңай қолданылады. Оларды сақтау үшін ешкімге қысым көрсетілмей, психологиялық мәжбүрлеу болмауы керек.

Жан-жақты болу: этикет нормалары іскерлік қатынастардың әр тараптарына бағытталады.

Тиімділік: іскерлік қарым-қатынастар стандарттары келісшарттардың орындалу мерзімінің қысқаруына, ұйымдағы дау-жанжалдардың азаюына ықпал етеді.

Дж. Ягердің іскерлік этикеттегі алты қағидасы
Этикет мінез-құлықтың сыртқы формаларын қалыптастыруды болжаса да, ішкі мәдениетсіз, этикалық нормаларды сақтаусыз іскерлік қатынастар құру мүмкін емес. Дж. Ягер өзінің «Іскерлік этикет» кітабында этикетпен байланысты әрбір проблема - мақтанқұмарлықтан бастап, сыйлықтар беруге дейінгі әрекет этикалық нормалардан шықпау шарт. Іскерлік этикетте мәдени мінез-құлықтар мен адамдарға құрметпен қарау ережелері сақталып отырады.

Дж. Ягер өзінің кітабында іскерлік этикеттің алты қағидасын жазған:
1) барлығы да уақытында орындалуы керек.Кешіккендік тек жұмысқа ғана кедергі келтірмейді, сонымен бірге адамға деген сенімді жоғалтады. «Уақытында» принципі есептерге және сізге берілген барлық тапсырмаларға да қатысты;

2) көп сөйлемеңіз. Бұл принциптің мәні – сіз ұйымның немесе нақты келісімнің құпияларын өз жеке басыңыздың құпиясы сияқты сақтауға міндеттісіз. Қызметтестеріңіз бен басшыларыңыздан естігендеріңізді немесе бағынысыңыздағылардың жеке өмірі туралы ешкімге тіс жармаңыз;

3) сыпайы, мейірімді, ашық жүзді болыңыз. Клиенттеріңіз, тапсырыс берушілеріңіз, сатып алушыларыңыз, қызметтестеріңіз немесе қол астындағыларыңыз сізге қалай тиссе де, сіз сыпайы, сабырлы болуыңыз керек;

4) өзіңізді ғана ойламаңыз, басқаларды да ойлаңыз. Тек клиенттер мен сатып алушыларға ғана емес, қызметтестеріңізге қол астындағыларыңызға да көңіл бөліңіз. Қол астындағыларыңыздың сын сөздері мен кеңестеріне құлақ салыңыз.

Сіздің жасаған жұмысыңызға біреу күмән келтірсе, бірден ашу шақырмаңыз, басқалардың сыны мен тәжірибелерін бағалайтыныңызды көрсетіңіз. Өзіңізге деген сенімді болсаңыз да, сыпайы, қарапайым болыңыз;

5) орынды киіну керек;
6) жақсы тілмен айтып, жазыңыз.

Іскерлік этикет мінез-құлық нормалары мен ережелерін ұзақ уақыт бойы іріктеу нәтижесі болып табылады, ол іскерлік қарым-қатынастардың табысты болуын қамтамасыз етеді. Іскерлік этикет ережелері, өзін ұстай білу мәдениеті әлемдегі барлық бизнесмендердің экономикалық және қаржылық мүдделерінің жақындасуына ықпал етеді.

 

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз.

2. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

 

Date: 2015-06-06; view: 2898; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию